Пятница, 12 декабря 2014

Павлодар облысында құны 2,7 млрд теңгені құрайтын кен байыту фабрикасы ашылды

Екібастұздың ауылдық аймағында «Аяқ-Қожан» кен орнында Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының индустрияландыру картасы аясында тау-кен байыту фабрикасы пайдалануға берілді

«Fonet Er-Tai AK MINING» ЖШС бас директоры Зияда Мұқатаеваның ақпаратынша, жоба құны – 2,7 млрд теңге. Жаңа фабриканың қуаты жылына 500 мың тонна байытылған кен мен 26 мың тонна мыс флотоконцентратын құрайды. Жаңа өндіріс өнімдерін Қазақстанда ғана сатып қоймай, басқа елдерге экспорттау жоспарда бар.

 

«Осы жылдың қыркүйегінде бұл жерде мыс шығаратын зауыт іске қосылған еді. Бүгін мыс кенін байыту фабрикасы ашылып отыр. Бұл ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүйелі жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Павлодар облысы елді индустрияландырудың белсенді қатысушысы. Өңірде 87 жоба жүзеге асырылуда, оның 63-і бүгінде сәтті жұмыс істеп жатыр. 2020 жылға дейін құны 1,1 трлн теңге болатын тағы 19 жобаны іске асыру көзделіп отыр. 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды», - деп атап өтті іске қосу салтанатында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

 

BNews.kz