Среда, 31 мая 2017

ӨСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2017 жылы Қазақстан елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті экономикалық өсудің жаңа моделін құруды көздейтін Үшінші Жаңғыртуды қолға алды

Жаңғыртудың басым бағыттарының бірі елдің тау-кен металлургиялық кешенінің экономикалық өсудің тұрақтылығы үшін өзінің стратегиялық маңызын сақтау болып табылады. Алдыға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Инвестициялар және даму министрлігін тарта отырып, бірқатар салаішілік пікірталас ұйымдастырылды.

 

Негізгі кездесулер  VIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресі және «Astana Mining & Metallurgy» – АММ-2017 көрмесі аясында өтті.

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі жобасының тұжырымдамалық мәселелеріне арналған соңғы қоғамдық пікірталаста Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев баяндама жасады. Ол өз сөзінде: «Жүргізілген ЭЫДҰ талдауы Кодекс жобасын әзірлеу кезіндегі шешіміне біз күш салуға тиісті болған Қазақстанның жер қойнауын пайдалану саласындағы неғұрлым өткір проблемалық аймақтарын анықтады. Бұл нормативтік-құқықтық база, тұрақтылық, геологиялық ақпараттың сапасы, салық салу, сауда кедергілері және еңбек нормалары»,- деп атап өтті.

 

Әзірленіп жатқан Кодекстің негізгі міндеті қазақстандық заңнамаға «бірінші келді – бірінші болып алды» принципін енгізу болып табылады. Кодекс жобасы бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді қарастырады. Салық кодексіне бір блокқа жалға алу мөлшерлемесі, КТБ-ның (коммерциялық табу бонусы) күшін жою, қол қойылған бонус, тарихи шығындар енгізілді. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының (ПҚӨС) орнына роялти енгізу ұсынылды.  Қарастыру барысында  салық шекараларының белгіленбеуі және тау-кен металлургия секторы үшін үстеме пайда салығын толық жою қолға алынған. ТМК үстеме пайда салығының әлемде теңдесі жоқ. Бұл  салық салудың белгісіздігін туғызады және инвестиция тартуды төмендетеді. Жер кодексі жер қойнауын пайдалану құқығын берер алдында резервтеуді (алып қою) көздейді. Су кодексі жерасты суларын барлау және өндіру бойынша мемлекеттік саясатты  су ресурстары жөніндегі уәкілетті органға береді. Кодекс жобасын Мәжіліске кіргізу осы жылдың қыркүйек айына, ал қолданысқа енгізу – 2018 жылға жоспарланған. 

 

Конгрес делегаттары Төртінші өнеркәсіптік революция проблемалары мен қиындықтарын  ҚР тау-кен өндіру кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және  деректердің үлкен массивтерін терең сараптауға, сондай-ақ ТМК кәсіпорындарында (Индустрия 4.0) аддитивті технологияларды енгізуге арналған дөңгелек үстелдер барысында талқылады.  Энергетика, экология және National Laboratory Astana климаты зертханасының жетекшісі Ербол Ахметбеков өз сөзінде: "Қазақстан Республикасы экономикан тұрақтандыру және өсу шарты отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметті жандандыру болып табылады. Бәсекеге қабілетті өнім өндірісін тиісінше игеру қажеттілігі жағдайында және негізгі қорлардың тез  тозуы кезінде инновациялық қызметтің  қазіргі жай-күйі отандық өнеркәсіпті сапалы әрі жаңа деңгейде дамытуға қажетті базаны  қалыптастыруға мүмкіндік бермеді. Сондай-ақ шетелдік тәжірибе инновациялық қызмет саласында өнеркәсіптік кәсіпорындардың  белсенділігін арттыру қажеттігін байқатады»,- деп атап өтті.  

 

Қазіргі сәтте қазіргі заманғы технологияларды енгізу саласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» (Almaty Tech Garden) дербес кластерлік қоры алда келе жатыр.  АММ-2017 жұмыс бағдарламасы аясында «ИТП» АКҚ мен  Metalysis (UK) компаниясы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  Әріптестік металл ұнтақтар өндірісі бойынша қазақстандық өнеркәсіпті дамытуға бағытталатын болады. «ПИТ»  АЭА аумағында металл қорытпалар мен ұнтақтар өндірісі бойынша тәжірибелік қондырғылар орнату мүмкіндігі қарастырылп жатыр, сондай-ақ аддитивті өндіріс әдістерін  пайдалана отырып,  коммерциялық тартымды өнімдер басып шығару көзделуде. Сондай-ақ, Технологиялық даму орталықтарының «ИТП» АКҚ аясында "МАЙКРОМАЙН Орталық Азия" компаниясымен қызметтестікке қол жеткізілді. ҚР тау-кен металлургия кешенінде  инновациялық мүмкіндіктерді енгізу бойынша  бірқатар пилоттық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, ТМК мамандарын Технологиялық даму орталықтарының зертханаларында және одан тыс жерлерде оқыту көзделіп отыр.

