Вторник, 31 октября 2017

KAZ Minerals 2017 жылдың тоғыз айындағы өндірістік іс-қызметінің нәтижелерін жариялады

2017 жылдың тоғыз айында KAZ Minerals Тобы 193,3 мың тонна мыс[1] өндірді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен (98,6 мың тонна) салыстырғанда екі есе жоғары. Екінші тоқсанмен салыстырғанда мыстың өндіріс көлемі 14%-ға артып, 65,9 мың тоннадан 75,3 мың тоннаға дейін жеткен. Бұған негізінен Ақтоғайдағы өндіріс қарқының артуы ықпал етті.

 

Мыстың жылдық өндіріс көлемі 250-270 мың тонна аралығына дейін жоғарылады (бұған дейін 235-260 мың тонна мыс өндіру жоспарланған еді).

 

2017 жылдың тоғыз айында KAZ Minerals Тобы 51,4 млн тонна кен өндірген. Бұл Бозшакөл мен Ақтоғайдағы өндірістің артуы арқасында өткен жылдың тоғыз айындағыдан 44%-ға жоғары. Топ кәсіпорындарында 30,3 млн тонна кен өңделді. Бұл 2016 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 3 есе көп. Өңделген кеннің құрамындағы мыстың орташа үлесі – 0,73%.

 

Кендегі мырыштың төмен мөлшері өндіріс көлемінің тоқсандық тұрғыда 20%-ға және жылдық тұрғыда 19%-ға төмендеуіне алып келді. Сонымен қатар, төмендеуге Юбилейно-Снегирихин шахтасының жабылуы және Орлов шахтасындағы алты күндік жұмыс кестесі де себепкер болды. Тоғыз ай ішінде KAZ Minerals Тобы 45,8 мың тонна концентраттағы мырыш өндірді. Болжамға қарамастан Артемьев шахтасындағы өндіріс мырыштың мөлшері жоғары учаскелеріне ауыспады. Сондықтан концентраттағы мырыштың өндірістік жоспары 70-75 мың тонна аралықтан 60-65 мың тоннаға дейін төмендетілді.

 

Жоспарланғандай алтынны[2] өндіріс көлемі азайды: үшінші тоқсанда екінші тоқсанмен салыстырғанда 11%-ға азайып, 44,8 мың унцияға тең болды. Дегенмен, тоғыз ай көлеміндегі көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 61% артып, 137,8 мың унцияға жетті. Алтынның 2017 жылға жоспарланған өндіріс көлемі (150-170 мың унциядан) 160-180 мың унцияға дейін жоғарылады.

 

Үшінші тоқсандағы күмістің2 өндіріс көлемі өткен тоқсанға сәйкес келеді. Тоғыз ай ішіндегі бұл көрсеткіш 18%-ға артып, 2,7 млн унцияға жетті. Жылдық болжам жоғарылап, 3,45-3,7 млн унция (бұрын 3,1-3,35 млн унция болған) көлемінде бекітілді.

 

Өркендеу жобалары

 

Үшінші тоқсанда Павлодар облысында орналасқан Бозшакөл кен байыту кешенінде (КБК) 26,8 мың тонна мыс өндірілсе, тоғыз айда бұл көрсеткіш 78,8 мың тоннаға жетті.

 

Бозшакөл есептік қуатына (100%-дық) жетуге жақын тұр. Үшінші тоқсанда сульфидті кенді өңдейтін байыту фабрикасы (БФ) өткізу мүмкіндігінің 93%-на жетті. Айта кететін жәйт – тамыз айында кәсіпорын 100%-дық деңгейде жұмыс істеді. Каолин балшығы бар кенді өңдейтін БФ үшінші тоқсанда өткізу мүмкіндігінің 81%-на жетті.

 

Қараша айында жабдықтарға техникалық қызмет көрсету үшін Бозшакөлдегі фабрика жоспарлы түрде тоқтайды. Дегенмен КБК-ні 2017 жылы жоспарланған 100-110 мың тонна мысты өндірмекші.

 

Жылдың тоғыз айындағы алтынның жоғары деңгейдегі өндірісі 2017 жылға жоспарланған өндіріс аралығын 110-120 мың унцияға дейін ұлғайтуға (бұрын 100-110 мың унция) мүмкіндік берді.

