Өңірде ванадий, мыс, сирек кездесетін металдардың мол қоры болғандықтан, мұнда металлургиялық кәсіпорындар ашу жұмыстары басталды. Тиісті бағдарлама ҚР Президенті жанындағы Тау-металлургиялық кеңесте мақұлданды.
Келесі жылы көктемде ферроқорытпа зауытының құрылысы басталады. Ол 253 миллион АҚШ долларына түспек, стратегиялық инвестор –«Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial Development Co.,Ltd» (Baota) компаниясы.
Зауыт бір жылдың ішінде салынып бітеді деп жоспарлануда. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 700-ге тарта адам тұрақты жұмыспен қамтылады.