«Арселор Миттал Темиртау» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Қазцинк» АҚ, «Богатырь Көмір» АҚ, «ENRC Kazakhstan» АҚ, «Қазхром» АҚ, «Қазфосфат» АҚ компанияларының өкілдері Министр Т.Дүйсенованы және кездесуге қатысқан Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының (ҰҚП) Төраға орынбасары Н.Әлтаевты міндетті кәсібі зейнеткерлік жарнасына (МКЗЖ) қатысты кейбір сұрақтар бойынша хабардар етті. 2014 жылғы 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер міндетті зейнеткерлік жарнасына (еңбекақының 10% көлемінде) қосымша зиянды жұмыс жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлердің пайдасына еңбекақы қорының 5% көлемінде МКЗЖ төлеуге міндеттелді. Жұмыс берушілер өндірістер орналасқан шағын қалалармен қашық ауылдарда МКЗЖ төлеу үшін қажетті жұмыскерлердің Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорымен шарт құруына қатысты кейбір қиыншылықтары жөнінде мәлімдеді. Министр кездесуге қатысушылардың назарын зиянды жұмыс жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлерді тез арада толық қамту мәселесіне аударды.
Кездесу барысында өткен жылы өндірістік жарақаттану көрсеткіштерінен жетекші жайғасымда орналасқан таукен-металлургия саласындағы еңбек қауіпсіздігіне қатысты мәселелер талқыланды. 2013 жылы өндірістік жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіштері құрылыс (17,5%), таукен-метталлургия (15,6%), ауылшаруашылығы (7,6%) салаларының кәсіпорындарында және мұнайгаз өнеркәсібінде (5,7%) тіркелді.
Т.Дүйсенова жұмыс берушілерді ҚР Парламент Мәжілісіндегі жұмыс тобының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарастыру жөніндегі қызметі туралы айтты. Аталған заң жоба шеңберінде заңнаманы жетілдіру мақсатымен жұмыскердің міндетін атқару барысында өміріне және денсаулығына келтірген зиянды төлеу үшін сақтандыру ұйымдары, жұмыс беруші және жұмыскердің жауапкершілігінің теңгерімділігін қамтамасыз етуге жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері қарастырылады.
Министр Т.Дүйсенова жиналыс қатысушыларына шетелдік жұмыс күшіне қатысты ҚР көші-қон саясатындағы өзгерістері туралы айтты. Көші-қон заңнамасын жетілдіру Концепциясына сәйкес жоғары білікті шетелдік мамандарды жалдау тәртібі өзгертіледі. Жаңа заң бойынша тапшы мамандықтар тізімі шеңберінде талап етілген шетелдік азаматтар, Қазақстанда жұмыс істеуге уақытша рұқсат (3 жылға дейін) ала алатын болады.
Тараптар кездесуге ризашылықтарын білдіріп, болашақта осындай форматтағы Еңбекмині мен ҰКП қатысуымен өтетін ағымдағы жұмыс мәселелерін талқылау үшін кездесулерді жалғастыруға келісті.