Бейсенбі, 26 Қараша 2015

Ақсу металлургтері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін миллионыншы тонна ферроқорытпамен атап өтуде

Мемлекеттік мереке қарсаңында Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында миллионыншы тонна ферроқорытпа балқытылды. 

 

Мерейлік балқыту 1968 жылдың 18 қаңтары күні ең бірінші рет металл алынған зауыттың алғашқы цехы № 2 цехтың № 21 пешінде болғаны қуантады. Міне, сол күннен бастап бұл күн кәсіпорынның туған күні болып саналады.

 

Отандық металлургиялық өнеркәсіп алыбы жыл сайын бір тоннадан артық дайын өнім өндіреді. Осы жылы бұл жетістікке белгіленген мерзімнен бір ай бұрын қол жеткіздік. Ақсу металлургтері мыңдаған ұжымның бірлескен жұмысы отандық экономиканың мықты негізі болып табылатынын қайтадан дәлелдеді. Халықаралық экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан зауыт бүгін әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы өнімін шығарып, тұрақты жұмыс істеуде.– Жоғары сапалы ферроқорытпаларды өндірудің бастапқы үш негізі: сапалы отандық шикізатта, пайдаланылған технологиялық үрдіс пен металлургтеріміздің кәсіпқойлығында, – дейді № 2 балқыту цехының бастығы Сұнғат Балтабаев. – Осы шарттардың жиынтығы әрқашан да керемет нәтиже береді. Миллионыншы тонна дайын өнімді мерзімнен бұрын балқыту еліміз бен жалпыға бірдей еңбек қоғамының жарқын болашағына сенетін зауыттықтардың күнделікті жанкешті еңбегі мен ферроқорытпа пештерінің дәл жұмысының арқасында мүмкін болды Екінші балқыту цехының ұжымы миллионыншы тонна дәл біздің бөлімшеде алынғанын мақтан тұтады.   

 

Ақсу металлургтері мемлекеттік мерекелерді әрқашан ерен еңбекпен және жаңа өндірістік жетістіктермен атап өтеді. Еуразиялық Топ өзінің инвестициялық, өндірістік және әлеуметтік саясатын әрқашан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатын «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасында қойған тапсырмаларына сәйкес құрады.

 

– Осы жылы біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін кәсіпорынның бірлескен еңбегі мен тұрақты өндірістік көрсеткіштерімен қарсы алудамыз, – деді өз сөзінде Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Сергей Прокопьев. – Біздің кәсіпорын үшін дағдарыс кезінде миллионыншы тоннаны мерзімінен бұрын балқыту – бұл қуатты өндірістік-техникалық базаның және зауыт пен барлық Еуразиялық Топтың сенімді дамуының, оптимизмнің, еңбек ұжымының бірлігінің дәлелі. Технологиялық үрдістің нақты қадамын, жабдықтардың сенімді жұмысын қамтамасыз ете отырып, саланың озық жетістіктерін енгізе, кәсіпорынның қуатты әлеуетін дамыта отырып АқсФЗ ұжымы жыл сайын алға жаңа мақсаттар қойып, жоспарлы түрде оларға қол жеткізіп, отандық қара металлургия флагманы мәртебесін дәлелдеуде.