Пятница, 02 июня 2017

АММ ТРЕНДІ – ТКК 2017-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ

Астанада VIII Халықаралық тау-кен Конгресі мен «Astana Mining & Metallurgy» – АММ-2017 Көрмесі өтті

Биыл Конгресте Австралия, Австрия, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Канада, Польша, Ресей, АҚШ, Украина, Франция, Чили, Чехия, Швейцария елдерінен 750 делегат қатысты; көрмеге Австрия, Германия, Қытай, Қазақстан, Польша, Норвегия, Ресей, Түркия және Жапония елдерінен 44 компания өкілдері өз экспозицияларын қойды.

 

Сессиялық отырыстар мен дөңгелек стол кезінде саланың негізгі өкілдері ТКК қазіргі жағдайы мен өсу мүмкіндіктерін ортаға салды, және саланы дамытудағы дағдарыстық мәселелерді анықтады. Қазір бұл сала бір-бірімен байланысты үш дағдарысты басынан кешіп отыр: нарықта сұраныстың азаюы (кірістің төмендеуі), инновацияны енгізу қажеттілігі (модернизациялау үшін инвестиция және капитал іздеу), маман тапшылығы.

 

PwC Kazakhstan консалтингтік фирмасының директоры Арман Жұбаевтың мәліметтері бойынша, 2015 жылғы ТКК дағдарысы аяқталды. 2016 жылдың өзінде сұраныс болжамнан да асып түсті, шикізат тауарларының бағасы өсе бастады, бұл үрдіс биыл да жалғасты.

 

Алайда сала бойынша жалпы трендте, кейбір бағыттарға әлі де құлдыраудың кесірі тиюде, тіпті жаңа қиындықтарға әкеп соқты. Көптеген спикерлер саланың Қытай нарығындағы жағдайға тәуелді екенін де айта кетті. Жағдай екіжақты болып отыр. Бір жағынан 50 пайызы Қытай мен Индияға тиесілі металлға деген сұраныстың ұлғаюы күтілуде. Екінші жағынан, қытай сұранысына қарай салаға күш салып отырған кеншілер 2015 жылы бәсеңсіп қалды, өйткені елде болат экспорты қолға алынған еді.

 

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ Бас директоры Парамжит Калон: «Қытай экономикасының бәсең өсуі болат өнімдеріне деген ішкі сұраныстың төмендеуіне әкеп соқты. Қытайдағы кәсіпорындары болат эксмпортын айтарлықтай күшейте түсті. 2015 жылы ҚХР болат экспорты 19,9 пайызға өсіп, 112,42 млн тоннаға жетті. Тек 2015 жылдың қыркүйек айында Қытай 11,25 млн тонна экспорттады. Бұл әлемдік қара металлургия нарығына кәдімгідей әсер етті».

 

Thomson Reuters Asia колумнисті Клайд Рассел жағдайды былай деп түсіндіреді: «What China gives, China can take away».

 

«KAZ Minerals Management» ЖШС Басқарма төрағасы Эльдар Мамедов да Қытайдың мыс бағасына ықпал етіп отырғанын айта кетті. Оның айтуынша, 2016 жылдың соңында мысқа деген сұраныстың ұлғаюы оның бағасына оң әсер етті. 2017 жылдың басында мысты жеткізудегі іркіліс бағаны ұстап тұрды, бірақ Қытай тарапынан сұраныстың төмендеуінен оның өзі де білінбей қалды. Сарапшылар электромобиль өндірісінің ұлғаюы мен энергияны өндіруде экологиялық таза технологияларды енгізуге байланысты нарық тапшылығы тек 2021 жылға болуы мүмкін деп болжайды. Оған қарамастан ұзақмерзімде бағаға қатысты болжамда үміт бар, өндірушілердің өздері проблемалық кейстерді алға тартып отыр. «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ Басқару кеңесінің бас директоры Бахтияр Қырықпышев мүмкіндігі 5 млн тонналық мысқа тең және экономикалық тиімділігі шамамен 6 500 АҚШ долларынан жоғары жаңа жобалар қажеттігін баса айтты. Айтуынша, қуаттылықты енгізуге 7-10 жыл кетеді, алайда одан басқа ірі жобалар жоқ.

 

Неміс энергетика агенттігінің энергетика және тау істері департаментінің директоры Эккехард Бюхер инновацияны енгізу қажеттігіне тоқталды: «Бүкіл әлемде өндіру операциясының өнімділігі осыдан 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда бүгінде ол 28 пайызға төмен». ЕДЫҰ да жаңа өндірістен тиімділікті талап ете отырып, қуаттылықты арттыру мәселесін сынға алды.

 

Қазақстанда құрал-жабдық мәселесі де айтарлықтай артта қалып отыр. Оларды модернизациялау жобаларын іске асыруға қомақты қаржы мен уақыт қажет. «Kazzinc Holdings» ЖШС Директорлар Кеңесінің төрағасы Никола Попович өз баяндамасында компанияның өндірісті 20 жыл бойы модернизациялап келгенін, алайда кейбір өндіріс процесстерінің әлі де автоматтандырылмағанын баса айтты.     

