«Қазгеология» АҚ сол үшін 2011 жылы құрылған негізгі міндеттердің бірі – геологиялық барлауға инвестициялар тарту болып табылады.
Геологиялық барлау – қаншама жылдар бойы іздеу әрі зерттеулер жұмыстары орындалатын, инвестициялық салымдар үшін тәуекелі көп сала. «Қазгеология» АҚ, қазіргі уақытта, жоспарлы әрі ауқымды жұмыстардың нәтижесінде шетелдік инвесторлармен табысты ынтымақтастық жасауда.
2017 жылмен салыстырғанда шетелдік және қазақстандық инвесторлар салымдарының көлемі 168,8 млн. теңгеге артып, 3,5 млрд.теңге құрады.
Шетелдік инвесторлармен жобалар
«Қазгеология» АҚ соңғы 3 жыл бойы «Rio Tinto австралия-британия концернімен», «Ulmus Fund» неміс инвестициялары қорымен және «ILUKA Resources Limited» (ILUKA) австралия компаниясымен табысты түрде ынтымақтастық жасауда.
Европа және австралия компанияларынан басқа, Қазгелогия түрік және россия инвесторларымен жұмыс істеуде: Yildirim Holding A.S. мен «Полиметалл» АҚ.
Күні бүгін шетелдік инвесторлардың қаржы құйылымдарының арқасында 6 учаскеде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.
Жоба |
Инвестор |
Қарағанды облысының Қорғантас учаскесінде мыс-порфира кендерін барлау |
«Rio Tinto» (Ұлыбритания) |
Қарағанды облысының Балқаш-Сарышаған алаңында мыс-порфира кендерін барлау |
|
Қарағанды облысының Бесшоқы алаңында асыл және түсті металдар барлау |
«Ulmus Fund» (Германия) |
ШҚО Бақанас алаңының шегіндегі Майлышат учаскесінде құрамында алтын бар кендер барлау |
DTK Metals and Mining B.V. (Yildirim Holding A.S., Түркия еншілес ұйымы)
|
ШҚО Суровский учаскесінде құрамында платиноидті және алтын бар кендер барлау |
|
Қостанай облысының Шекара учаскесінде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу |
«Полиметалл» АҚ (Россия) |
Жер қойнауын пайдалану жобалары бойынша осы компаниялардың геологиялық зерттеу және барлаудың жалпы алаңы 20 мың ш.км жуық құрайды.
Осы 6 жоба бойынша тек қана іздеу кезеңінде ғана тартылған инвестициялар сомасы 20 млрд. теңгеге жуық құрады. 2018 жылдың аяғында 6 млрд. теңге инвестициялар тартылды.
Бұдан басқа, 2019 – 2020 жж. шетелдік инвесторлармен тағы 15 жоба бойынша геологиялық барлауды бастау жоспарлануда.
«Қазгеология» АҚ таяу жылдары геологиялық барлауға тартылатын шетелдік инвестициялар сомасын 100 млн. АҚШ долларына жеткізуді жоспарлауда.
Бұл үшін қазіргі уақытта, Жапония, Иран, Түркия, Сингапур, Швейцария, Бразилия, Оңтүстік Африка, Сауд Арабиясы, Қытай, Австралия, Канада, Чили, Россия инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.
«Қазгеология» қала құраушы кәсіпорындарды қолдау әрі олардың минералдық шикізат базасын толықтыру мақсатында, «Қазцинк» және «Қазақмыс» сияқты әлеуметтік маңызы бар ірі кәсіпорындармен табысты ынтымақтастық жасауда.
Қазцинкпен жобалар
«Қазцинк» ЖШС-пен Риддер және Зыряновск моно қалаларының маңында алтын, мыс және полиметалдар барлауға 5 жоба жалғастырылуда. Күні бүгін, 2018 жылғы маусымда құрылған бірлескен кәсіпорындарға жер қойнауын пайдалану құқығы берілді.
2018 жылы геологиялық барлауға инвестициялар көлемі 144,7 млн. теңге сомасын құрады.
Қазақмыспен жобалар
Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш аудандарындағы 5 объектіде құрамында мыс бар кендерді барлау үшін Қазгеология «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-пен бірлескен кәсіпорындар құрды. Қазгеология жер қойнауын пайдалану құқығын алып, бірлескен кәсіпорындарға берді.
Қарағанды облысының Дүйсембай учаскесінде полиметалл кендерін іздеу жұмыстары жүргізілді.
Жезқазған алаңында Қазақмыстың Сәтбаев №3 кен байыту фабрикасы орналасқан, күні бүгін ол жұмыс істемей, тоқтап тұр.
Кеңес кезінде фабрикада Дүйсембай кен орнындағы қорғасын, мырыш кендерінің байытылуна технологиялық зерттеулер жүргізілген еді. Олардың нәтижесі өңдеуге болатынын көрсетті.
Геологиялық барлау жұмыстарынан күтілетін нәтиже – фабрика жұмысын жандандыру серпін береді, мұның өзі осы өңір үшін әлеуметтік тиімділік береді.
Қостанай облысында 3 бірлескен жоба бар.
2018 жылғы қазанда Қазгеология Алтын қазған учаскесіне (Орталық) лицензия алды.
2018 жылы геологиялық барлауға инвестициялар көлемі 460,1 млн теңге құрады.
Полиметалмен жобалар
Қазақстанда «Полиметалл» АҚ россия компаниясы алғашқы геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыра бастады. «Қазгеология» АҚ-пен бірлесіп, алтын-күміс, скарндік мыс-алтын, алтын-сульфидті өнеркәсіптік кен орындарын табуға перспективалы Қостанай облысының Шекара учаскесінде аэрогеофизикалық зерттеулер орындалды.
Олардың нәтижесінде 2019 жылы жүргізу белгіленген тәптіштелген іздеу жұмыстарын жолға қою үшін перспективалы алаңдар анықталды.
Геологиялық барлаудағы осындай зерттеулер озық технологиялармен жүргізіледі.
2018 жылы геологиялық барлауға инвестициялар көлемі 192 млн теңге құрады.
Юниорлық жобалар
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодексте (австралия әдісінің негізінде) оларға жағдай жасалған юниорлық компанияларды қолдау әрі дамыту қағидатын іске асыру үшін Қазгеология қазақстандық компаниялардың стратегиялық әріптесі ретінде бой көрсетуде.
2018 жылы Қазгеология 11 компанияға геологиялық барлау нарығына жол ашты.
Юниорлардың геологиялық барлау жұмыстарына инвестицияларының жалпы көлемі 2025 жылға дейін 10,5 млрд. теңге шамасын құрайды, қамтылатын алаңы – 2 мың ш.км.