Сейсенбі, 03 Қазан 2017

Сульфидті кенді қайта өңдейтін Ақтоғай фабрикасы өндірістің жобалық деңгейіне жетті

KAZ Minerals Тобы іске қосу-реттеу жұмыстарындағы үздіксіз ілгерілеудің арқасында сульфидті кенді қайта өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасы өндірістің жобалық деңгейіне жетті деп хабарлайды.   Ақтоғай сульфид фабрикасына қатысты өнімді сатудан түскен табыс, операциялық және пайыздар бойынша шығындар Топтың 2017 жылдың қазан айындағы табыстар мен шығындар жөніндегі есебінде жарық көреді

Кеннің жоғарғы қабатындағы мыс үлесінің күтілгеннен жоғары болуы және сульфидті кенді өңдейтін байыту фабрикасындағы өндірістің артуы, 2017 жылдың соңында оның жоспарланған 70-85 мың тонна мыс көлеміндегі аралықтың жоғарғы шегеніне жетеді немесе одан асып түседі деген болжам жасауға мүмкіндік береді.

 

2017 жылдың үшінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелер Топтың 2017 жылғы 26 қазандағы өндірістік және менеджменттің аралық есебінде жария етіледі.

 

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Біздің екінші ірі өркендеу жобамыздағы Ақтоғай кен байыту фабрикасының өндірістің жобалық деңгейіне жеткенін қуана хабарлаймын. Осы жобаларамыздың құрылысы кезінде және өндіріс қарқынын арттыру барысында біз өзіміздің өндірістік және қаржылық мақсаттарымызды іске асыра алдық. Енді биыл Бозшакөлде, ал 2018 жылы Ақтоғайда есептік қуатқа жету сәтін асыға күтеміз».

 

-----------

КAZ Minerals – Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания операциялық іс-қызметін Шығыс Қазақстанда орналасқан үш кеніш пен үш кен байыту фабрикаcында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде, сонымен қатар Павлодар облысы мен ШҚО орналасқан Бозшакөл және Ақтоғай кен байыту кешендерінде жүргізеді. 2016 жылы катод эквивалентіндегі мыстың жалпы өндіріс көлемі 140 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 75 мың тонна концентраттағы мырыш, құйма эквивалентіндегі 120 мың унция алтын мен 3,103 млн. унция күміс өндірілді.

 

Топтың өндірістік кәсіпорындары – Бозшакөл мен Ақтоғай – саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырмақ.

 

Операциялық шығындар бойынша Бозшакөл халықаралық мыс өндіруші жобалар арасында бірінші квартильге кіреді. Кен орнын пайдалану мерзімі – 40 жылдан астам. Кендегі мыс құрамы 0,36%. Сульфидті кеннен алғашқы мыс концентраты Бозшакөлде 2016 жылдың ақпан айында өндірілді. 2016 жылдың қыркүйек айында каолин балшығы бар кен байыту фабрикасында іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. Бозшакөл КБК кен байыту фабрикаларының жылдық жобалық қуаты 30 млн тонна кенді құрайды. Өндіріс көлемі – алғашқы 10 жылда жыл сайын 100 мың тонна мысты және 120 мың унция концентраттағы алтынды құрайды.

 

Ақтоғай – карьер типтес ірі ауқымды кеніш. Ол Бозшакөлге ұқсас. Кен орнын пайдалану мерзімі - 50 жылдан астам. Кендегі мыс мөлшері 0,37% (оксидті кен) және 0,33% (сульфидті кен). Ақтоғайда оксидті кеннен катодты мысты өндіру 2015 жылдың желтоқсан айында басталды, ал сульфидті кеннен алғашқы мыс концентраты 2017 жылдың ақпан айында өндірілді. Сульфидті кенді қайта өңдейтін кен байыту фабрикасының жылдық қуаты - 25 млн тонна. Ақтоғай кен орнының операциялық шығындары халықаралық мыс өндіруші жобаларының арасында бәсекеге қабілетті болып табылады. Өндіріс көлемі – алғашқы 10 жылда жыл сайын сульфидті кеннен өндірілетін 90 мың тонна мысты және оксидті кеннен өндірілетін 15 мың тонна катодты мысты құрайды.

 

KAZ Minerals PLC компаниясының құнды қағаздары Лондон, Қазақстан және Гонконг қор биржаларында айналымда. Топта шамамен 13 000 адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі Қазақстан азаматтары.