Qazaqstandyq jańalyqtar

Қараша айының 21 жұлдызында Астана қаласында Республиканың тау-кен өндіруші және металлургия саласы үшін белді салалық іс-шара - Қазақстан тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің V съезі өткізіледі. V съездің тақырыбы ретінде ТМК мемлекеттікжәне әлеуметтік қолдау мәселесі белгіленіп отыр

ERG құрамына кіретін «Қазхром»ТҰК» АҚ жаңа балқыту цехының бірінші пешінде 20 тонна металл алынды. Сөйтіп өндіріс технологиясы және қуаттылығы жағынан әлемдік көшбасшы болып табылатын бірегей кәсіпорын іске қосылды

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ)» АҚ қорды түрлендіру бойынша бағдарлама әзірлеуде, онда мұнай химиясы, тау-кен секторы, машина жасау және басқа да бірқатар салалардың пайдасына жобаларды қаржылай қолдауға қаражатты қайта бөлу жоспарланған, деп хабарлады бүгін ҰӘҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қордың компаниялар тобының инвестициялық жобаларын жүзеге асыру бойынша кеңесте