Сейсенбі, 23 Мамыр 2017

25 мамыр күні Астанада Тәуелсіздік Сарайында 8-ші Ұлттық салалық «Алтын Гефест» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау бойынша салтанатты рәсім өткізіледі!

«Алтын Гефест»  сыйлығын 2010 жылы Инвестициялар және даму Министрлігі бекіткен. «Алтын Гефест»   ол ел игілігі үшін жасалған еңбекті,  тиімді  жемісті жұмысты, өзө жұмысына берілгендікті мойындау! Ол Еңбек Адамына құрмет көрсету! Жыл сайын тәуелсіз құрметті комиссиялық жюри ТМК дамуына қомақты үлес қосқан тау-металлургия саласының үздік өкілдерін, өз ісінің шеберлерін таңдайды. Сондай-ақ сыйлықпен  жедел жобаларға, ғылыми жұмыстарға, студенттік және медиа-жобалар да атап өтіледі.

 

Жыл сайын сыйлық танымалдығы мен маңыздылығы өсіп келеді. Былтырғы жылдың жеңімпазы, «Жыл кеншісі» атағын алған «Корпорация Қазақмыс» ЖШС атқарушы директоры Талғат Мағзумов: «Бұл біздің еліміздегі маңызды оқиға және жоғары кәсіби шара.  Тау-металлургия өнеркәсібі – кез келген мемлекеттің негізін қалаушы өнеркәсіп, және осы салада ең үздік шеберлерді анықтау үшін сайыс  өткізу – қажетті де маңызды іс.  «Жыл кеншісі» атағы  мен үшін кәсіпорнымның, жалпы еліміздің игілігі үшін менің кәсіби шеберлігім мен елеулі еңбегімді мойындау, менің осы саладағы ұзақ  кәсіби қызметімнің керемет қорытындысы болып табылады. Осы марапат мен бұдан да жемісті жұмыстар атқаруға және жаңа биіктерді алуға шабыттандырды. Жыл сайын тау-металлургия өнеркәсібінің хас-шеберлерін марапаттау – керемет дәстүр деп санаймын!» - деп атап өтті.

 

Биылғы жылы ұйымдастыру комитеті өтінімдердің рекордтық санын қабылдады. Осындай өсім кездейсоқ емес: «Алтын Гефест» - тек қана еңбекті құрметтеу ғана емес, ол сонымен қатар перспективаларды, өзінің маңыздылығы мен кәсіби көкжиектерді түсіну болып табылады!

 

«Жеңіс маған  қазіргі  уақытта ғылымның өте қажет екендігіне сенімімді нығайтты.  Ал қызығушылықпен жұмыс істейтін жас адамдар міндетті түрде нәтижелерге  қол жеткізеді, өзін таныта алады. Мен өз дипломымның тақырыбы бойынша жұмысымды жалғастырамын,  бүгінгі таңда мен магистр ретінде металлургия кәсіпорындарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы жұмыспен байланысты ұйымға жұмысқа кірдім. Жыл сайын біздің университет әртүрлі сайыстарға қатысады, оқытушылар да, магистранттар мен студенттер де жұмыс істейтін тақырыптар бойынша гранттар жеңіп алады.  КарМТУ өзін «Алтын Гефесте» әлі талай көрсетеді деген үміттемін», - деді былтырғы жылғы «Үздік дипломдық жұмыс» атауының жеңімпазы Темирлан Насенов.

 

2017 жыл сыйлығына өтінімдер қабылдау 10 мамыр күні аяқталды. Жюри жұмысқа кірісіп те кетті. Биылғы жылы 12 позиция бойынша 190 номинаттар үміттеніп отыр! Өтінімдердің осындай үлкен көлемімен жұмыс істеу қатысушылардың материалдары мен деректерін  электрондық өңдеу жүйесін уақтылы енгізу арқасында мүмкін болды.

 

Марапаттау бойынша салтанатты рәсім VIII Халықаралық тау-металлургия Конгресі мен «Astana Mining & Metallurgy» – АММ-2017  Көрмесі аясында ERG компаниясының демеушілік және ұйымдастырушылық қолдауымен өтеді.

 

Қосымша ақпарат http://www.amm.kz/ru/gefest ресми сайтында орналастырылған