Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2015 жылдың алғашқы алты айында KAZ Minerals 37 мың тонна катодты мыс өндірді. Өндіріс қарқыны жыл соңына қарай жоспарлы 80-85 мың тонна көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы ілеспе өнімдердің жылдық жоспарлы өндірісі жоғарғы межесіне дейін жетеді, яғни 90-95 мың тонна концентраттағы мырыш пен 2,2-2,5 млн унция күміс өндіріледі деп болжауға мүмкіндік береді. Алтын өндірісінің болжамды көрсеткіші 34-38 мың унцияны құрап отыр.
2015 жылдың бірінші жартысында өткізуден түскен кіріс өткен жылдың осындай кезеңіндегі 425 млн АҚШ долларымен салыстырғанда, негізінен, мыс, күміс пен алтын секілді басты металдар бағаларының төмендеуіне байланысты, 341 млн АҚШ долларына дейін қысқарды. Лондон металдар биржасындағы мыстың орташа бағасы 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы тоннасына 6916 АҚШ долларымен салыстырғанда біршама төмендеп, тоннасына 5929 АҚШ долларын құрады (-14%). Күміс пен алтын да бағасын төмендеді – тиісінше 17% және 7%.
Қалыптасқан жағдайда, KAZ Minerals өндірістің өзіндік құнын төмендетудің арқасында, есепті кезең ішінде ерекше баптарды қоспағанда 88 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі EBITDA көрсеткішіне қол жеткізді (2015 жылдың 1 шілдесінен бастап (есепті кезең аяқталғаннан кейін) коммерциялық өндіріс сатысына көшкен Бозымшақ жобасына капиталдандырылған 6 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі EBITDA көрсеткіші қосылмаған).
Директорлар Кеңесі аралық дивидендті төлемеуді ұсынады. Листингтен бері Топ акционерлерге шамамен 2,1 млрд АҚШ долларын төледі және болашақта төлемдерді қайта жалғастыруды жоспарлап отыр.
Операциялық шығындарға бақылауды күшейтудің арқасында, бірінші жартыжылдықта Топтың қолданыстағы негізгі өндірісі болып табылатын «Шығыстүстімет» ЖШС-де мыс өндірісінің жалпы ақшалай өзіндік құнын фунтына 270 АҚШ центіне дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл бұдан бұрын 2015 жылға жоспарланған фунтына 280-300 АҚШ центі көрсеткішінен төменірек. Болжамдық жылдық көрсеткіш қайта қаралып, фунтына 265-285 АҚШ центін құрайды деп күтілуде. Ілеспе өнімдер шегерілгеннен кейінгі мыс өндірісінің таза ақшалай өзіндік құны фунтына 125 АҚШ центі деңгейінде болды. Өзіндік құнның төмендеуіне ықпал еткен шаралар ретінде мына жағдайларды айтуға болады: тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер құнын төмендетуге байланысты жекелеген шарттарды қайта қарау; операциялық тиімділікті арттыру – әсіресе, модернизацияланған Николаев кен байыту фабрикасында қолданылатын реагенттердің көлемін қысқарту есебінен; іссапарлық шығыстар мен мерзімсіз жобалардың шығындарын қысқарту; шығынды материалдардың жекелеген түрлерінің және тасымалдау қызметтерінің құнын түсіру; рубльдің құнсыздануынан Ресейден әкелінетін тауарлар бағаларының төмендеуі.
Өндірісті қолдауға кететін капиталдық шығындар 25 млн АҚШ долларын құрады. Осыдан бұрын өндірісті қолдауға кететін капиталдық шығындар 2015 жылы «Шығыстүстімет» ЖШС үшін 80-100 млн АҚШ долларын және Бозымшақ жобасы үшін 10 млн АҚШ долларын құрайды деп жоспарланған болатын. Өндірісті қолдауға кететін капиталдық шығындардың зор бөлігі 2015 жылдың екінші жартыжылдығына келеді және қалғаны 2016 жылға шегерілуі мүмкін. «Шығыстүстімет» ЖШС-де өндірісті оңтайландыру жөніндегі мынадай екі жоба іске асырылуда: Николаев кен байыту фабрикасын жаңғыртуды аяқтау және сол фабриканы Артемьев шахтасымен байланыстыратын теміржолдың құрылысы. Николаев кен байыту фабрикасын модернизациялауды 2016 жылдың бірінші жартысында аяқтау жоспарланды – бұл жылы осы мақсатқа 15 млн АҚШ долларын жұмсау жоспарланған. Теміржол торабының құрылысын 2015 жылдың соңына қарай бастау жоспарланып отыр. Алдын ала жоспар бойынша жоба 8 млн АҚШ долларын құрайды.
2015 жылдың бірінші жартысында Бозшакөл КБК құрылысына жұмсалатын капиталдық шығындар 215 млн АҚШ долларын құрады. Құрылыс біткенше тағы да 640 млн АҚШ доллары инвестицияланады, бұл ретте осы қаражаттың бір бөлігі күтіліп отырғандай каолинделген кенді өңдеу жөніндегі кен байыту кешенінің құрамына кіретін құрылыстың аяқталуы себебінен 2016 жылға көшеді. Жоба бойынша капиталдық құрылыстың жалпы көлемі 2,2 млрд АҚШ долларын құрайды.
