«Қор холдинг үшін бұған дейін дәстүрлі болып келген мұнай мен газ, көлік пен коммуникация, инфрақұрылым мен энергетика атом өндірісі сынды секторлардан қаражатты экономиканың енді дамып келе жатқан химия мен мұнай химиясы, құрылыс, тау-кен және машина жасау сынды салаларына қайта бөлу қамында маңызды шараларды қолға алды», - деді Ө. Шөкеев.
Ол сондай-ақ қазір ҰӘҚ түрлендірудің ауқымды бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Құжаттың негізгі мақсаты – мемлекет активтерін басқару мен бизнесті жүргізудің жаңа сатысына көтеріліп, қор компанияларының жаңа жоғары жетістіктерге жетуіне жол ашу.