Еуразиялық топ (ERG) Ақтөбе қаласында өткен «AKTOBE Invest» II Халықаралық инвестфорумында Ақтөбе облысының әкімдігімен қожды қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асырудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қол қойды.
Еуразиялық топқа кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның «Ақтөбе ферроқорытпа зауытында тазартылған феррохромның жатып қалған қождарын қайта өңдеу» перспективалық инвестициялық жобасын жүзеге асыру мүмкіндігі келісім мәніне айналды.
Жобаның басты мақсаты – техногенді минаралды түзілістерін қайта өңдеуге төмен- және орташа көміртекті феррохром металл концентратын алу арқылы қалдықсыз технологияларға көшу және қождан құрылыс материалдарын (кірпіш, жаяужол плитасы және т.б.) өндіруді ұйымдастыру болып табылады.
«Қазхром» ТҰК» АҚ өзінің және/немесе заемға алынған қаражат есебінен барлық жүзеге асыру кезеңдерінде жобаны қаржыландыруды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, компания жоба аясында жұмысқа тарту үшін қазақстандық мамандарды дайындау мен оқытуға қатысты сұрақтарды шешуге міндеттенді.
Ақтөбе облысының әкімдігі, өз кезегінде, жобаны жүзеге асыру барысында толық қолдау және жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді. Соның ішінде, жобаны бірлесіп қаржыландыру мәселелерін қарастыру, инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті барлық келісімдер мен рұқсат беруді қамтамасыз ету, қажетті инфрақұрылым, коммуникациялардың тартылуы және т.б.
Меморандумның жалпы сомасы 7,2 млрд теңгені құрайды. Құжат мерзімсіз болып табылады.
Анықтама үшін:
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қож үйіндісінде тазартылған феррохром (ТФХ) қожының жалпы көлемі – 12 млн тоннадан астам, оның құрамында 250 мың метрикалық тонна тазартылған феррохром бар. Өндіріске қалдықтарды тарту барысында қосымша металл – құрылыс қажетіне арналған металконцентрат және қиыршықтас, кірпіш аламыз.
Жатып қалған қождарды айыру бойынша алдын ала зерттеулер нәтижесі бойынша перспективалық қорытындылар жасалды:
- тәжіребелік кірпіш беріктігі анағұрлым өсті;
- қалдықтардан металл алу пайызын өсіретін өндірістік шығындарды азайту кезінде нақты мүмкіндіктер пайда болды;
- шығындарды азайту және, соның нәтижесінде, бәсекелесу қабілетін жетілдіру.
Соңғы бес жылда Еуразиялық Топ қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды орындауға 750 млн доллар жұмсады.