Жоспардан тысқары 44 тонна феррохром – міне ERG (Eurasian Resources Group) құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында өткен еңбек вахтасының қорытындысы осындай. Бұл шараны металлургтер Астана күніне арнады.
Мерекелік жарысқа кәсіпорынның төрт ферроқорытпа пешінің балқытушылар бригадасы қатысты. Арнайы комиссия металлургтермен өндірістік жоспардың орындалуына, бір тонна өнімге кеткен электр энергия шығындарының үлесті нормаларын сақтауға, технологиялық үрдіс регламентіне, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударды.
– Осындай қызығушылық танытатын жарысты Астананың туған күніне орай өткізу кәсіпорынымыздың дәстүріне айналған. Астана жас, тәуелсіз, гүлденіп келе жатқан мемлекетіміздің жарқын символы, – деп атап өтті өз сөзінде АқсФЗ директоры Арман Есенжулов.
Еңбек вахтасының қорытындысы бойынша жоспарланған 175 тонна феррохромның орнына төрт пештің металлургтері 220 тоннаға дейін феррохром қорытты. Үздік бригада болып бірінші балқыту цехының ұжымы атанды: пеш бригадирі Вадим Минулин, бригадирдің көмекшісі Валерий Скляров, аға пеш үрлеуші Олег Бохонов, пеш үрлеуші Павел Теремов және пеш үрлеушісінің көмекшісі Рафаэль Абдулкаримов. Екінші көрсеткіш № 4 балқыту цехының еңбек ұжымында. Үшінші орында алтыншы балқыту цехының металлургтер бригадасы.
Ұйымдастырушылар бастапқы деңгей жетекшілерінің орасан зор рөлін атап өтті. Кәсіби шеберлік сайысының ең үздік пеш бригадирі болып алтыншы цех бригадирі Владимир Фросин атанды.
– Біз өз жеңісімізге өте қуаныштымыз және оны жас астанамызға арнай алатынымызды мақтан тұтамыз. Металлургтер әрқашан барлық инновациялардың алдында болған және өздерінің ерен еңбектерімен мемлекетіміздің экономикасына қолдан келерлік үлесін қосуда, – деді вахта жеңімпазы, бригадир Вадим Минулин.
Жарыстың барлық қатысушылары ақшалай сыйақылармен және сайыс дипломдарымен марапатталды.