Сейсенбі, 05 Сәуір 2016

ҚР ИДМ: геологиялық барлау жобаларына 900 млрд теңге жеке инвестиция тартылуы күтілуде

Қазақстанның геологиялық барлауына таяу жылдары 900 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тарту күтілуде, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке сілтеме жасап

Қазақстанның геологиялық барлауына таяу жылдары 900 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тарту күтілуде, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке сілтеме жасап.

 

«Геологиялық саланы дамыту елдің экономикалық дамуының негіз қалаушы факторы болып табылады. (…) Бүгінде Қазақстанда 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін жүзеге асырылатын геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы бойынша бюджеттен 120 млрд теңге бөлінген. Жеке инвестициялар есебінен тағы 900 млрд теңге салынады деп күтілуде», — деді ол кәсіби мереке — Геологтар күніне арналған салтанатты жиында.

 

Министр саланы әрі қарай дамыту мақсатында Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығын халықаралық стандарттар енгізу арқылы арттыруға бағытталған қадам белгілегенін еске салып өтті.

 

«Соңғы кездері Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын барлық саясат халықаралық стандарттар бойынша жүргізіледі (…) Жер және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс әзірленді, онда жер қойнауын пайдаланудағы негізгі өзгерістер шоғырландырылады. Бұл Қазақстанның геологиялық барлауына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», — деп баса айтты ҚР ИДМ басшысы.

 

Оның айтуынша, геологиялық саланы дамыту басымдықтары мен міндеттері елдегі шикізат ресурстарын тұтыну көлемінің өсуіне негізделген және саланы дамытудағы мемлекеттік міндеттер сол сындарға және жалпы елдің экономикалық мүдделеріне жауап береді.

 

Атап айтқанда, «Қазгеология» 4 жыл ішінде шамамен 50 млн АҚШ долларын тартты және алдағы 2 жыл ішінде оны 100 млн долларға дейін өсіруді жоспарлауда, деді өз кезегінде акционерлік қоғам басқармасының төрағасы Ғалым Нұржанов тілшілерге.

 

Басқарма төрағасы атап өткендей, қазіргі уақытта компания 10 нысанға барлау жүргізуде.

 

«Кейбір нысандар аномалия мен минерализация бойынша жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Таяу арада бізде қандай жақсы кен орындары ашылуы мүмкін екенін айтамыз Қазіргі уақытта Қазақстан корей комапниясымен бірге инвестициялық жоба жүргізуде», — деді Ғ.Нұржанов.

 

«Санаудан кейін, біз полиметаллдың жақсы кен орындары бар екендігін айта аламыз. Мұндай кен орындары көбіне Қарағанды облысында орналасқан. Біздерге моноқалаларда минералды-шикізат базасын дамыту туралы тапсырма берілді, өйткені барлық моноқалаларда ірі индустриалды зауыттар, фабрикалар орналасқан. Мысалы, қазір біз Балқаш, Жезқазған, Сәтпаев, Риддер — ШҚО, Арқалық қалаларының нысандарында жұмыс істейміз», — деді ол.

 

Сонымен қатар, «Қазгеология» басшысы көптеген өндірістік жобаларда минералды-шикізат базасының азайып бара жатқандығы алаңдататынын айтып өтті.

 

Ғ.Нұржанов Қазақстанда алтын, полиметалл, мыс және хромды геологиялық барлауға негізделгенін атап өтті. Жақсы және ірі кен орындарды табу үшін 5 жылдан 8 жылға дейін уақыт қажет.

 


Қазақстан жаңалықтары