Сейсенбі, 27 Қаңтар 2015

ИИДМБ: Қарағанды кешенді қорытпа зауытының құрылысына 960 млн теңге бөлінді

Қарағанды кешенді қорытпа зауытының құрылысына 960 млн теңге бөлінді. Бұл туралы зауыттың бас директоры Талғат Мақаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 

«Қарағанды кешенді қорытпа зауытының құрылысына жеке қаржының 960 млн теңгесі бөлініп те қойды. Бұл Қарағанды өңіріндегі мүлде жаңа өндіріс, жоба ҚХР инвесторларымен бірлесіп іске асырылмақ», - деп мәлім етті Т.Мақаев. 

 

 

 

Мамандар атап өткендей, зауыттың құрылысы осы жылдың сәуірінде басталуы тиіс, қазіргі таңда алаңда дайындық жұмыстары жүргізілуде. 

 

Естеріңізге салып өтсек, кешенді қорытпа зауыты «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында бой көтереді, жаңа өндіріс аймаққа 82,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартады деп күтілуде. Сондай-ақ кәсіпорында 3 мыңға жуық жұмыс орны құрылмақ. 


8 қаңтар күні ынтымақтастық бойынша өткен Қазақстан-Қытай отырысында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қаралған еді. Отырыс қорытындысы бойынша 22 жоба мақұлданды, оның үшеуі, соның ішінде кешенді қорытпа зауыты Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырылады.