KAZ Minerals Тобының Павлодар облысындағы Бозшакөл мыс кен орнында операциялық қызметкерлер құрамын оқыту бағдарламасы басталды. Алғашқы мамандарды даярлау ісі үш айға созылады.
Бастапқы кезеңде кеніштің 300-ден астам жұмыскері өндірістегі қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау машықтарын меңгереді. Оқыту бағдарламасы әлемдік озық әдістемелерге сай әзірленген және операциялық қызметкерлер құрамына арналған жеке қорғаныш құралдардын пайдалану, қауіпсіздік белгілерінің талаптары, өрт қауіпсіздігінің машықтары секілді өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негіздерін қамтиды. Учаске бастықтары мен тау-кен шеберлері қопару жұмыстарын қауіпсіз жүргізу, биіктікте орындалатын жұмыстар бойынша және энергия көздерімен жұмыс жасау, химиялық қауіпсіздік пен технологиялық су, оқыс оқиғалардың түпкілікті себептерін тергеу және талдау, қоршаған ортаға зиянды әсерлерді мейлінше кеміту және т.б. тақырыптар бойынша қосымша білім алады.
Екінші кезеңде қызметкерлер құрамы ауыр техникамен жұмыс істеу машықтарын меңгереді. Ол үшін KAZ Minerals Тобы бульдозерде мен самосвалда, экскаваторда әрі бұрғылау қондырғысында атқарылатын жұмысты қауіпсіз меңгеруге көмектесетін Cybermine жаттығу құрылғысын сатып алды. Мұндай симуляторларды пайдалану тау-кен өндіру техникасының бұзылуы мен тозуының ықтималдылығын төмендетеді. Оның көмегімен тәжірибесі аз операторлар күрделі техникаларды басқаруға үйренеді және өз қателерін қымбат тұратын нақты машиналарда емес, симуляторда түзетіп, білімдерін шыңдай алады. Болашақ операторлар симуляторларда оқып-үйренген кейін тау-кен техникаларын шығарушы жетекші компаниялардың нақты машиналарына отырады. Алдымен тәлімгермен бірге, содан соң тәлімгердің қадағалауымен, одан кейін өз бетімен көлік жүргізеді.
Оқыту бағдарламасы 2015 жылдың көктеміне белгіленген алдын-ала тау-кен жұмыстарының қарсаңында аяқталады.
«Қазіргі заманғы өндірісте қатенің құны өте жоғары болғандықтан біз өнеркәсіптегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлеміз. Оқу курсынан кейін барлық қызметкерлер аттестациялаудан өтеді. Оның нәтижесі бойынша жұмыскерлердің бір бөлігі жарамсыз деп танылуы мүмкін. Себебі, бізде еңбекті қорғауға өте қатаң талаптар қойылады. ТКБК-да озық технологиялар, өндірісті, қауіпсіздік және экологиялық қатерлерді басқару ісіндегі алдыңғы қатарды халықаралық тәжірибе қолданылады. Қазақстанда соңғы онжылдықтар ішінде алғаш рет осындай ауқымдағы кәсіпорын іске қосылып, біздің нағыз кәсіпқой шеберлердің командасын құруға бірегей мүмкіндігіміз бар»,- деп мәлімдеді KAZ Minerals Тобының Басқарма төрағасы Олег Новачук.
Бозшакөлге қатысты жалпы ақпарат:
KAZ Minerals Тобының өркендеу жобасы. ТМД аумағындағы ең ірі тау-кен жобаларының бірі және әлемдегі ең ірі деген мысты-порфирлі кен орындарының бірі. Павлодар облысында орналасқан.
Кеніш қоры шамамен 4 млн тонна мысты құрайды. Жоспарлы өндіріс көлемі – алғашқы он жыл ішінде жылына 100 мың тонна. Бозшакөл кенішінің кен қойнауында құнды ілеспе өнімдер – алтын (5,25 мың унция) мен молибден (57 мың тонна) бар.
Бозшакөлде кен өңдеу көлемі бойынша әлемдегі ең ірі үгіткіштердің бірін пайдалану жоспарлануда. Толық іске қосылғаннан кейін жобада 1 500 адам жұмыс істейді деп күтілуде. Кен орнындағы құрылыс жұмыстары 2012 жылдың жаз маусымынан бері жүргізіліп келеді. 2015 жылдың екінші жартысында кен байыту фабрикасында алғашқы кен өңделеді деп жоспарланып отыр.