2019 жылы Топтың сатудан түскен табысы 5%-ға артып, $2,266 млрд (2018: $2,162 млрд) жетті. Өндірістің жоғары деңгейі мен сату көлемі мыс бағасының төмендеуін өтеді. Есепті кезеңде 317 мың тонна мыс (2018: 296 мың тонна) және 225 мың унция алтын (2018: 169 мың унция) сатылды. EBITDA көрсеткіші 2018 жылғы $1,310 млрд-тан 2019 жылы $1,355 млрд дейін өсті. Операциялық табыс 8%-ға, яғни, $923 млн (2018: $851 млн) дейін ұлғайды.
Өндірістік нәтижелер
Бұған дейін хабарланғандай, 2019 жылы KAZ Minerals Тобы 311 мың тонна мыс[1] өндірді. Бұл 2018 жылға қарағанда (295 мың тонна) 6% артық. Ақтоғайдағы өндірістің озыңқы қарқынының арқасында компания 300 мың тонна жоспарлы көрсеткіштен асып түсті. Бозшакөл және Ақтоғайдағы сульфидті кендерді қайта өңдейтін байыту фабрикалары 2019 жылы есептік өткізу қабілетінде жұмыс істеді.
Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай КБК-де 146 мың тонна мыс, Павлодар облысындағы Бозшакөл КБК-де 110 мың тонна мыс[2] өндірілді. Шығыстүстімет (ШҚО) кәсіпорындары мен Қырғызстандағы Бозымшақ КБК 55 мың тонна мыс өндірді.
2019 жылы KAZ Minerals Тобы алтынды2 10%-ға көп өндірді, яғни, 201 мың унция (2018: 183 мың унция). Сонымен қатар, 3,382 млн унция күміс2 (2018: 3,511 млн унция) және 38 мың тонна концентраттағы мырыш (2018: 50 мың тонна) өндірілді.
Қаржылық нәтижелер
Топ бойынша сатудан түскен кірістер жыл бойындағы мыстың орташа бағасының төмендеуіне қарамастан, 2019 жылы $2,266 млрд (2018: $2,162 млрд) дейін артты. Өсім жоғары өндірістік көрсеткіштердің, сондай-ақ, мыс пен алтынды сату көлемінің арқасында орын алды – ол 2018 жылмен салыстырғанда тиісінше 7% және 33%-ға өсті. Сату көлемі – 317 мың тонна мыс (2018: 296 мың тонна) және 225 мың унция алтын (2018: 169 мың унция) – дайын өнім қорын сатудың арқасында өндіріс көлемінен артық болып отыр. Лондон металдар биржасындағы орташа баға 2019 жылы бір тонна үшін 8%-ға дейін төмендеп, $6000 құрады (2018: бір тонна үшін $6526).
Топ өндірістегі аз шығындықтың көрсеткіші бойынша саладағы көшбасшы позициясында тұрақтап, EBITDA көрсеткішін $1,355 млрд (2018: $1,310 млрд) мөлшерінде сақтап қалды, маржиналдық 60% (2018: 61%). Операциялық табыс 8%-ға, яғни $923 млн (2018: $851 млн) дейін ұлғайды. Еркін ақша ағыны 30%-ға қысқарып, $411 млн (2018: $585 млн) құрады, ал операциялық қызметтен түскен ақша – $512 млн (2018: $673 млн).
Топ бойынша жалпы ақшалай өзіндік құн 140 АҚШ центі/фунт мөлшеріне дейін төмендеді (2018: 144 АҚШ центі/фунт). Бұған Ақтоғай мен Бозшакөлдегі өндірістің жоғары көлемі және Шығыс өңірдегі шығындарды азайту бағытындағы табысты іс-шаралар оң әсер етті. Таза ақшалай өзіндік құн сала бойынша үздік 77 АҚШ центі/фунт (2018: 85 цент АҚШ центі/фунт) деңгейінде тұрақтады.
