Жұма, 21 Ақпан 2020

Алматыда: юниорлардың геологиялық барлауы тақырыбында Mining Club кездесуі өтті

2020 ж. 21 ақпанда  Алматы қ. Novotel Almaty City Center-де Mining Club-тың кездесуі өтті


Іс-шараға 80-нен астам қатты пайдалы қазбалар бойынша геологиялық барлаудағы  юниорлық және сервистік компаниялар, Қазақстанның ірі тау-кен өндіру кәсіпорнының басшылары мен мамандары, Қазақстанның бейінді тізімдемелерінің өкілдері, шетелдік мемлекеттердің тәуелсіз сарапшылары мен сауда миссиялары  қатысты.

Мақсаты - юниорлық компаниялар нарығын дамыту және Қазақстанның геологиялық барлау саласына инвестиция тарту.

Қатысушылар юниорлық компаниялар логистикасының мәселелерін, қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерін, юниорлық нарықты дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын, қатты пайдалы қазбаларды барлауды реттеу және жоспарлау мәселелерін талқылады.  "Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ біздің елімізде қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша юниорларды қаржыландыруға өз бағдарламасын ұсынды.

Тимур Одилов, серіктес, Haller Lomax өкілі: “Біз осы клубты қалыптастырдық және ұлттық юниорлық нарық бар екендігін көрсету үшін, заманауи талаптарда нақты сол біздің еліміздің минералды-шикізаттық базасын қалпына келтіруде геологиялық барлаумен айналысуы үшін қазіргі уақытта өте көкейтесті тақырыпқа кездесу өткізуді шештік. Біз пікір алмасу, тау-геологиялық компаниялардың дамуына сонымен қатар, қаржыландыруды тартуға көмектесу және үйрету үшін осыған қызығушылық танытып отырған барлық тұлғаларды жинауға бел будық.

Саид Султанов, Aurora Minerals Group серіктесі: “Әлемдік статистика соңғы 70 жылдықта алтын кен орнының 70%-ын нақты юниор-компаниялар ашқандығын көрсетіп отыр. Қазақстанда ірі кен орындары санының қазіргі қысқаруы жағдайында юниорлар нарқын дамыту үшін жағымды орта/экожүйе қалыптастырып, сол арқылы жаңа кен орындарының есебінен  елдің минералдық запасын толтырып, экономиканың осы саласының сандық және сапалық өсуін қамтамасыз ету аса маңызды”.

Қанат Құдайберген,"Тау-Кен Самұрық" ҰТК» АҚ басқарма төрағасы: “Біз юниорлық нарықтың даму әлеуетін көріп отырмыз. Кішкентай компаниялар үшін қаржыландыру құралдарына қолжетімсіздік мәселесі бар екендігі құпия емес. Біз Ұлттық компания ретінде, болашағы бар геологиялық барлау жобаларын қолдауға дайынбыз.  Атап айтқанда, Тау-Кен Самұрық пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін алтын, мыс және мырыш кен орындарын қарастырып отыр.”

Ұйымдастырушылар - Haller Lomax заң фирмасы, Aurora Minerals Group геологиялық барлау компаниясы және «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, ұйымдастырушы жөніндегі серіктес - Lincoln Company.