Ағымдағы жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 7,2%-ға жоғарылады, өңдеу өнеркәсібінде - 0,5%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға – 4%-ға қымбаттады, өндірістік сипаттағы қызметтерге баға өзгеріссіз қалды.
| 2015ж. наурыз | 2015ж. қаңтар-наурыз 2014ж. қаңтар-наурызға |
||||
| 2015ж. ақпанға | 2014ж. наурызға | 2014ж. желтоқсанға | 2010ж. желтоқсанға | ||
| Өнеркәсіп өнімдері, өндірістік сипаттағы қызметтерді қоса | 3,6 | -24,7 | -14,8 | 2,5 | -19,9 |
| Өндірілген өнім | 4,0 | -27,1 | -16,4 | -0,1 | -22,0 |
| Өндіріс құралдары | -1,3 | 1,6 | 0,0 | 26,5 | 3,9 |
| Аралық тұтыну өнімдері | 5,1 | -32,2 | -19,9 | -5,9 | -26,9 |
| Тұтыну тауарлары | -0,2 | 8,8 | 2,3 | 38,1 | 9,6 |
| Өндірістік сипаттағы қызметтер | 0,0 | 6,9 | 2,6 | 34,7 | 7,7 |
Өткен айда бағаның мұнайға – 5,7%-ға жоғарылауы, олардың мазутқа – 4%, дизельдік отынға – 2,6%, металл кендеріне – 2,5%, көмірге – 1,6%, бензинге – 0,5%-ға төмендеуі тіркелді.
Баға қорғасынға – 15,2%, мырышқа – 8,5%, қара металдар илегіне – 3%, мысқа – 2,5%, ферроқорытпаларға – 0,3%-ға жоғарылады, асыл металдарға – 2,8%, алюминийге – 1,4%-ға төмендеді.
Бағаның қарақұмық жармасына – 5,6%, қара бидай ұнына – 4,9%, мал етіне – 2,5%, құс етіне – 2,4%, өсімдік майына – 2%-ға, сүт өнімдеріне және қантқа – 0,7%-дан, балыққа – 0,6%-ға төмендеуі тіркелді.

