Жұма, 06 Маусым 2014

«Самұрық-Қазына» мұнай химиясы мен машина жасаудың пайдасына қаржылай қолдауды қайта бөледі - Ө.Шөкеев

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ)» АҚ қорды түрлендіру бойынша бағдарлама әзірлеуде, онда мұнай химиясы, тау-кен секторы, машина жасау және басқа да бірқатар салалардың пайдасына жобаларды қаржылай қолдауға қаражатты қайта бөлу жоспарланған, деп хабарлады бүгін ҰӘҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қордың компаниялар тобының инвестициялық жобаларын жүзеге асыру бойынша кеңесте

«Қор холдинг үшін бұған дейін дәстүрлі болып келген мұнай мен газ, көлік пен коммуникация, инфрақұрылым мен энергетика атом өндірісі сынды секторлардан қаражатты экономиканың енді дамып келе жатқан химия мен мұнай химиясы, құрылыс, тау-кен және машина жасау сынды салаларына қайта бөлу қамында маңызды шараларды қолға алды», - деді Ө. Шөкеев.

 
Ол сондай-ақ қазір ҰӘҚ түрлендірудің ауқымды бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Құжаттың негізгі мақсаты – мемлекет активтерін басқару мен бизнесті жүргізудің жаңа сатысына көтеріліп, қор компанияларының жаңа жоғары жетістіктерге жетуіне жол ашу.

 

Премьер Министр РК