Есепті кезеңде Ақтоғай КБК құрылысының капиталдық шығындары 286 млн.АҚШ долларын құрады. 2015 жылы барлық капиталдық шығындардың жалпы көлемі 600 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба бойынша капиталдық құрылыстың жалпы көлемі 2,3 млрд АҚШ долларын құрамақ.
KAZ Minerals даму жобаларының құрылысы аяқталу кезеңінде және олардың толық жобалық қуатына шығуы кезеңінде жеткілікті өтімділікке ие. 2015 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша 2,21 млрд АҚШ доллары мөлшеріндегі қаражат дайын: 1,46 млрд АҚШ доллары ақшалай немесе оның теңгерімде және 750 млн АҚШ доллары Қытайдың Мемлекеттік Даму банкі Ақтоғай жобасын іске асыруға бөлген несиелік желі бойынша. 2015 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша Топтың таза берешегі 1,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, тамыз айында KAZ Minerals Caterpillar Inc компаниясымен 50 млн АҚШ доллары сомасында револьверлік несиелік желі туралы келісімге қол қойылғандығы туралы хабарлаған болатын.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында Топтың даму жобаларын іске асыру барысында біршама ілгерілеуге қол жеткізілді. Бозшакөлде карьер судан толық тазартылды, кен алуға дайындық жүргізілуде, үшінші тоқсанға сульфидті кен өндіруді бастау межеленді. Өңдеу жабдықтарын орнату іс жүзінде аяқталды, қазіргі уақытта ол сынақтан өткізілуде. Құрылысы жүріп жатқан кен байыту фабрикасының ішіндегі үгіту цехында 14 тамыз күні туындаған өрт, жекелеген конструкциялар мен жабдықтарға залал келтірді. Енді жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болады. Өрт шарлы үгіткіштер центрифугаларының ауданында оқшауланды, сөйтіп, Фабриканың ғимаратында өрттің таралуы ауыздықталды. Шығынды алдын ала бағалау жүргізілді. Қазіргі кезеңде ықтималды залал мен оның дәрежесін жабдықтарды жеткізушінің тарапынан толық тергеліп, сынақтар өткізілмейінше, майдалау үгіткіштері үшін келтірілген залалды нақты анықтау мүмкін болмай отыр. Сараптау аяқталған соң, Топ осы жайлы қосымша хабарлайды. Жөндеу жұмыстарының құны сақтандыру компанияларымен қайтарылады әрі жобаның бюджетіне еш әсер етпейді. Жөндеу жұмыстарын жеделдету үшін Бозшакөлге Ақтоғай кен байыту фабрикасындағыдай сульфидті кен өңдеуші жабдықтар жеткізілді. Бүгінгі таңдағы қолда бар мәліметтерге қарағанда, өрт салдарынан Бозшакөл фабрикасының іске қосылуы 2016 жылдың бірінші тоқсанына шегерілуі мүмкін.
Ақтоғайда тотықтандырылған кенді өндіру жұмыстары басталып кетті, оны сілтілеп өңдеу әдісімен, сұйықтықпен экстракциялау әрі электролиздеу жолымен алады. Шілде айының соңындағы жағдай бойынша, одан әрі суландыру үшін сілтілеп өңдеу панелінде құрамындағы мыс мөлшері 0,35 пайызды құрайтын 1,075 млн тонна кен жүктелген. Бұл тотықтандырылған кенді өңдеу кешені жқмысқа дайын. Катодты мысты өндіру ісін 2015 жылдың төртінші тоқсанында бастау жоспарланып отыр. Кәсіпорын толық өндірістік қуатына шыққанда тотықтандырылған кенен 15 мың тоннаға дейін катодты мыс өндірілмек. Сульфидті кенді өңдеу жөніндегі кен байыту фабрикасының құрылысы кесте бойынша жүзеге асуда. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Бірінші жартыжылдықта біз даму жобаларымызды іске асыру барысында біршама ілгерілеуге қол жеткіздік. Тау-кен жұмыстарына дайындық жүргізілуде, осы жылы Ақтоғайда тотықтандырылған кеннен катодты мыс өндіруді жоспарлап отырмыз. 14 тамыз күнгі өрттің шығынын алдын ала сараптау нәтижесінде кен байыту фабрикасының іске қосылуы 2016 жылдың бірінші тоқсанына шегерілуі мүмкін деп айтуға негіз болып отыр. Бұл ретте бюджет өзгеріссіз қалады. Шығыс Қазақстандағы қолданыстағы негізгі кәсіпорындарымыз жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді, сөйтіп біз мыс өндіру жөніндегі жылдық жоспарымызды орындап шығуға ынталымыз. Бұл ретте, шығындарға бақылауды күшейтудің арқасында біз өнімдеріміздің өзіндік құнын кемітуге қол жеткіздік»-деп мәлімдеді KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук.