Eуразиялық Топтың Басқарма төрағасы Альдияр Казтаев және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Меморандумға қол қойды. Сонымен қатар іс-шараға қатысқан ERG Директорлар Кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич былай атап өтті:
– Бүгін Еуразиялық Топ Ақтөбе өңірінің әлеуметтік сұрақтарын шешуде белсенді ұстанымын дәлелдеп отыр. ERG Елбасының «Нұрлы жол» атты жолдауында қойылған міндеттеріне сүйене отырып, өзінің әлеуметтік міндеттерін әр кезде толық көлемде орындайды. Ақтөбе және Павлодар қалаларында әкімшілікпен және кәсіподақтармен жұмыс орындарын сақтау және өндірістік үдерістерді тұрақтандыру бойынша үш жақты Меморандум жасадық. Соңғы бес жылда (2011-2015 жж.) Қазақстандағы Еуразиялық Топтың барлық кәсіпорындары қызметкерлердің әлеуметті қорғанымы мен әлеуметтік саланы қаржыландыруға және демеушілік пен қайырымдылыққа 103 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады.
Әлемдік тау-кен және металлургия саласындағы экономикалық жағдайға қарамастан, 2016 жылы Меморандум аясында ЕRG бағыттаған қаражат сомасы екі есе өсіп, 1,7 млрд теңгені құрады. Қаражат өңірдің дамуына, спорт пен өнерді қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Осы барлық нысандар Топ кәсіпорындарының қызметкерлерін, сонымен қатар облыстың барлық тұрғындары арасында спорттық және шығармашылық кадрларының ұстаханасы ретінде қызмет етеді. Мысалы, әлемге танымал – қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов алғаш рет өнер әлеміне Металлургтер мәдениет үйінің сахнасынан қадам жасады, волейболшы Сабина Алтынбекова өзінің спорттағы жолын АФЗ ДШСК-де бастады, Хромтаудағы ушу секциясы әлемдік чемпионаттарда әрдайым жүлдегер болады.
Еуразиялық Топ жыл сайын өңірге маңызды инфрақұрылым, әлеуметтік және мәдени жобаларды қаржыландыру бойынша міндеттерді өзіне алады. Соңғы төрт жылда (2012-2015 жж.) аймақты дамытуға 3 млрд теңге, сонымен қатар Хромтау қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын көркейтуге және қаржыландыруға 340 млн теңге бағытталды. Солардың ішінде ірі жобалар «Гүлдер» және «Айгөлек» атты екі бала бақшаға күрделі жөндеу жүргізу, «Новая станция» шағын ауданында және 22-ші орамада электр жабдықтау және сумен жабдықтау желілерінің құрылысы сияқты ірі жобалар. Дәстүр бойынша дуалды оқу-білімнің озық бағытын дамыту аясында – Хромтау тау-кен колледжіне ақысыз көмек көрсетілді. Өткен жылда республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық ісшараларға біршама қаржы жұмсалды.
Ақтөбеде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты көркейту және жаңарту, қаланың автомобиль жолдарын қайта құру және күрделі жөндеу сияқты манызды жобалар қаржыландырылды. Алғаның балалар үйіне қолдау жасалды.
EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫАНЫҚТАМА
EurasianResourcesGroup (ERG) – кәсіпорындары қазып шығару, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды өңдейтін әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады.
Төрт құрлықта орналасқан 14 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары мен бизнесті дамыту жобалары жұмыс істеуде. Компания өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі. 2014 жылы EurasianResourcesGroup 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Басқарушы компанияның бас кеңсесі Люксембургте орналасқан.
Бүгінде ERG феррохром өндіру жөнінен және темір кенін жеткізуші әлемдік деңгейдегі ірі компанияға айналды. Еуразиялық Топ сондай-ақ, дүние жүзіндегі алюминий шикізатын өндіруші компаниялардың ондығына кіреді және мыс пен кобальтты жеткізуші ірі компаниялар қатарында.
ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Казхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл Көмір» және «ТрансКом» Көліктік тобы. Қазақстандағы ERG кәсіпорындарында 61 мың адам жұмыс істейді.
Конго Демократиялық Республикасында ERG – BossMining, Frontier және Comide кәсіпорындарында мыс және кобальт кенін өндіріп, өңдейді. Аталған елде сондай-ақ, Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) секілді аяқталуға жақын бірнеше жобалар жүзеге асырылуда.
ERG-дің мыс балқыту зауыты ChambishiMetalsPLC – Замбиядағы жетекші кәсіпорын және әлемдегі мыс өндіретін ірі өндіріс орны. Сонымен қатар, компанияның Африка құрлығындағы бірнеше елде, оның ішінде Оңтүстік Африка республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру бойынша жобалары бар.
Бразилияда ERG жылына 20 млн тонна өнім беретін темір кен өндірісі – PedradeFerro жобасын іске асыруды жалғастыруда.