Бейсенбі, 18 Қыркүйек 2014

Қазақстанда келешекте 155 млн тонна көмір өндіріледі

Бұл туралы бүгін KAZENERGY ассоциациясының «Ұлттық энергетикалық баяндама 2013» тұсаукесерінде компанияның бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті

«Бізде көмір қоры өте үлкен, 150 млрд тоннаға жуықтайды. Әлеуетті және баланстық ресурстар 33,6 млрд тоннаны құрайды. Болжам бойынша, алдағы уақытта елімізде көмір өндіру көлемі артады, 2011 жылғы 110 миллионнан 155 миллион тоннаға жетеді. Бұл ретте көмір стансаларына экологиялық мәселелер бойынша қатаң талаптар қойылады. Біз Ресей тарапынан қауіп-қатер болады деген ойдамыз, өйткені, бұл елде көмір стансаларын қазақстандық көмірден кузбасс көміріне көшіру бағдарламасы іске асырылып жатыр», - дейді Ә.Мағауов.

 

Бұл ретте, оның айтуынша, біз болашақта өндіретін көмірімізді қайда жіберетінімізді ойластыруымыз керек.

 

Айымгүл ӘБІЛЕВА