KAZ Minerals-тың таза қарызы $2,759 млрд (2018: $1,986 млрд) дейін өсті. Себебі Топ мыс саласындағы өркендеу жобаларының желісін дамытуға инвестиция салды. Ресейдегі Баим лицензиялық алаңы 2019 жылы қаңтарда сатып алынды, бұл ретте сыйақының ақшалай құрамында – бірінші жартыжылдықта төленген $436 млн.
2019 жылғы күрделі шығындар $718 млн (2018: $530 млн) құрады. Олардың басым бөлігі Ақтоғайға инвестицияланды.
2019 жылы Топ қарызды жоспарлы түрде өтей отырып, $545 млн төледі және жаңа несие желілерін аясында $387 млн игерілді. Соның нәтижесінде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша жалпы берешек $3,300 млрд (2018 жылғы 31 желтоқсан: $3,453 млрд) құрады. 2019 жылы Қазақстанның даму банкімен $600 млн-ға және Caterpillar Financial Services Corporation-мен $100 млн-ға жаңа несие келісімдеріне қол қойылды. 2020 жылғы 28 қаңтарда жарияланған $1,0 млрд көлеміндегі экспорт алдындағы несие желісін қайта қаржыландыруды ескерсек, соңғы тоғыз айда Топ қосымша қаржылық икемділікті қамтамасыз ету үшін жалпы алғанда $1,7 млрд қарыз міндеттемелерін тартты.
Топтың 2019 жылғы өндірістік нәтижелерін және 2020 жылға арналған болжамын назарға ала отырып, Директорлар кеңесі бір акцияға 8,0 АҚШ центі мөлшерінде түпкілікті дивидендтерді төлеуді ұсынады. Бір акцияға 4,0 АҚШ центін құрайтын аралық дивидендімен үйлескенде 2019 қаржы жылының қорытындысы бойынша дивидендтер бір акцияға 12,0 АҚШ центін құрайды.
2020 жылдың жоспарлы көрсеткіштер
Топтың барлық қайта өңдеу кәсіпорындары өндірісті толығымен ұлғайта түскенін және қазіргі уақытта есептік қуатта жұмыс істейтінін ескере отырып, 2021 жылы Ақтоғайдағы жаңа байыту фабрикасы іске қосқанға дейін болашақ өндіріс көлемі бірінші кезекте кендегі металдардың орташа үлесіне және бөліп алу коэффициенттеріне байланысты анықталатын болады.
2020 жылға мыс өндірісінің жоспарлы көлемі – 280-300 мың тонна.
Ақтоғайда 120-130 мың тонна мыс, Бозшакөлде – 110-120 мың тонна, Шығыс өңірде және Бозымшақта – шамамен 50 мың тонна мыс өндіріледі деп күтілуде.
2020 жылы алтын өндіру 180-200 мың унция мөлшерінде жоспарланған. Күміс өндірісінің жоспарланған көлемі – шамамен 3 млн унция, концентраттағы мырыш – шамамен 40 мың тонна.
Өркендеу жобалары
Баим. Баим мыс жобасын сатып алу 2019 жылы қаңтарда аяқталды. Лицензиялық алаңда Песчанка кен орыны орналасқан – бұл әлемдегі ең ірі игерілмеген мыс алаңдарының бірі, онда JORC кодексіне сәйкес орташа мөлшері 0,43% құрайтын 9,5 млн тонна мыс және орташа мөлшері 0,23 г/т болатын 16,5 млн унция алтын бар.
Қазіргі уақытта Топ банктік техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) бойынша жұмысын жалғастырып жатыр, оның нәтижелері 2020 жылдың бірінші жартысынан кейінірек болады деп күтілуде.
2019 жылы Директорлар кеңесі Баим жобасындағы бастапқы жұмыстарға, яғни, вахталық кентке, отын қоймаларына, аэродромдық және энергетикалық инфрақұрылымға, құрылыс техникасын жеткізуге $80 млн мөлшерінде күрделі шығындарды мақұлдады. Барлығы 2019 жылы ТЭН мен бастапқы жұмыстарға $111 млн жұмсалған.
