Сейсенбі, 25 Қараша 2014

«Қазақмыс» Корпорациясының активтері жаңа «Kazakhmys Holding» ЖШС-не беріледі

Қазақстанда жаңадан жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Kazakhmys Holding» («Қазақмыс  холдингі») ашылды. Жаңадан құрылған ЖШС-не  таяу  арада  Қарағанды, Жезқазған, Балқаш  аймақтарында орналасқан  «Қазақмыс Корпорациясы», «Қазақмыс Смэлтинг», «Қазақмыс Энержи» сияқты алып кен-металлургия комбинаты мен энергетикалық компанияларды  сенімділікпен  өткізу  жоспарлануда.

 

Серіктестіктің басшылығына Владимир Сергеевич Ким, ал директорлар кеңесінің басшылығына (атқарушы органға) Эдуард Викторович Огай тағайындалды.