Сәрсенбі, 15 Сәуір 2015

Өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі 100,6% құрады

2015 жылғы қаңтар-наурызда 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Резеңке және пластмасса бұйымдары, өзге металл емес минералдық өнімдері, металлургия және химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды.

Сонымен бірге, көмір және біріктірілген темір кендерінің өндірісі төмендеді. Тамақ өнімдерінің, сусындардың, темекі, қағаз, мұнай өңдеу және машина жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды. Төмендеу Батыс Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Ал Ақмола облысында өндіріс көлемі өткен жылдың деңгейіне сәйкес.

 

k13-04-2015-3

2015 жылғы қаңтар-наурыздағы өнімнің жеке түрлерінің өндірісі
  Өндірілгені Өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна 20,3 100,9
мыс кендері, млн.тонна 8,3 93,4
ұн, млн.тонна 0,9 103,6
бензин, млн.тонна 0,7 94,6
газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна 1,1 99,7
портландцемент, млн.тонна 1,2 112,4
жазық илек, млн.тонна 0,6 100,2
тазартылған мыс, млн. тонна 0,1 138,3
электр энергиясы, млрд.кВт.сағ. 25,2 97,9