Сейсенбі, 29 Қаңтар 2019

Баимская мыс жобасын сатып алу мәмілесінің аяқталуы

KAZ Minerals Баимcкая мыс жобасын сатып алу жөніндегі мәміленің алғашқы аяқталуы туралы мәлімдейді. Бұған монополияға қарсы және өзге де реттеуші келісімдер мен Топ 2018 жылғы 2 тамызда мәлімдеген келісім аясындағы басқа шарттарды орындағаннан кейін қол жетті.

 

Алғашқы аяқталу бойынша төленетін ақы ақшалай қаражат түріндегі $436 млн1-дан және KAZ Minerals PLC-дің жаңа 22 344 944 акциясынан құралған. Алғашқы акциялық ақыны құрайтын акциялар шығарылып, сатушыға берілді және олар KAZ Minerals PLC-дің қолданыстағы акцияларымен барлық тұрғыдан бірдей. Алғашқы акциялық ақы ресми тізімге енгізіліп, Лондон қор биржасының негізгі нарығындағы саудаға 2019 жылғы 24 қаңтарда қосылады деп күтіліп отыр. Дегенмен бұл акцияларды сатуға үш жыл бойы тыйым салынған және бұл тыйымның уақыты мәміленің алғашқы аяқталуына үш жыл толғанда тоқтайды.

 

Алғашқы акциялық ақыны шығарғаннан кейін KAZ Minerals PLC-дің шығарылған жалпы акцияларының саны 480 723 977 құрады. Оның ішінде қазынашылықтағы 10 133 458 акция бар. Сөйтіп, KAZ Minerals PLC-дің дауыс беру құқығы бар жалпы акциялық капиталы 470 590 519 акцияны құрап отыр.    

 

2019 жылдың ішінде Топ жобаның банктік техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша ілгерілемек. Fluor компаниясы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) жасайтын бас мердігер болып тағайындалды, жұмыстар басталып кетті. ТЭН-нің нәтижелері, оның ішінде күрделі шығындардың кестесі, өндіріс көлемдері, операциялық шығындар және өндірісті қолдауға қажетті күрделі шығындар бойынша жоспарлы көрсеткіштер 2020 жылдың бірінші жартысында жарияланады деп жоспарланған. ТЭН-мен қатар, Топ банктермен құрылыс барысын қаржыландыру жөніндегі келіссөздер жүргізуді және әлеуетті серіктестікті бағалауды жалғастырады. Баимская кен орынын энергиямен қамтамасыз ететін және мемлекет тарапынан қаржыландырылатын инфрақұрылымдық жобалар жоспарға сәйкес іске асырылып келеді. Билибинодан келетін 110 кВ болатын электр желісінің құрылысы кестеге сай жүріп, 2019 жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл желі жобаны құрылыс кезінде электр қуатымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Чукот автономиялы округіндегі қазіргі Озық қарқынмен әлеуметтік-экономикалық даму аумағы (ОДА) кеңейтіліп, оған Баимская жобасының лицензиялы аумағы кірді. Қолданыстағы ережелерге сәйкес Топ ОДА мәртебесін алуға өтініш береді.

 

Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Біз әлемнің игерілмеген ең ірі кен орындарының қатарына кіретін Баимская жобасын сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталуы туралы хабарлауға қуаныштымыз. Қазақстанда  бюджет пен тиісті мерзімдер аясында салып, сәтті іске қосқан аз шығынды карьерлік типтегі кеніштеріміздің ұқсастығын ескерсек, KAZ Minerals бұл жобаны іске асыруға лайықты компания. Ақтоғайдағы кеңейту жобамызды да ескере отырып, біз саладағы мыс өндірісі көлемінің артуының орта және ұзақ мерзімді көшбасшылығын қамтамасыз еттік. Оған нарықта ұсыныстың айтарлықтай дефициті кезінде жетеміз деп отырмыз. Біз трансформациялық өсімнің жаңа кезеңіне кіріп жатқанда мен акционерлерді ілгерілеу туралы хабардар ету мүмкіндігін асыға күтемін».