Бейсенбі, 22 Мамыр 2014

Павлодар Облысының Әкімі Бозшакөлге сапармен барды

Бүгін  Павлодар  облысының  әкімі  Қанат  Бозымбаев  бұрынғы  кеңестік аумақтағы  ең  ірі  тау-кен жобасы саналатын Бозшакөл мыс кен орнында салынып жатқан тау-кен байыту кешенін аралап көрді. Аймақ  басшысына  еріп  жүрген  Қазақмыс  Тобының  Бас  басқарушы  директоры  Олег Новачук  атқарылып  жатқан  жұмыстардың  үдерісі  жайлы,  құрылыс  жоспарлары  мен  кеніште қолдануға дайын жаңа технологиялар туралы әңгімелеп берді.

 

Кен  орнындағы  құрылыс  жұмыстары  2012  жылдың  жаз  маусымында  басталған  болатын.  Бұл уақытқа  дейін  кеніштің  және  өзге  де  инфрақұрылымдардың  іргетастары  мен  металл конструкциялары тұрғызылды, үгіткіштер мен приводтар  жеткізілді, бетон жұмыстарының басым бөлігі  аяқталды,  негізгі  өндіріс  нысандары  салынып,  карьерлік  самосвалдар  мен экскаваторларды  жеткізу  жұмыстары  басталды.  Кен  байыту  фабрикасының  ғимараты  толық тұрғызылды әрі қапталды, электр монтаждау және құбыр төсеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жобаның басымдық берілген нысандарының бірі  –  тұрақты вахталық поселке. Ол 2014 жылдың екінші жарты  жылдығында  пайдалануға толығымен  дайын болады,  –  деп хабарлады Қазақмыс өкілдері  облыс  басшысына.  Өндірістік  қызметкерлер  құрамын  қоныстандыру  ісі  –  қыркүйек айына  жоспарланып  отырған  кен  орнын  пайдалануға  беруге  дайындықтың  ең  маңызды  сәті.

 

Кіреберіс автожолдар  мен теміржол  мемлекеттік  комиссияның тексеруіне дайын. Таяуда қуаты 220 кВ болатын электр тарату желісінің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

 

2013 жылдың желтоқсан айында кен байыту комбинатының құрылысы және оны  іске қосу  үшін екінші  негізгі  мердігер  ұйым  ретінде  Non  Ferrous  China  компаниясы  бекітілді.  Аталмыш компанияны  жұмылдыру  бұған  дейін  жоспарланғандай,  2015  жылға  қарай  кеніште  өндіріс басталатындығының қосымша кепілі болмақ.

 

Құны 2,2 млрд АҚШ доллары болатын,  Қазақстанның мыс индустриясын ұзақмерзімді дамытуға бағытталған  бірегей  тау-кен  жобасы  –  мемлекеттің  үдемелі  индустриялдық-инновациялық дамыту  бағдарламасына  кіреді.  2013  жылы  Қазақмыс  Бозшакөлге  шамамен  348  млн.АҚШ доллары  мөлшерінде  инвестиция  салды.  Ағымды  жылы  капиталдық  шығыстар  750-950  млн. АҚШ долларын құрайды.

 

Қысқаша анықтамалық ақпарат:

  Ашық тәсілмен жүргізілетін ірі ауқымды кен өндіру мен өңдеу – жылына 30 млн тонна

  Катодты теңгерімдегі мыстың жалпы өндірісі – 3 млн тоннадан астам

  Пайдалану мерзімі – 40 жылдан астам. Бастапқы 10 жыл ішінде жылына орта есеппен 100 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс алынады

  Ілеспе өнімдер 163,5 мың кг алтынды және 57 мың тонна молибденді қамтиды

  Толық пайдалануға берілген уақыттағы жұмыскерлердің болжамды саны – 1 500 адам

  Қолданыстағы инфрақұрылымға жақын орналасқан

Минеральдық ресурстар

Көлемі (млн тонн) 

Құрамындағы мыс (%)

Құрамындағы алтын (г/т)

Құрамындағы күміс (г/т)

Құрамындағы молибден (%)

1 173 

0,35  

0,14  

0,88  

0,004

Қазақмыс  - мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын халықаралық жетекші топ болып табылады.

Қазақмыс  -  Қазақстандағы  ең  ірі  мыс  өндіруші  және  әлемдегі  алдыңғы  қатарлы  мыс өндірушілердің  бірі.  Қазақмыстың  16  кеніші,  7  тау -кен  фабрикаcы  және  2  мыс  балқытушы өндірістік кешені бар, қазір олардың бірінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Мыс өндірісі кен өндіруден  бастап  мыс  катанкасын  және  катодты  мыс  түріндегі  дайын  өнім  шығаруға  дейін толықтай  интеграцияланған.  2013  жылы  меншікті  кеннен  294  мың  тонна  катодты  еңгерімдегі мыс өндірілді. Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі тасымалдарымен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген.

Kazakhmys  Mining  бөлімшесі  басқа  да  металдардың  ауқымды  көлемін,  соның  ішінде  мырыш, күміс және алтын өндіреді. 2013 жылы Қазақмыс 134 мың тонна мырыш концентратын өндірді. Топ әлемдегі ең ірі деген күміс өндірушілердің бірі - 2013 жылы 14 млн. унция күміс өндірді.

Kazakhmys Power бөлімшесінің  Kazakhmys Mining бөлімшесін электр энергиясымен  қамтамасыз етіп  отырған  және  үшінші  тарапқа  сатумен  айналысатын  ішкі  электрстанциялары  бар.  Ішкі электрстанциялардағы таза өндірілім 2013 жылы 5 723 ГВт құрады.

Қазақмыс  Тобының  құнды  қағаздары  Лондон  қор  биржасында,  Гонконг  қор  биржасы  мен Қазақстан қор биржасында айналымда. 2013 жылы Топтың ағымдағы қызметінен келген табысы 3,1 млрд. АҚШ долларын, ал Топтың EBITDA көрсеткіші 1,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Топта шамамен  56  000  адам  жұмыс  істейді,  басым  бөлігі  Қазақстан  азаматтары.  Қазақмыстың стратегиялық  мақсаты  –  өндірістік  активтерді  оңтайландыру,  өндірісті  ұлғайту  жөніндегі жобаларды  іске  асыру  және  де  Орталық  Азиядағы  ауқымды  табиғи  ресурстарды  игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге қатысу.

2014 жылдың ақпан айында Топ активтерінің тиімділігін арттыру мақсатында және ұзақ мерзімді табысты даму үшін ықтимал қайта ұйымдастыру шарасы туралы жариялады.