Пятница, 25 декабря 2015

Шымкентте «Даму» Қорының қолдауымен елімізде ең ірі алюминді сым илемдедірін өндіретін зауыт ашылды

"ЦветЛит" ЖШС-нің өндірістік күшіжылына24 мың тонна алюминий созылмалы сым илемдерін және 12 000  алюминий құймасын құрайды. Қазіргі уақытта бұл Қазақстан бойынша алюминий сым илемдерінің ірі өндірісі болып табылады. Жалпы инвестиция көлемі 950 миллион теңгені құрайды.

 

Өңдеу өнеркәсібі саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында компания жаңа жабдықтар сатып алуға 485 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Тағы 132 миллион теңге нысанды тұрғызу үшін алынған.

 

Жобаны жылдық 6% қаржыландыру 2014 жылдың қараша айында жүзеге асырылған.

 

Жобаны қаржыландыру 2014 жылдың қараша айында басталып, 2015 жылдың қыркүйегінде кәсіпорынның тестілік шығарылымы жарық көрген. Алюминий созылмалы сым илемдері электорлы кабелдер, трансформаторлар үшін және құрыштарды өндіру барысында  пайдаланылады.

 

Бүгінгі күні компания республикадағы кабельді зауыттарға өз өнімін жеткізу жөнінде келісімшарттар жасасқан, «Кентау трансформаторлы зауыты» АҚ мен жақын шетелдегі кабельді зауыттарына. Өнімнің алғашқы легі  Өзбекстанға экспортталған.

 

Созылмалы сым илемдерін өндіру үшін алғашқы алюминий «Қазақстандық элоктролиз зауыты» АҚ (Павлодар қ.) қазақстандық кәсіпорнына жеткізілуде.

 

Қазақстан үшін бірегей болып табылатын жабдық созылмалы сымдарды алюминий құймасынан жасауға мүмкіндік береді, яғни берік әрі сымның қымбат түрін шығаруға.

 

«Біздің компанияның метал сынықтары мен түсті метал қалдығын жинап, өңдеуіне лицензиясы бар. Біз алюминий сынықтары мен қалдықтарын жинап, оларды арнайыландырылған пеште қайта балқытып, қажетті қоспаларды қоса отырып, қайта алюминий құймаларын жасаймыз. Олар металлургияда және автопромда қолданылады, оған қоса мотор блоктарын, іске қосу тетігін және өзге де механизмді жасауда, сонымен қатар құрышты қышқылсыздандыруда қолданылады», - дейді  "ЦветЛит" ЖШС Бас директорыБекжан Айтқұлов. «Жаңа бағытты іске қосу мемлекеттік қолдау мен «Даму» Қорының арқасында мүмкін болып отыр.  Жеңілдікпен алынған қаржы арқасында біз өз жобамызды жүзеге асырып, 70 аса адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырмыз, жалақылары орта есеппен – 120  мың теңгені құрайды», - деп атап өтті ол.