Актогай. Конвейер |
Актогай. Производство катодной меди |
Бозшаколь. Карьер |
Бозшаколь. Обогатительная фабрика по переработке сульфидной руды |
Бозшакөл мен Ақтоғай жобаларындағы өндірісті арттыру тоқсан сайынғы өсімді қамтасыз етуде, яғни 2017 жылдың екінші тоқсанында Топ 66 мың тонна мыс өндірген (2017 жылдың 1 тоқсаны: 52 мың тонна).
Топ 2017 жылдың бірінші жартысында 34,4 млн тонна кен өндірген. Бұл 2016 жылдың бірінші жартысымен (22,1 млн тонна) салыстырғанда 56%-ға артық. Бұған Ақтоғай мен Бозшакөлдегі қайта өндіру қуатының артуы себеп болды. Топтың кәсіпорындарында 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,8 есе көп кен өңделген. Бұл көрсеткіш тоқсандық деңгейде де арта түсті. Екінші тоқсанда бірінші тоқсанмен салыстырғанда 37% артық кен қайта өнделді. Қайта өңдеу көрсеткіштерінің артуына Ақтоғай мен Бозшакөлдегі сульфидті кендерді қайта өңдейтін кен байыту фабрикаларының өткізу мүмкіндіктерінің ұлғаюы әсер етті. Бірінші жартыжылдықтағы өңделген кеннің құрамындағы мыстың орташа үлесі – 0,76%. Өңделмеген 8,3 млн тонна оксидті кен Ақтоғайдағы үймелі сілтісіздендіру панельдерінде жинақталды, ал каолин балшығы бар 9 млн тонна Бозшакөлде қоймаланды.
Топтағы өндіріс кестеге сәйкес жүріп жатыр және оның қарқыны 2017 жылға жоспарланған 225-260 мың тонна көлеміндегі деңгейге жетуге мүмкіндік береді.
2017 жылдың екінші тоқсанында Артемьев шахтасындағы үлестің қалпына келуі арқасында концентраттағы мырыштың өндірісі 8%-ға (16,8 мың тонна) артты. Жалпы 2017 жылдың бірінші жартысында KAZ Minerals Тобы 32,3 мың тонна концентраттағы мырыш өндірді. Бұл 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18% аз. Оған 2016 жылдың соңында Юбилейно-Снегирихин кенішінің жабылуы және 2016 жылдың екінші жартысындағы Орлов кенішіндегі алты күндік жұмыс кестесі себеп болды.
2017 жылдың бірінші жартысында алтынның[2] өндірісі 93 мың унцияға дейін артып, өткенде жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда екі есе көп болды (45,1 мың унция). Бұған Бозшакөлдегі өндірістің артуы әсерін тигізді. Бұл жағдай екінші тоқсандағы өсімге де әсер етті. Екінші тоқсанда 18% өсім болып, 50,4 мың унцияға дейін жетті (2017 жылдың 1 тоқсаны: 42,6 мың унция). Бозшакөлде бірінші жартыжылдықта өндірілген кеннің құрамындағы алтынның үлесі жоспарланғаннан жоғары болды. 2017 жылдың шілде айынан бастап үлестің төмендеуі күтілуде.
Бозшакөлдегі өндірістің артуы арқасында күмістің өндірісі2 2017 жылдың бірінші жартысында 1,76 млн унцияға дейін артты (2016 жылдың бірінші жартысында - 1,56 млн унция). Екінші тоқсанда күмістің өндірісі артып, 961 мың унцияға дейін жетті (2017 жылдың 1 тоқсаны - 795 мың унция). Бозшакөлдің үлесімен қатар, бұған Шығыс өңірдегі кеннің құрамындағы күміс үлесінің артуы да әсер етті.
Бозшакөл
Бозшакөл КБК-дегі кен өндірісі 2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен (сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасы пайдалануға берілудің бастапқы кезеңінде болғанда) салыстырғанда, 2017 жылдың бірінші жартысында 76% артып, 19,4 млн тоннаны құраған.
2017 жылдың бірінші жартысында Бозшакөлде 11,7 млн тонна кен қайта өңделді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңінен қарағанда айтарлықтай жоғары (2,3 млн тонна). Бұл кезде КБК сульфидті кен байыту фабрикасы пайдалануға берілу кезеңінде болса, каолин балшығы бар кендерді өңдеу фабрикасында құрылыс жүріп жатты. 2017 жылдың екінші тоқсанында кен байыту фабрикалары 6,6 млн тонна кенді өңдеді. Бұл бірінші тоқсанмен салыстырғанда 31% артық. Сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасының өткізу мүмкіндігі екінші тоқсанда есептік қуатының 93%-на жетті (2017 жылдың 1 тоқсаны: 74%). Каолин балшығы бар кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасының өткізу мүмкіндігі бірінші тоқсандағы 40%-дан екінші тоқсандағы 69%-ға дейін ұлғайды. Екі фабрикадағы өндірістің артуы кестеге сай жүріп жатыр және есептік қуаттарына 2017 жылдың екінші жартысында жетеді жоспарланған.
Бозшакөлдегі өңдеу көлемінің артуына сәйкес бірінші жартыжылдықта 52 мың тонна мыс өндірілді. Бұл 2016 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда бес есе көп. Екінші тоқсанда мыс өндірісі 27%-ға артып, 29,1 мың тоннаны құрады (2017 жылдың 1 тоқсаны: 22,9 мың тонна).
2017 жылдың бірінші жартысында алтынның өндірісі де артты – 62,9 мың унция. Екінші тоқсанда бұл көрсеткіш 34,4 мың унцияға жеткен. 2017 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 28,5 мың унция болған.
2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (58 мың унция) 2017 жылдың бірінші жартысында күмістің өндірісі алты есе артқан (361 мың унция). Екінші тоқсанда өндіріс көлемі 200 мың унцияны құрады. 2017 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 161 мың унция еді.
2017 жылдың бірінші жартысында Балқаш мыс балқыту зауытына толлинг жүйесі бойынша 7,5 мың тонна концентраттағы мыс жеткізілді.
Бірінші жартыжылдықтағы өндіріс нәтижелері Бозшакөлдің 2017 жылға жоспарланған 95-110 мың тонна мыс аралығына жету жолында екенін көрсетті. Алтын өндірісі жоспарланған 85-110 мың унция аралығының жоғарғы шегінде болады деп күтілуде.
Ақтоғай
Ақтоғай КБК іс-қызметінің жартыжылдықтағы нәтижелерінде 2017 жылдың ақпан айында алғашқы өнімді шығарған сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасында өндірілген мыс пен оксидті кендерді өңдейтін кешенде өндірілген катодты мыс бар. Ақтоғайдың бірлескен қуаты 33 мың тонна көлеміндегі мыс өндіруді қамтамасыз етті.
Оксидті кендерді өндіру 2017 жылдың бірінші жартысында тұрақты 8,3 млн тонна деңгейінде жүзеге асты. Бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 4%-ға аз. Ал катодты мыстың өндірісі 10,4 мың тоннаға дейін артты. 2016 жылдың бірінші жартысында кешен өндіріс қарқынын арттырудың бастапқы кезеңдерінде болғандықтан 5,4 мың тонна еді. Екінші тоқсанда бірінші тоқсанмен салыстырғанда катодты мыстың өндіріс көлемі 4,7 мың тоннадан 5,7 мың тоннаға дейін өсті. Бұған жылдың жылы мезгілдері жағымды әсер етті. Жалпы 2017 жылы оксидті кеннен 20 мың тоннаға жуық катодты мыс өндіріледі деп жоспарланған.
Бірінші тоқсанның ортасында алғашқы өнімді шығарған сульфидті кендерді қайта өңдейтін кен байыту фабрикасы есептік өткізу қуатының 47%-на жетті. Сульфидті кендерді өңдейтін фабриканы іске қосу екінші тоқсанда кен өңдеуді 79% артырып, 2,9 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді. Өткен тоқсанда бұл көрсеткіш 1,6 млн тоннаға тең болатын.
2017 жылдың бірінші жартысында Балқаш мыс балқыту зауытына толлинг жүйесі бойынша қайта өңдеуге 5,4 мың тонна концентраттағы мыс жеткізілді. Өндірілген концентраттың қалған көлемі Қытайдың мыс балқыту зауыттарына экспортқа жіберілді.
Сульфидті кеннен мыс өндіру көлемі екінші тоқсанда 15,4 мың тоннаға жетті (1 тоқсанның алты аптасында – 7,2 мың тонна).
Бірінші жартыжылдықта Ақтоғайда 33 мың тонна мыс өндірілді. Мыс өндірісінің қарқыны 2017 жылы болжамдық 65-85 мың тонна мыс деңгейіне, яғни 20 мың тонна оксидті кеннен өндірілген катодты мыс пен сульфидті кеннен өндірілген 45-65 мың тонна мыс көрсеткіштеріне жетуге мүмкіндік береді.
Шығыс өңір мен Бозымшақ
Шығыс өңір мен Қырғызстандағы Бозымшақ КБК-де мыс өндірісі 2017 жылдың бірінші жартысында 19%-ға азайып, 33 мың тоннаны құрады. 2016 жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш 40,8 мың тонна еді. Оған 2016 жылдың соңында Юбилейно-Снегирихин кенішінің жабылуы және 2016 жылдың екінші жартысындағы Орлов кенішіндегі желдету ұңғымасындағы техникалық қызмет көрсету жұмыстарына байланысты алты күндік жұмыс кестесі себеп болды. Бірінші жартыжылдықта Бозымшақ есептік қуатымен жұмыс істеп шықты.
2017 жылдың екінші тоқсанында мыс өндірісі бірінші тоқсанмен салыстырғанда 9%-ға азайып, 15,7 мың тоннаны құрады (2017 жылдың 1 тоқсаны: 17,3 мың тонна). Бұған Орлов және Николаев кен байыту фабрикаларындағы өндіріс көлемінің азаюы себеп болды.
KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Мен Ақтоғай сульфидті кендерді өңдеу фабрикасындағы өндіріс қарқының артқаны және біздің басқа кәсіпорындарымыздағы тұрақты өндірістік нәтижелер туралы хабарлауға қуаныштымын. Біз биылғы жылдың екінші жартысында Бозшакөлдегі 100% есептік қуатқа жетуді жоспарлап отырмыз. Өндірістік нәтижелер өнімнің шектеулі ішкі инфляция қолдаған ақшалай өзіндік құнына да жағымды әсер етті. Қазіргі уақытта Ақтоғай мен Шығыс өңір жоспарланған өзіндік құнның жылдық аралығынан төмен көрсеткіштерге сай жұмыс істеп отыр».
[1] Мұнда және әрі қарай – концентраттағы ақысы төленетін металл және Ақтоғайдағы оксидті кеннен өндірілген катодты мыс.
[2] Мұнда және әрі қарай – концентраттағы ақысы төленетін металл.