Жұма, 03 Шілде 2015

Павлодар облысында ҮИИД бағдарламасының екінші бесжылдығында құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 24 жоба жүзеге асырылады,

Павлодар облысында ҮИИД бағдарламасының екінші бесжылдығында құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 24 жоба жүзеге асырылады.

 

Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір режимінде баяндады.

 

Аймақ басшысының мәліметінше, өңірдеиндустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығында облыста 274 миллиард теңгеге 68 жоба ашылды, құрылған жұмыс орны бес жарым мыңнан асты. - Павлодар облысында 60-тан аса жаңа өнімдерді шығара бастадық.

 

Олардың қатарында мұнай, химия, металлургия, теміржол машинажасау және өнеркәсіптің басқа салаларына қатысты өнімдер бар. Бүгінгі күні жобалардың негізгі бөлігі (53 жоба) өндірістік қуаттың жоспарлы көрсеткіштеріне жетті. Бес жылда өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі осы жобалардың үлесі 11 пайызды құрады. Сонымен қатар 7 жоба жалпы сомасы 500 миллиард теңгеге өнімді экспортқа шығарды, - дейді Қ. Бозымбаев. Облыс әкімі хабарлағандай, мемлекеттік бағдарламаның екінші бесжылдығында өңірде 1,2 трлн теңгенің 24 жобасы іске қосылады. Нәтижесінде энергетика, металлургия, химия және мұнайхимия салаларында алты мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. - Биылғы жылы құны 435 млрд теңге болатын жеті жобаны іске асырмақпыз. Қазіргі таңда 14,3 млрд теңгенің үш жобасы табысты жұмыс істеуде. Маңызды жобалардың қатарында «Нефтехим LTD» ЖШС-дегі полимер бұйымдарын шығару, «R.W.S. Concrete» ЖШС-дегі теміржол саласына қажет қыздырылған темірбетон брус, сондай-ақ күні кеше іске қосылған «Палводарэнерго» АҚ-на қарасты 3-ЖЭС-де қуаттылығы 65 МВт құрайтын турбина бар. Жыл соңына дейін қалған төрт жобаға 420 млрд теңге көлеміде инвестиция құйылады, сонымен қатар 2018 жаңа жұмыс орны құралыда, - дейді Қ. Бозымбаев.

 

Ақмарал Есімханова

Pavlodarnews.kz