Пятница, 18 апреля 2014

Қазатомөнеркәсіп пен Аreva компаниялары Ұлттық интерактивті паркке баламалы энергетиканы зерттейтін құралды сыйға тартты

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және француздық Аreva компаниясы Астанадағы Оқушылар шығармашылық сарайына ядролық отын циклі және жаңармалы энергетиканы зерттейтін құралды сыйға тартты.

 

Францияда шығарылған атом станциясы жұмысының макеті, ядролық отын зауыттарында пайдаланылатын қолғаптық қорап моделі, сондай-ақ жел турбинасы мен күн-сутегі технологиясын көрсететін қондырғылар баламалы энергетика бойынша арнайы үйірмеге қатысатын оқушыларға көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, француздық Аreva Оқушылар сарайына жел және биомасса стансаларының жұмысы туралы бейнефильмдер мен ядролық отын циклін зерттейтін кітапшалар табыс етті.

 

Жаңа интерактивті экспозицияның ашылу символикалық лентасын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Владимир Школьник пен  Аreva аға атқарушы вице-президенті Оливье Вантс (Olivier Wantz) қиды.

 

Ашылу салтанатында Аreva компаниясының өкілі Оқушылар шығармашылық сарайының директоры Үмсін Арқабаеваға ақпараттық материалдар табыс етті. Вантс мырзаның айтуынша, бұл құралдар түрлі энергия көздері бойынша тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізуге арқау болады. «Мұндай бастамалар жаңа буын өкілдеріне өз жолын тауып, біздің ғаламшарымыз үшін энергетикалық шешімдер табуға белсенді қатысуға ынталандырады деген сенімдемін», - дейді  Аreva өкілі.

 

Оқушылар шығармашылық сарайын қамсыздандыру жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада Ұлттық интерактивті парк құру бойынша тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылды. Елбасының бастамасымен, еліміздегі ең ірі мәдени-танымдық дамыту әрі оқыту орталығы ғылыми ой-пікір, баламалы энергетика және ядролық технологияларға деген сенім мен жағымды көзқарас қалыптастыратын алаң болады деген үміт бар.

 

- Бүгінгі таңда, Қазақстан үлкен технологиялық серпін алдында тұрғанда, мектеп оқушыларына артылатын міндет зор. Жыл санап қазіргі оқушылардың атом және жаңармалы энергетикаға деген көзқарасы қоғамның  оған деген пікірін қалыптастырады. Бұл пікірдің қандай сарында болатыны, көп жағдайда балалардың осы салаға қатысты қазіргі түсінігінен қалыптасады. Ойын әдісін пайдалан отырып, жағымды ахуал қалыптастырып, жоғары сынып оқушыларын танымдық үрдісіне еліктіріп, біз өз еліміздің және энергетика саласының болашағын  қалыптастырамыз», - дейді Қазатомөнеркәсіп басшысы Владимир Школьник.

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы