Сейсенбі, 07 Тамыз 2018

KAZ Minerals Тобы Баимская мыс жобасын сатып алуда

KAZ Minerals Ресей Федерациясы (РФ) Чукот автономиялы округындағы Баимская мыс жобасын сатып алу жөніндегі келісімнің жасалғаны туралы хабарлайды. Ол үшін ақшалай қаражат және акциялар түріндегі $900 млн ақы төленеді, оның ішіндегі $675 млн бастапқы ақы және $225 млн кейінге қалдырылған ақы

Жаһандық маңызы бар мыс жобасы

 

  • Баимская – ашық типтегі кеніш негізінде төмен шығынды, әрі ауқымды мыс өндірісін құру әлеуеті бар әлемдегі игерілмеген ірі мыс алаңдарының бірі.
  • JORC кодексі бойынша қазіргі ресурстары: 9,5 млн тонна мыс, кендегі мыстың мөлшері 0,43% және 16,5 млн унция алтын, кендегі алтынның мөлшері 0,23 г/т
  • Алғашқы он жылдағы өндірістік күтіліп отырған жылдық орташа көрсеткіштер: шамамен 250 мың тонна мыс және 400 мың унция алтын, немесе мыс эквивалентімен1 есептесек, 330 мың тонна. Кеніштің пайдалану мерзімі 25 жыл, операциялық шығындары бойынша шығындар жаһандық қисығында жоба бірінші квартильде және өндірістің алғашқы он жылында кендегі металдардың жоғары мөлшері жоғары болады
  • Fluor инженерлік компаниясы жобаның алдын ала техника-экономикалық негіздемесін аяқтады
  • Кенішті игерудің күрделі шығындары $5,5 млрд2 деп бағаланды және техника-экономикалық негіздемені жасау барысында пысықталады
  • Жоба РФ-ның үкіметі экономикалық даму үшін стратегиялық маңызды деп анықтаған өңірде орналасқан. Мемлекет инфрақұрылымды дамытып, салықтық жеңілдіктер беретіндіктен жоба артықшылыққа ие болады деп күтіліп отыр
  • Игеру стратегиясы, оның ішінде қаржыландыру көздерін және әлеуетті серіктестік амалдарын анықтау, техника-экономикалық негіздеме барысында анықталады
  • Тартымды ішкі табыс нормасы (IRR) аясындағы таза келтірінді құнның (NPV) айтарлықтай өсімі күтіліп отыр

 

Мәміленің құрылымына шолу

 

  • Ақының құрылымы жобаны іске асыруда сатушының қолдау көрсетуіне тұрақты түрткі болады және барлық акционерлердің мүдделерінің келісімін қамтасыз етеді
  • Сатушы жобаны игерудің күрделі шығындарын қаржыландыруға қатыспайды. Бұл кейінгі қалдырылған ақының құрылымында ескерілген.
  • Жобаның 75% үлесі үшін $675 млн көлеміндегі алғашқы ақы
    • $436 млн ақшалай қаражат
    • KAZ Minerals-тың 22,3 млн жаңа акциясы. Олар сатушыға немесе оның үлестес тұлғаларына шығарылады және ол қазіргі шығарылған акционерлік капиталдың3 құны $239 млн4 болатын 5,0% құрайды. Олардың үш жыл бойы сатуға тыйым салынған
    • 2019 жылдың бірінші жартысында күтіліп отырған мәміленің алғашқы аяқталуы кезінде, монополияға қарсы және басқа да реттеуші келісімдерді алған соң, өзге де шарттар орындалғаннан кейін төленеді
  • Жобаның қалған 25% үлесі үшін $225 млн көлеміндегі ақшалай қаражат немесе акциялар4 түріндегі кейінге қалдырылған төлем
    • Жобаны іске асыру шарттары 2029 жылғы 31 наурызға дейін орындалған жағдайда коммерциялық өндіріске жеткен күнге сәйкес кейінге қалдырылған төлем KAZ Minerals-тың 21,0 млн дана акциясымен төленеді. Бұл қазіргі шығарылған акционерлік капиталдың3 4,7% құрайды
    • Жобаны іске асыру шарттарына мемлекет тарапынан көліктік және энергетикалық инфрақұрылымды салу, федералды салықтық жеңілдіктерді ұсыну және Певек портынан жыл бойғы навигацияға қол жеткізу жатады
    • Жобаны іске асырудың шарттары орындалмаған жағдайда кейінге қалдырылған төлем 2029 жылғы 31 наурыздағы шекті күнге $225 млн ақшалай қаражатпен төленетін болады

 

KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Баимская жобасын сатып алу KAZ Minerals-тың транформациясындағы келесі қадам болып табылады. Ресейдегі бұл жаңа жобаны игеру Топқа саладағы көшбасшылық өсімді жалғастырып, құн және көлем өсімін қамтамасыз етеді. Ал болжамға сәйкес бұл уақытта мыс нарығы ұсыныстың айтарлықтай аз болатын кезеңіне өтеді. Қазақстандағы Бозшакөл мен Ақтоғай сияқты жобаларды салу мен сәтті іске қосудың арқасында біз ауқымды жобаларды іске асыруда тәжірибе жинақтадық, осының арқасында KAZ Minerals бұл жаһандық маңызы бар активті игерудің мінсіз плафтормасына айналды».

 

Мыс өндірісінің жоғары өсімін қамтамасыз ету

 

Бұл мәміле және Баимская мыс жобасын одан арғы іске асыру Топқа жоғары өсімін жалғастыруға мүмкіндік беріп, Топтың портфеліне ірі ауқымды, ұзақ мерзімді активті қосады. Мысқа сұраныс өсе түседі деп болжанып отыр. Оны экономиканың дамыған секторларымен қатар, сұраныстың жаңа көздері, айталық, жанданатын көздерден электр қуатын алу және электрмобильдер өндірісінің артуы қамтамасыз етеді. Болжамдарға сәйкес жаңа жобалар салынбағандықтан мыс өндірушілерінің ұсынысы азайып, 2020 жылдан5 бастап сұраныс пен ұсыныстың балансы арта түсетін дефицит кезеңіне өтеді.

 

Жаһандық деңгейде операциялық шығындары тартымды жобалар өте сирек кездеседі. Көпшілік жобаларды игеруде қиындықтар басым, оның ішінде экологиялық, инфрақұрылымдық, құзыреттік және кадрлық тәуекелдер және жергілікті тұрғындармен қарым-қатынастағы тәуекелдер бар. Жаңа мыс жобалардың күрделі шығындары 2012 жылдағы шамамен $32 млрд-дан 2017 жылдағы6 $12 млрд-ға жуық көрсеткішке дейін айтарлықтай қысқарды. Бұл болжаным отырған мыс ұсынысындағы дефицитке жағдай жасап отыр.

 

Баимская жобасы KAZ Minerals-тың ТМД елдері аумағында ірі мыс жобаларын дамыту жөніндегі дәлелденген қабілетін пайдалана отырып,  қосымша құнның өсімін қамтамасыз  етудегі сирек кездесетін мүмкіндік беріп отыр.  

 

Баимская жобасын шолу

 

Баимская жобасы РФ-ның Чукот автономиялы округында орналасқан және ашық типтегі кеніш негізінде төмен шығынды, әрі ауқымды мыс өндіретін тау-кен байыту комбинатын құру әлеуеті бар әлемдегі игерілмеген ірі мыс алаңдарының бірі. Баимская лицензиялы алаңының аумағында орналасқан Песчанка кен орынының ресурстары JORC кодексіне сәйкес бағаланып, 9,5 млн тонна мыс, кендегі мыстың мөлшері 0,43% және кендегі алтынның мөлшері 0,23 г/т болатын 16,5 млн унция алтынды құрайды. Іске қосылғаннан кейін жоба алғашқы он жылдағы күтіліп отырған жылдық орташа көрсеткіштер шамамен 250 мың тонна мыс және 400 мың унция алтын немесе эквивалентімен1 есептесек, 330 мың тонна болмақ. Ал Топтың жалпы жылдық мыс өндірісі 2027-2036 жылдар аралығындағы онжылдық кезеңде 500 мың тоннаны құрайды.

 

Болжам бойынша кеніштің пайдалану мерзімі 25 жылды құрайды, ал екі кен байыту фабрикасындағы жылдық өңдеу көлемі жылына 60 млн тонна деңгейіне болмақ. Аршылымның 0,8 көлемі және ілеспе өнім ретіндегі алтынның жоғары көлемі, жалпы ақшалай өзіндік құнның төмендігімен қатар келгенде жаһандық шығындар қисығындағы бірінші квартиліндегі бәсекелігі жоғары таза ақшалай өзіндік құнды қамтамасыз етеді. Бастапқыда жоба Песчанка кен орынында шоғырланып, кейін лицензиялы аймақтың аумағында одан арғы барлаудың әлеуетін сақтайды.

 

 

 

Есептелген

Болжамды

Перспективалы

Барлығы

Минералды ресурстар

млн т

139

1 289

774

2 202

Мыс

%

0,72

0,44

0,36

0,43

 

млн т

1,0

5,7

2,8

9,5

Алтын

г/т

0,39

0,26

0,16

0,23

 

млн унция

1,7

10,8

4,0

16,5

Күміс

г/т

4,0

2,4

2,0

2,4

Молибден

ч./млн.

140

120

90

110

 

 

 

Инфрақұрылым және мемлекеттік қолдау

 

Топтың Баимская кен орынын сатып алу туралы шешімі РФ Үкіметінің Қиыр Шығыс федералды округынның инфрақұрылымын айтарлықтай дамыту жоспарымен үйлесіп отыр.

 

Жобаны құрылыс кезінде электр энергиясымен қамтамасыз ресейлік үкіметпен қаржыландырылып, қазіргі уақытта салынып жатыр. Магаданның жанындағы гидроэнергетикалық нысандарға қосу үшін 220 кВ электр желілердің құрылысына қаржы бөлінді – бұл кеніштің болашақтағы өндірістік қуатына жеткілікті. Мыс концентраты тұтынушыларға жобадан солтүстікке қарай 700 км қашықтықта орналасқан Певек портынан жеткізілетін болады. Бастапқыда кен орынға Певек портанынан келетін қысқы жол арқылы жетуге болады. Жыл бойында пайдаланылатын, әрі жобаны Певек портымен байланыстаратын жолды Ресей үкіметі салады, ал Топ құрылыс кезінде жобанын жанынан әуе қатынасын қамтамасыз етеді. Жобаның тағы бір артықшылығы - тұщы су қол жетімді.

 

Жоба Озық қарқынмен әлеуметтік-экономикалық даму аумағы (бұдан әрі - ОДА) мәртебесіне ие болады деп күтіліп отыр. Бұл қазіргі «Бергинговский» ОДА-н кеңейту арқылы немесе Баимская жобасының аумағын қамтитын жаңа ОДА құру арқылы іске асады. Егер мұндай мәртебеге қол жеткізілсе, жоба алғашқы табысты алғаннан бастап, бес жыл бойы табыс салығынан босатылады. Одан кейінгі бес жылда жобаға табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесі қолданылады.

 

Акция түріндегі кейінге қалдырылған ақының сомасы ОДА бойынша салықтық жеңілдіктерді бекітумен, мемлекет тарапынан жобамен көліктік және энергетикалық байланыстың құрылысымен және өндірістің коммерциялық деңгейіне жетуімен шартталған.

 

Жобаның бюджеті

 

Алдын ала техника-экономикалық негіздемені Fluor компаниясы аяқтады, KAZ Minerals-тың жобалық командасы жобаның кешенді талдауы негізінде оны қарастырды. Топ жобаны игерудің оңтайлы үлгісін жасау үшін мәміленің бастапқы аяқталуына дейін шектеулі шығындарды қаржыландыруға ниетті. Егер мәміленің бастапқы аяқталуы іске аспаса, оның ішінде реттеуші келісімдерге қол жеткізілмесе, сатушы тарапынан шығындарды келісілген шекте өтеу механизмі бар. Жалпы жобаны іске асырудың күрделі шығындары 2018-2026 жылдар аралығында шамамен $5,5 млрд көлемінде бағаланып, техника-экономикалық негіздеме барысында пысықталады.

 

Қаржыландыру

 

Жобаның экономикасы және KAZ Minerals-тың жобаларды іске асырудағы абыройы қарызды қаржыландырумен айналысатын бірқатар ұйымлар қызықты болады деп күтіліп отыр. Топтың ірі мыс жобаларын қаржыландыруға қарыз қаражатты тартудағы тәжірибесі мол. Күрделі шығындарды 2018-2026 жылдар аралығындағы сегізжылдық кезеңге бөлуді (i), Топтың ақша табудағы қабілеті жоғары қолда бар активтерін (ii), қажет болған жағдайда күрделі шығындарды игеру кезеңдерін реттеу амалдарының болуын (iii)  ескере келе, жобаны қаржыландыру қажеттілігі қолайлы болады деп күтіліп отыр. Жоба түрлі қаржыландыру көздеріне, оның ішінде ресейлік, қытайлы және халықаралық несие берушілерге қызықты болады деп жоспарланып отыр. Топ жоба аясындағы серіктестік мүмкіндіктерін техника-экономикалық негіздеме барысында зерттей алады.

 

Ақы төлеу құрылымы

 

Ішіне $436 миллион ақшалай қаражат және жалпы сомасы $239 млн4  құрайтын KAZ Minerals-тың 22 344 944 жаңа акция кіретін $675 млн бастапқы ақы сатушыға (немесе акциялардың бастапқы шығарылымы болса – үлестес тұлғаларға) төленеді, мәмілені іске асыру бойынша кейінге қалдырылған шарттар орындалғаннан кейін 2019 жылдың бірінші жартысында бастапқы аяқталу күтіліп отыр. Бастапқы аяқтау мерзімдері мемлекеттік органдардан монополияға қарсы  келісімдерді алуға, сонымен қатар, Ресейдің стратегиялық активіне  шетелдік компания тарапынан инвестиция салуға рұқсат алуға байланысты.

 

Акция түріндегі бастапқы ақыға KAZ Minerals-тың  22 344 944 жаңа акцияларын шығару кіреді. Бұл компанияның3 қазіргі жарғылық капипатылының 5,0% құрайды және акционерлік капиталды бөлшектеуге қарсы бірқатар ережелерді сақтауға, белгілі бір дивиденттерді түзеуге және өзге корпоративтік іс-әрекеттерге мәжбүрлейді. Сонымен қатар бұл акциялар бастапқы аяқталудың күнінен бастап үш жыл бойы сатуға тыйым салынады, ал бұл акцияларды нарықтық бағамен сатып алу кезінде KAZ Minerals Тобының айрықша құқығы (акционерлердің келісімін талап етеді) бар.

 

Кейінге қалдырылған ақының құрылымы сатушыға жобаны іске асырудағы қолдау көрсетуге жақсы түрткі болмақ.  Мәміле аяқталған уақытта коммерциялық өндіріске жеткен күнге дейін жобаны іске асыру шарттары қанағаттадырылса, $225 млн4 көлеміндегі кейінге қалдырылған төлем KAZ Minerals-тың акцияларымен төленеді. KAZ Minerals-тың 21 009 973 дейінгі акциялары, бұл қазіргі шығарылған акционерлік капиталының3 4,7%, сатушыға немесе оның үлестес тұлғаларына арнап, кейінге қалдырылған ақы ретінде шығарылу мүмкін. Акционерлік капиталды бөлшектеуге қарсы бірқатар ережелерді сақтау, белгілі бір дивиденттерді түзеу және өзге корпоративтік іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру шарттарына мемлекет тарапынан көліктік және энергетикалық инфрақұрылымды салу, федералды салықтық жеңілдіктерді бекіту және келісілген шарттар негізінде Певек портынан жыл бойы концентрат жөнелтуге қол жеткізу кіреді. Егер жобаны іске асыру шарттары коммерциялық өндіріс күніне дейін орындалмаса немесе коммерциялық өндіріс мәмілені аяқтаудың шекті күніне дейін іске аспаса, акциялар арқылы кейінге қалдырылған төменің орнына (толықтай немесе бөлшектеп) сатушыға мәміленің аяқталуының шекті күніне ақы $225 млн көлемінде ақшалай қаражатпен төленеді.

 

Мәміленің классификацияся

 

Ұлыбританияның листинг жөніндегі басқармасы бекіткен Листинг ережелері бойынша мәміле 2 класқа сәйкес келеді. Баимская лицензиясының заңды иесі – сатушының, яғни, Aristus Holdings Limited компаниясының 100% еншілес компаниясы – Баимская ТКҚК ААҚ. Сатушының бенефициар иелері – жеке тұлғалардың консорциумы, оның ішінде Роман Абрамович пен Александр Абрамов бар.

 

Мәміленің мәні болып табылатын жалпы активтердің баланстық құны – 2017 жылғы 31 желтоқсандағы мәліметке сәйкес $136 млн құрайды, Баимская ТКҚК ААҚ қолжетімді соңғы біріккен бухгалтерлік балансы. Баимская ТКҚК ААҚ-ның салық салуға дейінгі шығыны 2017 жылы $4 млн құрады.

 

KAZ Minerals даму әлеуеті

 

KAZ Minerals ТМД елдері аумағындағы ашық кеніштер негізінде мыс өндіру мен оны өңдеу жөніндегі ірі ауқымды, аз шығынды жобаларды іске асыруда дәлелденден қабілетке және мол тәжірибеге ие. Ол 2011-2017 жылдар аралығында бір уақытта екі осыдай жобаны сәтті іске асырды. Қазақстандағы жобалардың тәжірибесіне сүйене отырып, Баимская жобасын KAZ Minerals-тың жобалық командасы іске асыратын болады.

 

KAZ Minerals Қазақстандағы сенімді өнеркәсіптік оператор ретінде Ресейдегі операциялық іс-қызметі барысында бірқатар артықшылықтарға сенім артып отыр. Оның ішінде тілдік кедергілердің болмауы, ұқсас бизнес мәдениет, Ресей мен Қазақстан арасындағы тығыз саяси байланыстар, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы артықшылықтар, сонымен қатар, суық ауа райы және алыс қашықтықтар жағдайында жұмыс істеу тәжірибесі.

 

Келесі қадамдар

 

Мәмілені бастапқы аяқтаудағы ілгерілеу туралы және жалпы жоба туралы басқа ақпарат қажеттілікке орай берілетін болады.

 

Ескертулер

 

1 Өндірістің 100% үлесі негізінде

 

2 Техника-экономикалық негіздеме барысында растау шартымен игеру күрделі шығындарының 100% негізінде

 

3 Топтың балансындағы қазынашылық акцияларынан басқа

 

4 KAZ Minerals акцияларының орташа құны негізінде есептелген акциялардың құны, 2018 жылғы 31 шілдедегі мәліметке сәйкес және 30 күндік сауданың көлемін ескере отырып

 

5 Ақпарат көзі: Wood Mackenzie

 

6 Ақпарат көзі: Исследование Citi