Ақтоғай II. 2019 жылы Ақтоғай КБК (Ақтоғай II) кеңейту жобасы аясында жаңа байыту фабрикасының құрылысымен қатар (фабрика ғимаратының негізгі учаскелері толығымен қапталды, диірмен орнату басталды), кенішке ірі тау-кен техникасы келді. Бұл Ақтоғайда кен өндіруді 32%-ға арттыруға ықпал етті (2018 жылдағы 41,91 млн тоннамен салыстырғанда, 2019 жылы - 55,13 млн тонна). Ақтоғай ІІ-нің $1,2 млрд көлеміндегі бюджеті мен жобаның кестесі өзгеріссіз қалды. Екінші байыту фабрикасы 2021 жылы іске қосылады деп жоспарланған.
Көксай. 2019 жылғы 3 шілдеде жобадағы 19,4%-дық үлесті сатып алумен байланысты NFC компаниясының Көксайдың дамуына $70 млн инвестиция салуы аяқталды. Қазіргі уақытта ТЭН жүргізілуде, оның нәтижелерін Директорлар кеңесі қарайтын болады. Содан кейін жоба қалай және қашан басталатыны анықталады. 2019 жылы KAZ Minerals зерттеу жұмыстары мен бұрғылауға $5 млн жұмсады.
2020 жылдың жоспарлы қаржылық көрсеткіштері
2020 жылы Бозшакөл және Ақтоғай кен орындарында өндірісті қолдауға жұмсалатын шығындар қалдық қоймаларының сыйымдылығына байланысты құрылыс жұмыстарын қоса алғанда, $60 млн құрайды деп күтілуде. Шығыс өңірде және Бозымшақта өндірісті қолдауға арналған күрделі шығындар шамамен $50 млн.
Баим мыс жобасын қоспағанда, 2020 жылы өндірісті кеңейтудің күрделі шығындары шамамен $495 млн құрайды: Ақтоғай II – $400 млн, Шығыс өңірдегі Артемьев шахтасының екінші кезегін игеру - $60 млн, Бозымшақта жерасты кезеңін игеруді бастау – $15 млн, Көксай жобасын зерттеу және басқа да шағын шығындар – $20 млн.
Директорлар кеңесі Баим жобасы аясындағы ТЭН аяқтауға және бастапқы жұмыстарды жалғастыруға $150 млн күрделі шығындарды мақұлдады. Топ 2020 жылы тиеу кезеңінде жақын маңдағы Певек портына қосымша жабдықты жеткізу мүмкіндігін бағалауда және бір жыл ішінде қосымша күрделі шығындарды бекіту туралы мәселені қарастыра алады.
KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам былай деп мәлімдеді: «2019 жылы KAZ Minerals мыс өндірісінің одан әрі өсуін қамтамасыз ете және шығындар бойынша саладағы жетекші позицияларды сақтай отырып, өндірістік нәтижелерді жақсартуды жалғастырды. Біздің Қазақстандағы ірі ауқымды кәсіпорындарымыз өндірістің рекордтық деңгейіне жетті, ал шығыны төмен активтердің тексерілген базасы өсу жобаларына инвестициялар үшін мықты платформаны қамтамасыз етеді. Ақтоғайды кеңейту жобасының құрылысы бюджет аясында өтіп жатыр, өнім өндірісі 2021 жылы басталады деп күтілуде. Сондай-ақ, біз банктік техникалық-экономикалық негіздемені аяқтағаннан кейін Баим жобасы бойынша жоспарларымыздың қосымша мәліметтерін жария ету мүмкіндігін күтіп отырмыз».
[1] Концентраттағы ақылы металл және Ақтоғайдың оксидті кенінен өндірілген катодты мыс
[2] Концентраттағы ақылы металл