Пятница, 04 марта 2016

Ақсу ферроқорытпа зауытында жүкті жаңаша тиейтін болады

Еуразиялық Топқа кіретін (ERG), «Қазхром»ТҰК» АҚ  филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының теміржолшылары теңіз контейнерлерімен ферроқорытпаларды тиеу учаскесі үшін жаңа техника алды. Бұл ирландық «Stacker» жан-жақты, сонымен қатар германдық «Mettler Toledo»  автомобиль таразысы бар жетілдірілген, өзі жүретін жүк тиегіш.

 

Зауыт жұмысшылары бұрын металды тиеу үшін 20 футтық контейнерлермен жұмыс жасаса, ал қазір жаңа жабдықтың көмегімен 40 футтық көнтейнерлермен жөнелтуге мүмкіндік береді. Теңіз контейнерлерімен ферроқорытпалардың тиеу учаскесі (ТКФТУ) мамандарының айтуы бойынша бүгінгі күні мұндай операция барлық Еуразиялық Топтар бөлімшелері  ішінен тек АқсуФЗ жүзеге асырылып отыр.

 

Бұрын үлкен көлемді ыдыстарды салу мүмкіндігі туралы мәселе қайта-қайта туындаған, бірақ біздің алаңда жоғары дәлдікпен өндіріс таразысы болмағандықтан біз мұнымен тығыз айналыса алмадық – дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Сергей Прокопьев. – Бүгін жаңа техниканы алып және оны меңгергеннен кейін теміржол цехында бұл мәселені шешетін арнайы учаске құрылды. Жаңа жабдық алдағы уақытта тәулігіне 15 үлкен контейнер тиеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде ТКФТУ одан да жан-жақты жетілдіре  түседі. Оның ауқымы және өндіріс мүмкіндіктері қонақтарды бекерге таңдандырмайды. Өз міндеттерін ол әрдайым керемет орындайды.

 

Заманауи таразы тек ғана үлкен алаңымен бірге еш қиындықсыз екі түрлі контейнер түгіл  ауыр жүктерді тасуға арналған автомобиль де өлшене алады, сонымен қатар дәлдігі өте жоғары бола алады. Олардың ұйғарынды бір кемшілігі, салмағы 25 тоннадан жоғары контейнерлерде 30 килограммнан аспайды. Айтарлықтай таразы алаңы да биік емес. Бұл баспалдақты және басқа құралдарды қолдануды қажет етпейді, бұл жұмысшы адамдардың қажетті қауіпсіздігін, сонымен қатар жөндеу және қызмет көрсету ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

 

«Stacker» өзі жүретін жүк артқыш машинасы өнімділігімен және алдыңғы техникалық жарақтандырулармен ерекшеленеді. Агрегаттың қабылдау бункері, берік гидравликалық жүйесі, май жылытқышымен қуатты қозғалтқышы және таспалы конвейері бар. Бұл автоматтандырылған техникамен қолдан, сонымен қатар екі пульт көмегімен: сымдық және радиомен басқарылатын пульттармен басқаруға болады. Машинаның тиянақты қауіпсіздік жүйесі бар. Механизм жағдайы туралы сигнал беретін көптеген тетіктерімен бірге, қажет болған жағдайда жүк тиегіш адамдарға және жабдыққа тигізетін қауіп-қатерді жою үшін тез арада тоқтата алады.

 

www.erg.kz