Сенбі, 05 Шілде 2014

Жезқазған өңірі дамудың даңғыл жолына түсуі тиіс

Кешенді жоспар Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытаудың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоспақ. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков аймақтарға жасаған алғашқы жұмыс сапары барысында осылай деп мәлімдеді.

 

Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жаңа, өзектендірілген нұсқасының қабылдануы – жалпы Жезқазған өңірінің халқы үшін үлкен жетістік. Бұл мемлекет тарапынан өңірдегі мәселелерге көңіл бөлінуінің тағы бір дәлелі. Кешенді жоспарды іске асыру жергілікті экономиканы әртараптандырып, кәсіпорындарға тәуелділікті төмендетуге, жаңа зәкірлі жобалар мен жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жаңа серпін беріледі.

 

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі «Қазақмыс Корпорацияы» ЖШС-іне қарасты «Жезказганцветмет» тау-кен орнының жұмыс барысымен танысты.

 

Сонан соң аймақ басшысы Весовая, Крестовский елдімекендеріне барып, Жазқазған ауылында орналасқан геологиялық барлау нысаныпен танысты.

 

Сәтпаевта салынып жатқан жаңа тұрғын үй - әкімнің басты назарында болды. Аталған тұрғын үйге Жезқазған кентінің тұрғындары көшірілмек. 35 пәтері бар, жалпы аумағы 2150 шаршы метр құрайтын тұрғын үйдің құрылыс құны 172 млн теңгені құрайды. Алғашқы тұрғындар тамыз айында көшіп келеді деп жоспарлануда.

 

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Жезқазған өңірінің тұрғындарымен кездесті. Жұртшылықтың көкейінде жүрген өзекті сұрақтарға жауап берді.

 

- Бүгін сіздермен кездесу үшін Жезқазғанға арнайы келіп отырмын. Қарағанды облысының әкімі ретінде – алғашқы жұмыс сапарымды Жезқазған өңірінен бастауым тегін емес. Себебі бұл өңір – Қарағанды облысының өндірістік әлеуетінің арта түсуіне ерекше әсер ететін ірі орталықтарының бірі. Өздеріңіз білетіндей, кейінгі жылдары Жезқазған өңірін дамытуға облыс көлемінде ғана емес, республика деңгейінде де ерекше көңіл бөлінуде.

 

Елбасымыздың тапсырмасы бойынша қабылданған Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру – барлығымыз үшін аса маңызды.

 

Ағымдағы жылы 60 жылдығын атап өтетін Жезқазған қаласы дамудың даңғыл жолына түсуі тиіс,-деді облыс әкімі Н.Әбдібеков.

 

Содан кейін облыс әкімі ЖШС «Қазақмыс Смэлтинг» мыс балқыту зауытына барды. Ол қайта жөндеуден өту үшін қазір уақытша жөндеуде тұр.

 

Аймақ басшысы Жезқазған қаласында орналасқан «Қазақмыс Энерджи»-не барып, алдағы жылу кезеңіне дайындық барысымен танысты.

 

Сонымен қатар облыс әкімі «Қазтехфильтр» ЖШС-нде болды. Аталған кәсіпорын қоғамдық көліктерге арналған бөлшектер өндірумен айналысады. Жалпы құны 463,7 мле теңгені құрайды. Шыққан өнім Қазақстан, Өзбекстан, Ресей елдерінеде жеткізіліп отыратын болады.

 

Жұмыс сапары соңында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің төрағалығымен актив жиыны өткізілді.

 

- Жезқазған аймағы - келешегі кемел өңір. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын әркез өзінің жіті назарында ұстап отыр. Жезқазған аймағын дамыту жөніндегі кешенді жоспары мінсіз жүзеге асуы тиіс,-деп қадап айтты аймақ басшысы.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі