Жұма, 11 Желтоқсан 2015

Kaz Minerals Тобының Бозшакөл жобасындағы ілгерілеу туралы соңғы ақпарат

KAZ Minerals Тобы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін телекөпірге атсалысатындығы туралы хабарлайды. Тікелей эфирде республиканың түрлі өңірлеріндегі бірқатар маңызды өнеркәсіптік жобаларды іске қосу жоспарланған. Трансляция барысында компания басшылығы Бозшакөл жобасының қазіргі жағдайы туралы баяндайды.

 

Павлодар облысындағы Бозшакөл мыс кен орнында құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Әлемдегі игерілмеген ең ірі мыс кен орындарының бірі - Бозшакөлдегі құрылыс 2012 жылы басталды. Бүгін мұнда іске қосу-реттеу жұмыстары, соның ішінде бастапқы үгіту қондырғысына және конвейерге сульфидті кен жіберу жұмыстары басталады. Әлемдегі ең ірі саналатын шарлы диірмендер мен ауқымы бойынша екінші саналатын жартылай өздігінен ұсату диірменнің сынақтары өткізілуде.

 

Бозшакөлдегі мыс концентратының өндірісін 2016 жылдың қаңтар айында бастау жоспарланды.

 

KAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Біз қысқа мерзімнің ішінде өнімділігі жоғары әлемдік деңгейдегі заманауи тау-кен кешенін тұрғыздық. Бір кешеннің өзі жылына 30 миллион тонна кен өндіріп, қайта өңдейді. Бұл бүкіл Жезқазған өңірі өндіріп отырған көлемнен көп. Сонымен қатар, Бозшакөлде бар болғаны мың жарым адам жұмыс істейді, яғни өнімділігі жағынан ол Қазақстандағы мыс өндіру кәсіпорындарынан 15 есеге артық болады. Бүгінде кен байыту фабрикасының жекелеген компоненттеріне сынақ өткізу барынша қарқынмен жүргізіліп жатыр. Біз концентраттағы мыс түріндегі алғашқы өнімді келесі жылдың қаңтар айында аламыз деп көздеп отырмыз. Бозшакөлді пайдалану 40 жыл бойы пайдалану жоспарланған. Сала көшбасшысы болатын бұл кешен Қазақстан мыс өнеркәсібінің болашағын ондаған жылдарға қамтамасыз етеді».