Жұма, 04 Наурыз 2016

Қазақстан электролиз зауытына отандық күйдірілген мұнай коксының бірінші легі жіберілді

Еуразиялық Топтың (ERG) құрамындағы «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамына анод өндірісі үшін қажетті шикізаттың алғашқы партиясы әкелінді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі сәтте күйдірілген мұнай коксының мың тоннасы түсірілді. «Павлодар» ЕЭА  аймағындағы «УПНК-ПВ» ЖШС мұнай коксын күйдіру бойынша жаңа кәсіпорынның өнімін қолдану алюминийдегі жергілікті үлестің құрамын арттыруға көмектеседі.

 

Күйдірілген мұнай коксы – алюминийді шығарудағы бастапқы элементтердің бірі, анод өндірісіндегі негізгі шикізат.  Алынған анод массасын гидравликалық баспаққа жіберіп, «жасыл» анодты қалыптастырады. Бір сағат ішінде 25 блок шығарылып, кейін арнайы конвейерде салқындатылады.

 

«Алдын ала есептелген байқау қорытындыларына сәйкес, «УПНК-ПВ» ЖШС-да жасалған күйдірілген мұнай коксы қазір қолданылып жатқан кокстан айырмашылығы бар. Алайда, анығырақ бағалау үшін анод өндірісі үдерісінің барысында зерттеулер жүргізуге уақыт қажет», –  дейді электродтарды шығару цех басшысының қызметін атқарушы Нұрлан Қайырбеков.

 

Күйдірілген мұнай коксының алғашқы партиясын жасауда қолданылған шикізат та отандық. Оны павлодарлық кәсіпорын – «ПНХЗ» ЖШС өндірген.

 

«Біздің зауытымыздың өндірістік қуаты – жылына 205 мың тонна күйдірілген кокс. Бүгінгі күні өндірісте іске қосу және ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол жұмыстардың аясында әлеуетті жеткізушілерді күйдірілген кокспен қанағаттандыру қамтамасыз етіледі», – дейді «УПНК-ПВ» ЖШС бас технологы Иван Федоров.

 

2016 жылдың наурызында қазақстандық күйдірілген кокстың бірінші легі электродтарды шығаруда қолданылды. Жаңа шикізатты пайдалану қорытындылары, баспақтан және күйдіруден, яғни, анодтың толық өндірістік айналымынан кейін ғана белгілі болады. 100% жергілікті шикізатты құрайтын күйдірілген кокстың алғашқы тобы алюминий өндірісінде осы жылдың сәуірінде қолданылмақ.

 

Ермек ЕЛЕМЕСОВ