 

«Кен өндірушілер және тау-кен кәсіпорындарының Республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец модернизациялау жолындағы айтарлықтай кедергі келтіріп отырған факторды атап өтті. Айтуынша, жергілікті құрамның үлесін есептеу жүйесінен бас тарту керек (СТ-KZ сертификаты). «Жаһандану кезеңінде және қазіргі салааралық және мемлекетаралық кооперациялардың есебінен барынша инноациялық өнім өндіруде тиімділікті арттыру әртүрлі елден және өндірістен жиналып, жасалады».

 

Мәселен, «Индустрия 4.0» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарында «ИТП» АКҚ шетелдік компаниялардың қолданыстағы зерттемелеріне сүйенеді, өйткені жаңа өнімді нарыққа шығаруды созу оны алдын ала бәсекеге қабілетсіз етеді. «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының бас директорының орынбасары Асқар Сембин нарықтың толуын күтуден ұнтақтық номенклатураға деген баға алдағы 5 жылда төмен түсуі мүмкін екендігін ескертеді.

 

Өз мамандарымыз бен технологиялық ресурстарды дайындау қатар жүруі керек. Бұл мақсатта компания жобаларға «Стартап Қазақстан» аясында ҚР салаларындағы инновациялық жобаларды іздеп, іріктеп отырады, «Стартап Қазақстан» біріккен қоры арқылы венчурлық бірге қаржыландыруды тартумен және кооперативтік жетілдірумен айналысады.

 

Сапалы маман мәселесін Конгресстегі барлық спикерлер де көтерді. Әсіресе геологиялық барлау және жаңа технологиялар саласында маман тапшы.

 

Өндіріс пен ЖОО бағдарламалары арасындағы байланыстың жоқтығынан көптеген өндіріс орындары компанияға қажетті білім мен білікті маман дайындау үшін өз беттерінше факультет және курс ұйымдастыруға мәжбүр болды.

 

Мамандарды дайындауда жаңаша көзқарас қажеттігіне Boston Consulting Group Директоры Андрей Новицкий де баса назар аударды. Нарықтағы жаңа бағыт және болашақтың сын-тегеуріндеріне арналған баяндамасында ол «өндірісті автоматтандыруды дамыту және сандық технологияларды қолдану қосымша салыстырмалы шығынды төмендететінін» айтты. Тау-кен саласындағы негізгі инновациялар қазіргі өндірісті автоматтандыруға және еңбек өнімін арттыруға бағытталған. Қызметкерлердің кәсібилігі өндірістегі тәжірбие мен білімнен көрі сандық шешімдерді жүйелі түрде ойлау мен талдау қабілетіне қарай ойысады.

 

Саладағы инвестициялық болжамдар соңғы шетелдік және біріккен инвестициялық жобаларға байланысты, сондай-ақ келесі жылы маусым айында Астанада өтетін Бүкіләлемдік Тау Конгресіне де қатысты. Конгресс делегаттарына деген алғысөзінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин «БТК аясында Mines&Money инвестициялық конференциясының өтетінін мәлімдеді. Бұл Қазақстанға 300-ден астам инвестор тартуға ықпал етпек».

 

Саланың көптеген қатысушылары инвестициялық климаттың айтарлықтай жұмсарғанын атап өтті. Игорь Финогенов өз сөзінде геологиялық ақпаратқа қол жеткізу мен процедураларының оңтайландырылуы мемлекеттік деңгейде айтарлықтай өзгергенін баса айтты. «Полиметалл» кәсіпорны «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Заңға деген оң көзқарасын білдіріп, геологиялық барлауды күшейту үшін айтарлықтай қаржылық-экономикалық пакеттің қарастырылғанын да атап өтті. Жаңа кодексті күтуде Aurora Minerals Group жетекші геологы Кент Балас компанияның жаңа технологияларды енгізу жоспарымен және қазақстандық нарыққа шығу әдістерімен бөлісті, сонымен қатар тау-кен қазу және тау-кен өндіру компанияларына Қазақстан нарығына шығауға көмектесуге уәде берді.

 

ATK Holdings халықаралық трейдинг компаниясының бас директоры Әбдімәлік Мирахмедов қазақстандық компанияларды халықаралық нарыққа шығуына жағдай жасауға уәде берді: «Біз тек ірі тау-кен қазу корпорацияларымен ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнеспен де жұмыс істеуді мақсат етіп отырмыз, Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің жаһандық экспорттық нарыққа шығуына жол ашуға дайынбыз».

 

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев «өнеркәсіп, сонымен қатар тау-кен саласына 2019 жылдан бастап жылдық өсім мөлшерін 7 пайызға дейін көтеру жүктелгенін» Конгресс делегаттарының есіне салды. «Сондықтан сала көшбасшылары өндіріс көлемін өсіру үшін жаһандық бәсекеге қабілеттілік жағдайында жаңа тегеуріндерге сай келетін даму стратегияларын түзетеді деген үміттеміз».

 

VIII Халықаралық тау-кен Конгресі мен «Astana Mining & Metallurgy» – АММ-2017 Көрмесі Инвестициялар мен даму министрлігінің, «Евразийская группа» ЖШС, «Kazzinc Holdings» ЖШС, «Полиметалл БК» АҚ, «KAZ Minerals Management» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «Актюбинская медная компания» ЖШС, ATK Holdings, «Инфо Софт Пром» ЖШС және «Казақалтын ТКМ» АҚ қолдауымен және қатысуымен өтті.