“Алтын Гефест” Ұлттық салалық байқауы саланың кәсіби мамандарын, компанияларды және жобаларды, сонымен қатар, ұстаздар мен журналисттерді жыл сайын марапаттап өтеді. Бұл жылы тау-кен және металлургтарды құттықтау Салтанат Сарайындағы қабылдау үйінде тамаша өтті. Салтанатты рәсімді Сырым Қашқабаев пен Ольга Спирина өткізді, музыкамен безендірген “Астана” ішекті квартеті болды.
Салтанатты рәсім мерейтой иелерін құттықтаудан басталды: “Казцинк” ЖШС осы жылы 20 жылдығын тойлайды, ал Еуразиялық топқа кіретін Қазақстандық электролиз зауыты (ҚЭЗ) 10 жылдығын және өндірілген алюминийдің 2 млн.тоннасына қолжеткізген жетістігін тойлауда.
Дәстүрлі түрде жеңімпаздарға марапаттауларын, марапаттың маңыздылығы мен оны танудың ауқымын көрсету үшін бейінді министрліктердің бірінші тұлғалары мен кәсіпорындардың басшылары берді. Еңбек ететін адамдар - бұл елдің алтын қоры, республиканың басты құндылығы. Осы жылы номинанттарды Алик Айдарбаев, инвестициялар және дамудың бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Сағынов Замир Садықұлы, ERG Басқармасының төрағасы Қазтаев Альдияр Асланұлы, KAZ Minerals Management ЖШС Басқармасының төрағасы Эльдар Мамедов, “Кен өндіретін және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы” ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец құттықтады.
Басталуына екі сағат қалғанға дейін, салтанатты рәсімнің алдында дәстүрлі түрде аяқталатын жабық дауыс беру барлық номинанттарды біраз толғандырды, ал бұл жылы олардың саны 190 жетті! Бұл байқаудың 8 жылдық тарихындағы өтінімдер санының рекордын құрады! “Жыл геологы” номинациясында жеңіс Еуразиялық Топтың жер қойнауын пайдалану жөніндегі директоры, ата жолын қуған Жармұхамбетов Мәжит Нұрбайұлына берілді. Мәжит Нұрбайұлы “III дәрежелі Еңбек Даңқы”, “Жер қойнауын барлаудың үздігі”, “Қазақстанның жер қойнауын құрметті барлаушы” белгілерімен марапатталды.
“Жыл кеншісі” сыйлығын қазылар алқасы “Востокцветмет” ЖШС техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің тау-кен жұмыстары жөніндегі жетекші инженері Соловьев Сергей Николаевичке берді. Сергей Николаевич салада 45 жыл жұмыс істеуде және осы уақыт бойы алдыңғы қатардан көрінуде - дәл осы кісі экономикалық тиімділігі 10 млн.доллардан асатын Анненск шахтасының төменгі жиектерін ашудың сұлбасын өзгертуге бастамашы болды және “Анисимов кілті” кен орнын ашуға Жезқазған кен орнын қайтадан әзірлеуге патенттерді дайындады.
“Жыл металлургы” атағын “Өскемен титан-магний комбинаты” АҚ титан кесектері мен қорытпаларын өндіру жөніндегі цехінің араластыру мен шихта дайындауды орнатудың операторы Қарынбаев Тілек Оралбекұлы иеленді. Тілек Оралбекұлы 3 дәрежелі “Еңбек даңқы” құрметті белгісімен және “УК ТМК АҚ 50 жыл” мерейтойлық медалімен марапатталды.
Сыйлықтардың ерекшесі “Жыл жобасы” номинациясы болып табылады.Осы номинацияда өндірістік қайта өңдеуді арттыру мен экономикалық және әлеуметтік өсіруді арттыруға бағытталған өнеркәсіптік жобаларды іске асыруды аяқтаған Тау-кен Металлургиялық Кешен кәсіпорындарының жұмыстары аталып өтіледі. Осы жылы марапат «KAZ minerals Aktogay» ЖШС Ақтоғай кен орнын әзірлеу және Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын салу жөніндегі жобасына берілді. Кен орнын әзірлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламасына кіреді және KAZ Minerals Тобының дамуының екі ірі жобаларының бірі болып табылады.
Осы жылы «Инновациялар бойынша көшбасшы» атағын «ИНТЕРРИН» ғылыми-өндірістік кәсіпорны иеленді, ал «Қазақстандық құрам бойынша көшбасшы» болжанғандай «Kazzinc» ЖШС тиесілі болды. Сатып алудың жылдық бағдарламасына қатысты, 2016 жылы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың аясында отандық тауар өндірушілерден сатып алынған ТЖҚ пайызы 67,88 % құрады!
«Золотой Гефест» сыйлығы, Бас демеуші – ERG компаниясының атынан, талантты жастарды және беделді өз ісіне берілген ұстаздарды қолдайды – осы номинацияларда, цех бойынша әріптестерін құрметтеу мен танудан басқа, ақшалай марапаттау да қарастырылды. «Ғалым-ұстаз» атағы осы жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің техникалық ғылымдарының докторы Крупник Леонид Андреевичке берілді. Леонид Андреевичтің ғылыми бастамасымен 2016 жылы 5 ірі жоба орындалды. 3 техникалық ғылымдарының докторы, 8 техникалық ғылымдарының кандидаты, 2 PhD докторы және 8 магистр дайындалды!
«Жылдың дипломдық жұмысы» номинациясында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінен Машкенова Айжан Ерланқызы жеңімпаз атанды.
«Золотой Гефест» сыйлығының бас серіктесі, ERG компаниясы – дәстүрлі түрде «Энергия үнемдеу саласындағы ең үздік шешім» номинациясында сыйлықты берді. Қазылар алқасының пікірінше, электр тасымалдаушыны шығындауды сапалы мөлшерлеу жобасымен «Казхром» трансұлттық компаниясы» АҚ аталды.
«Ғаламтор-ресурстарында және баспа бетінде ТМК туралы ең үздік журналисттік жұмысы» номинациясы үшін 56 журналист бақ сынады. Осы жылы қазылар алқасының таңдауы Atameken Business Channel корреспонденті Гусев Олег Ивановичке және оның қазақстандық қара металлургия проблемалары туралы материалдарының циклына түсті.
«Больгерт. 2016 жылы ҚР Индустрияландыру саласы: қорытындылар мен болашағы» бағдарламасы «ТД ең үздік журналисттік жұмыс» болып танылды (Жүргізуші - Евгений Больгерт, продюсері – Мирана Нүсіпбекова, Atameken Business Channel).
«ТМК Еңбек Адамы туралы ең үздік журналисттік жұмыс» - Бурьянов Владимир Александровичтің «Көкжиекте – Саша ағай: Балтық теңізінің деңгейінен салыстырмалы түрде минус 160» мақаласы, «Экспресс К» қоғамдық-саяси республикалық газеті иеленді.
«Алтын Гефесттің» салтанатты рәсімінің өте әсерлі кезеңі Альберт Павлович Рауды құттықтау кезеңі болды. Жеңіс Қасымбек өз сөзінде атап өткендей, «бұл адам қазіргі ТМК дамудың бастауынан бері тұр. Ол Қазақстан Республикасын осы саладағы жетістіктері үшін танитын ел ретінде білуі үшін барлық жаны мен күшін салды және біз оны бүгін мақтан тұтамыз. Көптеген жылдар бойы ол АММ конгресін қолдауда, бүгінгі таңдағы жетістікке жетуі сол кісінің еңбегі!».