Жұма, 18 Сәуір 2014

КАТКО 2013 жылғы табыстары мен компания тарихындағы жаңа кезеңді тойлайды

16 сәуір күні КАТКО өкілдері қонақтардың – жергілікті билік өкілдерінің, акционерлердің, бизнес серіктестерінің қатысуымен – және қызметкерлерімен 2013 жылдың жетістіктерін атап өту және компания тарихындағы жаңа кезеңді бастау үшін жиналды.

 

КАТКО БК ЖШС дүниежүзілік уран өндірушілер – АРЕВА мен ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ҰАК АҚ бірлескен кәсіпорыны болып табылады. Компания Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Төртқұдық және Мойынқұм уран кен орындарын өңдеу үшін 1996 жылы құрылған және уақыт өте  жер асты шаймалау (ЖШ) әдісін қолданатын әлемдегі ең ірі уран өндіруші кәсіпорынға айналып отыр.

 

2013 жылы КАТКО  елеулі жаңа көрсеткішке қол жеткізді – бір жылда 4005 тонна уран өндірді және 2005 жылдан басталған өнеркәсіптік өндірістен бастап 20000 тонна уран өндірілді. Бұл екі жетістік 8 жыл бұрын өндірісті табысты іске қосудың нәтижесі болып табылады және КАТКО тарихындағы жаңа белестің басталуын білдіреді.

 

Мерекелеу салтанатында бас директор, Жерар Фриес, былай деп атап өтті: “Алғаш ашушылардың, 90-шы жылдардың ортасында уран кен орындарын барлаумен айналысқан адамдардың кезеңінен бастап, және 2005 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде өндірістің жемісті дамуынан кейін, КАТКО жаңа сатыға өтеді. 2014 жылдан бастап біз жылына 4000 тонна өндіру бойынша өз мүмкіндіктерімізді тағы да дәлелдейтін боламыз”.

 

КАТКО 2039 жылға дейін жылына 4000 тонна уран өндіру бойынша ауқымды бағдарламамен жұмыс істейді. Осы бір теңдесі жоқ өнеркәсіптік мақсатқа қол жеткізу үшін компания көптеген жылдар бойына, акционерлердің қолдауына сүйеніп, өндірістік нысандарды өндіру және жаңа уран қорларын анықтау үшін миллиард теңге қаржы салып отыр.

 

«Катко» БК» ЖШС Баспасөз қызметі