Среда, 12 ноября 2014

«Тау-кен металлургия кешенің мемлекеттік және әлеуметтік қорғау» атты Қазақстан тау-кен металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің V съезі

Қараша айының 21 жұлдызында Астана қаласында Республиканың тау-кен өндіруші және металлургия саласы үшін белді салалық іс-шара - Қазақстан тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің V съезі өткізіледі. V съездің тақырыбы ретінде ТМК мемлекеттікжәне әлеуметтік қолдау мәселесі белгіленіп отыр

 

Съезді Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (ТМКҚ) және тау-кен металлургия өнеркәсібі еңбеккерлерінің кәсіптік одағы  ҚР Инвестиция және даму министрлігінің, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми қолдауымен және қатысуымен ұйымдастырып отыр.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – салалық проблеманы жан-жақты талқылау және мемлекет пен бизнестің диалогы негізінде бірлескен шешімдер әзірлеу болып табылады.

 

V съезгеҚР Премьер-Министрі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы, мемлекеттік органдардың басшылары, отандық тау-кен металлургия компанияларының өкілдері, ірі салалық сарапшылар, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады..

 

V съезде пікірталас форматында мынадай мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • 2015-2019 жылдарға арналған ҮИИДБ шеңберінде ТМК-ны дамыту.
  • Тау-кен металлургия жағдайын және мемлекеттің қолдау шараларын талдау.
  • ТМК қызметінің экологиялық аспектілері.
  • Компаниялардың нарық конъюнктурасын нашарлататын жағдайдағы жұмысы.
  • Жастарды жұмысқа орналастыру және ТМК-дағы тұрғын үй саясаты.
  • ТМК-ға кадрлар даярлау.
  • ТМК-да еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.
  • Кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігі.

 

Іс-шараның ресми бөлігі шеңберінде Қазақстан тау-кен металлургия өнеркәсібінің V съезінің шешіміне қол қою жоспарланған.

 

Тау-кен металлургия өнеркәсібі съезі осы жылдар ішінде өзін ашық және сындарды диалог орны ретінде көрсетіп отыр. Съезд Қазақстанның тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелеріне жалпы тәсілдерді табуға, оны Қазақстан экономикасының негізгі саласы ретінде дамытудың перспективаларын тұжырымдауға бірегей мүмкіндіктер береді.

 

ТМКҚ Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы, 010000

Астана қ., Д. Қонаев көш., 12/1

тел.: + 7 (7172) 689 617

факс: + 7 (7172) 689 602

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

веб-сайт: www.agmp.kz