 

Үшінші тоқсанда Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ақтоғай кен байыту кешенінде (КБК) 31,2 мың тонна мыс (оның ішінде оксидті кеннен өндірілген 8 мың тонна катодты мыс), ал тоғыз айда 64,2 мың тонна мыс (оның ішінде оксидті кеннен өндірілген 18,4 мың тонна катодты мыс) өндірілді.

 

2017 жылдың ақпан айында өндірісті бастаған сульфидті кенді өңдейтін БФ қазан айынан бастап өндірістің жобалық қуатына жетті деп жарияланды (үш ай бойы қуатының 60%-нан астамында жұмыс істеді). Үшінші тоқсанда фабриканың өткізу мүмкіндігі 66%-ды құрады.

 

Ақтоғай КБК-нің толықтай есептік қуатына жетуі 2018 жылы болады деп жоспарланып отыр.

 

Төртінші тоқсанда оксидті кендерді өңдейтін кешеннің іс-қызметіне суық ауа райы әсерін тигізеді. Дегенмен жыл қорытындысы бойынша мұнда 25 мың тоннаға дейін катодты мыс өндіру (бұрын 20 мың тонна деп айтылған) жоспарланып отыр. Осы түзетудің және сульфидті кенді өңдейтін байыту фабрикасындағы өндірісті арттырудағы ілгерілеуді ескере отырып, Ақтоғайдағы мыстың жалпы (оксидті және сульфидті кеннен) өндіріс көлемі 85-95 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

 

Шығыстүстімет пен Бозымшақ

 

Үшінші тоқсанда Шығыс өңірдегі кәсіпорындарда және Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінде 17,3 мың тонна, ал тоғыз айда 50,3 мың тонна мыс өндірілді. Жыл соңына дейін өндіріс көлемі 65 мың тонна шамасында болады деп жоспарланған. Шығыстүстіметтің кәсіпорындары және Бозымшақ КБК-ні алтынның өндірісі бойынша жоспарланған 50-60 мың унция көлеміндегі аралықтың жоғарғы шегіне жету жолында. Күміс өндіру жоспары 2,6-2,85 млн унцияға дейін ұлғайтылды.

 

Қаржылық көрсеткіштер

 

2017 жылғы 30 қыркүйектегі мәлімет бойынша KAZ Minerals Тобының таза берешегі $2,22 млрд (2017 жылғы 30 маусым: $2,44 млрд). Игеру үшін $1,68 млрд қолма-қол және пайдаланылмаған қаражат қол жетімді. Үшінші тоқсанда Топқа өркендеу жобаларының құрылысына қатысты қосымша құн салығы $74 млн көлемінде қайтарылды.

 

2017 жылдың тоғыз айындағы мыстың Лондон металдар биржасындағы орташа құны бір тоннасы үшін $5 953. 2016 жылдың тоғыз айында – бір тоннасы $4 725.

 

2017 жылдың тоғыз айын қорытындылай отырып, KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай мәлімдеді: «Ақтоғайдағы сульфидті кеннен мыс өндірісін арттырудың арқасында біз үшінші тоқсанда қырқынды жұмыс істеп, Топ бойынша мыс өндірісінің жоспарлы аралығын 250-270 мың тоннаға дейін арттырдық. Ақтоғайдағы сульфидті фабрика тоқсанның соңында жобалық өндіріс деңгейіне жетті. Біз мұндағы толықтай есептік қуатқа жетуді 2018 жылға жоспарлап отырмыз. Бозшакөлдегі сульфидті кенді өңдейтін фабрика тамыз айында өткізу мүмкіндігінің 100%-да жұмыс істеді. Бүгінгі күні KAZ Minerals мыс нарығындағы жағдайдың жақсару аясында өзінің операциялық мақсаттарына жету жолында».



[1] Мұнда және одан әрі – концентраттағы ақысы төленетін металл және Ақтоғайдағы оксидті кеннен өндірілген катодты мыс

[2] Мұнда және одан әрі – концентраттағы ақысы төленетін металл.

Актогай Катодная медь

Актогай Комплекс по переработке оксидной руды

Бозшаколь Карьер

Бозшаколь Карьер

Бозшаколь Медный концентрат

Бозшаколь ОФ по переработке сульфидной руды