 

Алайда, сарапшылар ТМК-ға тек шетелдік технологияларды тарту қиынға соғуы мүмкін деп есептейді. Д. А. Қонаев атындағы тау-кен ісі институтының ҒЗТКЖ коммерцияландыру бойынша директорының орынбасары Владимир Махонин  ТМК-нің бытыраңқылығы туралы және IT-индустриясы жөнінде пікір білдірді.  «Қазақстандағы IT-индустрия АКТ саласындағы өндірістік әлеуетті дамытудан гөрі, қызмет көрсетуге бағдарланған. IT-саласын құру және дамытудың негізгі тетігі аутсорсинг болып табылады. «ҒЗТКЖ экономиканың нақты секторы» ретіндегі ось бойынша сындарлы байланыстардың жоқтығы   анық көрінеді. Отандық кәсіпорындар қазақстандық ғылымды инвестициялау мен  ынтымақтастықтан түсетін пайданы көріп отырған жоқ. Сондықтан одан да шетелдік өндірушілерден жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және сервистік технологияларды сатып алуды жөн көреді. Өз кезегінде отандық ғылыми-зерттеу ұжымдары  «ресурстық  аштыққа» (қаржылай, кадрлық, идеялық) душар болды. Нәтижесінде отандық ғылым қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. Ал  өнеркәсіп пен  бизнес отандық IT-саланың локомотиві болып табылмайды»,- деді ол өз сөзінде.

 

Дөңгелек үстелде бизнес пен жоғары білім жүйесі арасындағы сапалы кері байланыстың жоқтығы айтылды.  «ТМК арналған  біліктілігі жоғары инженерлік-техникалық кадрларды дайындау – мемлекет пен бизнестің басым бағыты». ҚР ИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісінов өз сөзінде: «Тау-кен саласы бойынша жыл сайынғы қабылдау шамамен 3000 адамды құрайды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 1300 адам. Алайда салалық өңірлерде мамандар жетіспеушілігі анық байқалады. Өңірдегі ЖОО мен бизнестің арасындағы арасындағы өзара байланыс жоқ. Кейде жоғары білім беру мамандықтарының бағдарламалары  қазіргі заманғы өндіріс талаптарына сай келмейді»,- деп атап өтті.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар тау-кен-металлургия кешенінің технологиялық жетілдірудің жалпы жүйесіндегі ұқсас интеграцияны қамтамасыз ететін білім беру жүйесін құрудың бірыңғай тұжырымдамасын жасап шығарудың орынды екенін мойындады.  Пікірталас қорытындысы бойынша, ТМК мамандықтарының оқу бағдарламаларын  оңтайландыру саласында ынтымақтастықты дамыту туралы  шешімге қол қойылды.  Оның мақсаты – кәсіби стандартты компаниялардағы қажеттілік пен түлектердің нақты кәсіби дағдылары арасындағы алшақтықты қысқарту.

 

Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан «кадрлық дағдарысты» түзету  бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Конгресс аясында ИДМ және Болат және қорытпалар Мәскеу институтының арасында келісім жасалды. Тараптар білім беру және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық жөнінде, өзара жәрдемдесу туралы келісімге келді. Оның мақсаты – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын университетте білім алушыларды тиісті негізгі білім беру бағдарламасы бойынша қалыптастыру, бекіту, білік пен құзыретілікті дамытуға бағытталған, сондай-ақ  бірлескен ғылыми-практикалық қызметті іске асыру бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу мүмкіндігі енетін Министрліктің ведомстволық кәсіпорындардың базасында тәжірибелік даярлау;  Қазақстан Республикасының  оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын қамтитын  металлургия саласындағы  өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысшыларының біліктілікті арттыру және қайта даярлау;  оқу процесіне  өндірістегі білім алушылардың практикалық даярлығын және инновациялық технологияларды қамтамасыз ететін инновациялық білім беру әдістерін енгізу.

 

Еліміздің тау-кен металлургия кешені барлық тармақтары бойынша ерекше  бәсекелестік  ортада орналасқан. Мысалы, Қазақстан темір рудасының қоры бойынша  әлемде 7-ші орынды, болат өндірісінің көлемі бойынша 33-ші орынды иеленіп отырғанына қарамастан,  географиялық жағынан Қытай және Ресей (1 және 5-орын) сынды ірі болат өндірушілердің арасындағы қалып қойды. Сондықтан бұл саланың технологиялық және кадрлық жағынан артта қалуы еліміздің болашақ ТМК үшін стратегиялық маңыздылыққа ие. Дөңгелек үстелдер аясында қол жеткізілген келісімдер Инвестициялар және даму министрлігінің, «Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың» ЗТБ,    Д. А. Қонаев атындағы тау-кен ісі институтының,  «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ,  сондай-ақ «Кazzinc Holdings» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «KAZ Minerals Management» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС сияқты барынша белсенді өндірушілердің тікелей қатысуымен іске асырылмақ.