Бейсенбі, 26 Наурыз 2015

Expo-Russia Kazakhstan 2015

Ресейлік-Қазақстандық «Expo-Russia Kazakhstan 2015»
алтыншы өнеркәсіптік көрме
Төртінші  Алматы Бизнес-Форумы
2015 жылғы 10-12 маусым, Қазақстан Республикасы, «Алматы Тауэрс» Алматы қ., Байзақов  көш., 280

Баспасөз хабарламасы

 

«Expo-Russia Kazakhstan 2015» Халықаралық  алтыншы көрме Алматы  қаласында  2015 жылғы 10-12 маусым аралығында «Алматы Тауэрс» кешенінде өтеді.

 

Көрмені өткізу барысында осымен төртінші  рет  Алматы  Бизнес-форумы  (бұдан әрі – АБФ-2015) ұйымдастырылып отыр.  Шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Кедендік одақтың Бизнес-Клубы, «ДАМУ» КҚҚ, Алматы сауда және инвестиция палатасы, Белоруссия елшілігінің Алматы қаласындағы бөлімшесі, Қазақстандағы РФ Бас Консульдігі, Қазақстандағы РФ Сауда өкілдігі, Орталық Азиядағы РФ СӨП өкілдігі, Қазақстан Республикасындағы «Россельхозбанк» ААҚ  ұйымдастырып отыр. Форумның демеушісі – «Зарубеж-Экспо» ААҚ.

 

АБФ-2015 аясында «ЕАЭО және Орталық Азия елдерінің АӨК кәсіпорындарының өңіраралық серіктестігі мен кооперациясы» мәселесіне арналған келесі тақырыптарда дөңгелек үстел ұйымдастырылады:

• Тасымалдау  мен  логистикадағы  проблемалық  мәселелер.  Шешу жолдары
• Кедендік операциялар мен кедендік бақылау. Оңайлатылған кедендік дәліздің артықшылығы.
• Жеміс-көкөніс өнімдерін  дайындау, сақтау, қайта өңдеу, өткізу.
• Жеміс-көкөніс және азық-түлік өнімдерін  экспорттаушылар мен импорттаушыларды  қаржыландыру (несиелендіру)
• Кедендік одақтың  талаптарына  сәйкес өнімдерді сертификаттау және фитосанитарлық бақылаудан өткізу.
Өңірлер мен кәсіпорындардың агроөнеркәсіптік кешеннің сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың әріптестік және кооперациясын кеңейтуге бағытталған жобаларын таныстыру.

 

Форумның екінші күнінде В-2-В форматында Іскери қарым-қатынастар биржасы ұйымдастырылады.

 

Форум мен көрмеге экономиканың  түрлі салалаларын: энергетика және энергоүнемдеу технологиялары; мұнайхимия және газ өнеркәсібі; тау-кен өнеркәсібі; металлургия; металлургия өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар; машинажасау; көлік, соның ішінде авиация және  космонавтика; құрылыс; телекоммуникация және байланыс; медицина және фармокология; білім беру; жоғары технологиялар мен инновациялық сала: ақпараттық технологиялар; ауыл шаруашылығына  және  құрылысқа арналған техникалар; ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін ұсынушы  Ресей, Қазақстан және өңірдің өзге де елдерінің компаниялары қатысады.

 

Іскери кездесу  барысында өңірлерді  таныстыру  бағдарламасы мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады:

• Кедендік  Одақ  елдерінің – Ресей, Белоруссия және Қазақстанның ДСҰ ену контексінде энергетика саласындағы серіктестікті кеңейту келешегі.
• Байланыс, телекоммуникациялар, көлік.

• Медицина, денсаулық сақтау, фармокология  салаларында ресейлік-қазақстандық әріптестікті нығайтудың  келешегі.
• Ресей мен Қазақстан жоғары оқу  орындары арасындағы әріптестікті кеңейту  мүмкіндіктері.  Жоғары оқу  орындарындағы  ғылыми зерттеулерді дамыту тәжірибелерімен бөлісу және ғылыми-техникалық  жетістіктерді өндіріске енгізу.

 

«Expo-Russia Kazakhstan 2015» аясында ұйымдастырылатын дөңгелек үстел барысында энергоресурстар транзитінің келешегі, ОЭК инновациялық жобаларды жылжыту, бірлескен жаңа кәсіпорындар құру мәселелері  талқыланады. Ғылыми-техникалық кооперациялардың жаңа перспективалары ашылады, бірінші  кезекте, Байқоңыр кешенін бұдан да  тиімді  пайдалану және Каспий ресурсын қолдану.

 

Мемлекеттер арасындағы жаңа көлік қатынасының бағыттары: Қытайдың батысы мен Қазақстан және Ресейді  өзара байланыстарын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралінің  құрылысын  дамыту   және  Волга-Дон каналының екінші желісінің құрылыс перспективасы осы форумда кеңінен талқыланатын болады. «Expo-Russia Kazakhstan 2015» көрмесінің іскери бағдарламасының  ең маңызды бөлігі Қазақстандық серіктестердің  Ресейдің өңірлік деңгейіндегі  серіктестіктермен қарым-қатынасын дамыту. Ресей мен Қазақстанның экономикасын өзара толықтыру, табиғи және кадрлық  ресурстардың  байлығы,  сондай-ақ орыс тілі,  ұлтаралық  қатынас құралы ретінде, көрмеге қатысушыларды халықаралық  дәрежедегі  тең құқылы сауда  және инвестициялық серіктестер ретінде  сезінуге мүмкіндік береді.

 

Expo-Russia Kazakhstan -2015 көрмесіне Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Түркіменстан,  Өзбекстан, елдерінің компаниялары қатысады. Ресей мен Қазақстанның 100 ден астам жетекші бұқаралық ақпарат құралдары  ақпараттық қолдау  көрсететін болады.

 

Көрменің ұйымдастырушылары:  «Зарубеж-Экспо» ААҚжәне Өнеркәсіп және сауда  министрлігінің қолдауымен Әлемдік қорлар халықаралық қауымдастығы. Ресей Федерациясының  Экономикалық даму  министрілігі, Сыртқы істер министрлігі. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының салалық министрліктері. Қазақстандағы Ресей елшілігі мен сауда  өкілдіктері, Алматы қаласындағы РФ Бас консульдігі, ҚР Ұлттық экономика және Энергетика министрліктерінің қолдауымен Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, Алматы сауда және инвестициялар палатасы, Алматы әкімдігі.

 

Ресей Федерациясының сауда-өнеркәсіп палатасының және ТМД елдеріне  мүше-мемлекеттердің Сауда-өнеркәсіп палата  жетекшілері кеңесінің патронатымен.

Қазақстанның және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің нарығына  шығуға дайын көптеген ресейлік компаниялар үшін Алматы қаласындағы көрме ең қысқа  жол болмақ.

«EXPO-RUSSIA KAZAKHSTAN 2015» көрмесіне  белсене қатысуға шақырамыз!

Қатысу шарттары туралы толығырақ ақпаратты

«Зарубеж-Экспо» компаниясынан білуге  болады.

Көрме директоры - ЗАБЕЛИНА Светлана Анатольевна,

Халықаралық серіктестік жөніндегі директор - НИКОЛАЕВ Анатолий Павлович.

Тел.: +7(495) 721-32-36, 637-50-79, 637-36-33,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Тұрсынай әубәкiрова +7-702-917-93-85

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.