Сейсенбі, 26 Тамыз 2014

Ақтөбеде жаңа ферроқорытпа зауыты бірінші метал шығарды

ERG құрамына кіретін «Қазхром»ТҰК» АҚ жаңа балқыту цехының бірінші пешінде 20 тонна металл алынды. Сөйтіп өндіріс технологиясы және қуаттылығы жағынан әлемдік көшбасшы болып табылатын бірегей кәсіпорын іске қосылды

Зауытта инновациялық технологиялар енгізілген. Мысалы, өңештерді бөліктеу бұрынғыдай қолмен емес, арнайы зеңбірек және оттегімен жүргізіледі. Металды шөмішкісіз және жүккөтергіш механизмсіз құю жүзеге асырылады. Құйылып болған соң ол өнімді қайта өңдеу бөліміне түседі, онда ол ұсақталынады және фракцияланады, – дейді зауыттың жетекші инженері Ержан Абдулабеков. - Бұлай біз әлі жұмыс жасап көрген емеспіз. Бұл шынымен де балқытудың жаңа түбегейлі әдісі. Бұрынғы өндіріс процестерінің жоғарға автоматтандыру және еңбекті қорғау жағынан әлдебір жаңашылық болып табылады. Жаңа зауыт құрылысының құны 843 млн АҚШ долларын құрайды. Өндіріс жылына 440 мың тонна жоғарғы көміртекті феррохром өндіретін заманауи үздіксіз тоқты төрт пешінен тұрады.

 

Маусымның аяғында Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ферроқорытпа зауытындағы іске-қосу реттеу жұмыстарына бастама берді.

 

Осы уақытқа дейін зауытта салқын және ыссы іске-қосу реттеу жұмыстары жүргізілді.

 

Біртіндеп қалған төрт пеште іске қосылады деп жоспарлануда.

 

- Осы нысанның құрылысына ат салысқан, жұмыстарды орындаған және барлық процесті бақылағандарға үлкен алғысымды білдіремін, - дейді «Қазхром»ТҰК» АҚ Президенті Виктор Тиль. - Сіздің кәсіпқойлығыңыз, жауапкершілігіңіз және шеберліктеріңіз біздің жоспарымыздың кепілі болып табылады.

 

«Қазхромның» инвестициялы жоспарына феррохромды тазарту және ферроқорытпа газдарды пайдаға асыру бойынша электробекеті кіреді. Екі жоба да өндірістік және экологиялық шешімдердің дәстүрлі және жаңашылдық бірлігінің айқын дәлелі болып табылады.

Жаңа зауыттың құрылысы 2010 жылы басталған болатын. 28 қазақстандық мердігер фирма құрылысқа қатысты. Осындай жемісті ынтымақтастықтың мысалы ретінде Павлодар машин құрастыру зауытын айтуға болады, ол арнайы «Қазхром» үшін жоғары температура жағдайында жұмыс жасауға қабілетті 16 бірегей консольді-бұрмалы кран дайындап шығарды.

Жаңа өндіріс өнімділігі жылына 440 мың тонна жоғары көміртекті феррохром шығаратын тұрақты токпен жұмыс жасайтын төрт пештен тұрады. Зауыт 11 негізгі өндірістік нысанды қамтиды. Кешенді түрде олар аяқталған, яғни шикіқұрам материалдарының кіруінен бастап дайын өнімді тиеуге дейігі .өндірістік циклды құрайды. Бүгін бір пеш қосылып, жылытуға қойылды. ШІлде айында алғашқы металл өндірілмек. Қалған үш пештің іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, дайын болған кезде олар да пайдалануға беріледі.

Жалпы құны 843 млн. долларды құрайтын жоба Еуразиялық топтың инвестициялық бағдарламасында неғұрлым маңызды және болашағы зор жоба болып есептеледі. Мұнда тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік ферроқорытпа өндірісінде бірегей, теңдесі жоқ  тұрақты ток пештерінде балқыту технологиясы пайдаланылады. Барлық өндіріс процесі мейлінше автоматтандырылған. Жаңа зауыт ағынды суларды тазартудың үш кезеңдік жүйесімен қамтылған. Сонымен қатар, су тазарту жүйесінен өтіп, шығынсыз жұмсалатын тұйықталған кері цикл да қарастырылған. Зауытта тазарту деңгейі жоғары екі түрлі қазіргі заманғы газ тазарту қондырғылары орнатылған. Бұл өндірістік шешімдер қоршаған ортаны мейлінше аз ластандырып, ферроқорытпа өндірісінің салдарынан пайда болатын газдар мен шаңды жойып, қатты қалдықтардың санын азайтады. Пештерде отандық шикізат – ұсақ кен мен көміртекті қалпына келтіргіштер қолданылады.

Жаңа зауыттың маңыздылығын жалпы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бойынша  жоғарғыкөміртекті феррохромның өндіріс көлеміне қарап анықтауға болады: 2013-2014 ж.–284-282 мың тонна (факт), 2015 ж. – 680 мың тонна (жоспарлы көрсеткіш). Жалпы «Қазхром» ТҰК» бойынша  жоғарғыкөміртекті феррохромның өндірісі 2015 жылда 1480 мың тоннаға жетеді.

 Жаңа зауыт «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамына жергілікті құрам үлесін көбейтуді, өндірістің өзіндік құнын азайтуды, еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Нысанды пайдалануға беру Қазақстанның жоғары көміртекті феррохром шығару бойынша экспорттық әлеуетін 16%-ға, ал Ақтөбе облысының экспорттық әлеуетін 46%-ға көбейтуге мүмкіндік береді.