Дүйсенбі, 22 Қыркүйек 2014

Халықаралық ақпараттандыру академиясы (ХАА) Қазақ ұлттық техникалық университетімен (ҚазҰТУ) бірге «Қазақстандағы ақпараттандыру жағдайы, мәселелері мен міндеттері»III-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын және «IT технологиялар» көрмесін

Екінші ақпараттық хат

        

Шара ұраны: Ақпараттандыру – қоғамның инновациялық дамуының негізі!

 

Конференция және көрме ХАА-ның 20 жылдығы мен Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-нің 80 жылдығына орайластырылған.Шараға кемінде 400 адам қатысады деп жоспарлануда.  

 

Мерейтойлық шараның мақсаты:  Қоғам, мемлекет және бизнестің арақатынастарын үйлестіру және ақпараттық технологиялардың потенциалы негізінде адам дамуының жаңа модельдерін қалыптастыру үшін ақпараттық алаң құру.

 

Конференцияның басталуына қарай конференция қатысушыларының еңбектер жинағы 2 томда жарық көреді.

 

Конференцияның пленарлы және секциялық отырыстарында келесі өзекті мәселелер қарастырылып, талқыланады:

1. Ақпараттық технологиялардың даму негізі ретінде жүйелер мен процесстерді модельдеу, математикалық қамсыздандыру.
2. Интеллектуалды-ақпараттық жүйелер, ақпараттар ағыны мен деректер ауқымынан мағлұмат алу. 
3. Ақпараттандырудың техникалық, желілік, ұйымдастырушылық және басқару міндеттері.
4. Ақпараттық технологиялар (жағдайы, мүмкіндіктері, қауіп-қатері):
4.1.  Ғылым, білім беру мен рухани-этикалық тәрбие беруде;
4.2.  медицина, ветеринария, биология, фармакология және биотехнологияда;
4.3.  минералды шикізат және тау-кен металлургиялық кешендерде;
4.4.  индустрияда (машина жасау, энергетика және т.б.);
4.5.  экономика және бизнесте;
4.6.  жобалық басқаруда.

 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушылар арасында белсенді пікір алмасудың форматында өтеді.

 

«IT технологиялар» Көрмесінің экспоненттері каталогі және 2015 жылға жарнамалық күнтізбені жариялау жоспарлануда.  

 

Сіздерді Конференция мен Көрме жұмысына қатысуға шақырамыз!

 

Сіздердің қатысуыңыз конференция тақырыбына қатысты көптеген мәселелердің шешілуіне елеулі үлес қосатындығына сенімдіміз.  

 

Конференцияның жалпы ережелерін 1 ҚОСЫМШАДАН қараңыз.

 

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Байланыс телефондары:

Стеблякова Асия Алиевна, Алматы, 050013, Сатпаев к. 22, ТМК 204, 202 бөлмелері.

Телефондары: 8(727)-292-90-71, 8-701-675-40-58 – Асия.  E-mail – Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.