Вторник, 29 мая 2018

Ж. Қасымбек: Қазақстандық индустрияны цифрландырудың негізгі кедергілері мен анықталды

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуіне Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының цифрлық технологияларды енгізуге дайын екенін атап өтті.

 

«Халықаралық сарапшылармен бірге өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен өнеркәсібі секторы кәсіпорындарының Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге дайындығына бағалау жүргізілді. Олардың технологиялық деңгейі анықталды. 600-ге жуық кәсіпорынға сауалнама жүргізілді. Кәсіпорындарды цифрландыруға бөгет болатын кедергілер анықталды (бизнес ортаның цифрландырудан келетін экономикалық пайданы толық түсінбеуі; білікті мамандардың жетіспеушілігі; отандық технологиялардың баяу дамуы; қаржы ресурстарының шектеулілігі; инфрақұрылымдардың толық дамымауы)»,-деді министр.

 

Биыл қолданыстағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының базасында үлгілік цифрлы фабрикалар құру жобасын іске асыру басталды. Қазіргі уақытта іріктелген кәсіпорындарды технологиялық диагностикадан өткізу және оларға цифрлы технологияларды енгізу жол картасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

 

«Цифрлы технологияларды енгізуге едәуір дайын Тау-кен металлургия кешені салаларының кәсіпорындары. 2025 жылға дейін 146 млрд. теңге сомасына жүйе құраушы кәсіпорындардың цифрландыру элементтерін енгізу бойынша 14 жоба анықталды. Іске асырылған жобалардан біз қазір компания ішінде процестердің тиімділігін арттыруға және олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мүмкіндіктері барын көріп отырмыз. Мысалы, Қашар кенішінде ERG «ақылды кеніш» жобасы тау-көлік жабдықтарының өнімділігін 10%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Ол капитал мен операциялық шығыдарды қысқартады. Жобадан экономикалық тиімділігі 2021 жылы 9,9 млрд. теңге болады»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жыл соңына дейін Индустрияландырудың үшінші бесжылдығының тұжырымдамасы әзірленетін болады. Сыртқы нарыққа бағытталған тиімді өндірушілерді кешенді қолдауға екпін жасалады. Еңбек өнімділігін арттыру үшін кәсіпорындарды жаңарту және цифрландыруға бағытталған қолданыстағы шаралар жетілдіріледі және жаңа құралдар әзірленетін болады.

 

http://geology.mid.gov.kz