Жұма, 11 Желтоқсан 2015

Kaz Minerals директорлар кеңесіндегі өзгерістер

KAZ Minerals Тобы Клинтон Дайнс 2015 жылдың 31 желтоқсанында Директорлар кеңесінің құрамынан кететіндігі туралы хабарлайды. Клинтон Дайнс Топтың тәуелсіз атқарушы емес директоры, Аудит жөніндегі және Қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттердің мүшесі қызметтерін атқарған.

 

Клинтон Дайнс Kazakhmys PLC мен KAZ Minerals Директорлар кеңесінің құрамында 6 жыл жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында ол Қытаймен берік серіктестік қарым-қатынастарды құруға ерекше үлес қосты. Бұл KAZ Minerals-қа өсімнің жоғары әлеуетін сақтап және Қазақстанда аз шығынды мыс өндірісін ұйымдастыру жөніндегі стратегиясын ұстануға мүмкіндік береді.

 

Директорлар кеңесіндегі осы өзгерістердің аясында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Аудит жөніндегі комитеттің құрамына Джон Маккензи (тәуелсіз атқарушы емес директор) кіретін болады. Қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттің қалған төрт мүшесі іс-қызметін жалғастырады. Сондықтан Комитет мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізудің қажеті жоқ.

 

Клинтон Дайнс кеткеннен кейін де Топтың Директорлар кеңесі Ұлыбритания Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес болып қала береді. Оған сәйкес Директорлар кеңесінің жартысынан астамы тәуелсіз атқарушы емес директорлардан тұруы қажет.

 

Директорлар кеңесінің төрағасы Саймон Хил былай деп мәлімдеді: «Директорлар кеңесінің және KAZ Minerals-тағы барлық әріптестердің атынан Клинтон Дайнсқа 2009 жылдан бері Топтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Оның Қытай туралы білімі мен әлемдік ресурстар саласындағы тәжірибесі мыс өндірісіне бет бұрып, өркендеу жобаларын қытайлық серіктестермен бірлесіп дамытуға бел буғанда Топтың ерекше активі болды. Клинтон Дайнсқа болашақта табыс тілейміз».