2015 жылы өркендеу жобаларын, яғни Павлодар облысындағы Бозшакөл мен Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай мыс кен орындарын іске асыруда елеулі ілгерілеуге қол жеткізілді.
2015 жылдың 11 желтоқсанында Бозшакөл КБК-да іске қосу-баптау жұмыстары басталды. 2016 жылдың ақпан айында Бозшакөлде алғашқы мыс концентраты өндірілді. Тау-кен жұмыстары басталған соң Бозшакөлде өндірілген кеннің құрамында 70 мың унция алтын және 469 мың унция күміс бар. Бұл металдар өңделіп, 2016 жылы мыс концентратының құрамында ілеспе өнім ретінде өткізілетін болады. Бозшакөл КБК осы жылдың өзінде-ақ катодты эквивалентегі 45-65 мың тонна мыс және 50-70 мың унция эквиваленттегі алтын өндіреді деп жоспарланып отыр. Бозшакөлдік концентраттың экспортқа алғашқы жөнелтілуі 2016 жылдың наурыз айында болмақ.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша құрылыс кезеңіндегі шығындар $1,88 млрд құрады. 2016 жылы жобаға кететін шығындар $270 млн құрайды деп көзделген. Осылайша түпкілікті күрделі шығындар $2,15 млрд құрамақ, ол бұрын жоспарланған сомадан $50 млн аз.
2015 жылдың 1 желтоқсанында KAZ Minerals Тобы Ақтоғай КБК-да тотыққан кеннен катодты мыс өндірісін бастады, жылдың соңына қарай өндірілген катодты мыстың көлемі 0,4 мың тоннаны құраған. Тотыққан кенді өңдеу жөніндегі кешен 2016 жылы жылына 15 мың тонна катодты мыс өндіріс қуатына жетеді деп күтіледі. Тотыққан кен өндіру мен өңдеу 11 жыл бойы жүргізілетін болады. Жобада сульфидті кенді өңдеу жөніндегі байыту фабрикасының құрылысы жалғасуда. Сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру кестеге сәйкес 2017 жылы басталады деп жоспарланып отыр.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша Ақтоғай жобасының дамуына компания барлығы $1,32 млрд инвестициялаған. 2016 жылы күтімдерге орай күрделі шығыстардың мөлшері $280 млн құрамақ. Жобаның жалпы бюджеті өзгеріссіз – $2,3 млрд күйінде қалып отыр.
Компанияның үшінші өркендеу жобасы – Көксай кен орнында бастапқы геологиялық, геотехникалық және гидрогеологиялық деректерді алу үшін барлау бұрғылау жүргізілуде. 2015 жылы Көксайды жобасын дамытуға $8 млн салынды, 2016 жылы осы жоспарлар бойынша шамамен $5 млн құрайды.
2016 жылы KAZ Minerals Тобы катодты эквиваленттегі мыстың болжамды көлемі – 130-155 мың тонна, оның 70-75 мың тоннасы «Шығыстүстімет» ЖШС мен Бозымшақ КБК кәсіпорындарына тиесілі болады. Бұдан әрі де шығыстарды бақылауда ұстау, ШҚО мен Бозымшақта фунтына 200-220 центтік жалпы ақшалай өзіндік құнға, Ақтоғайда 110-130 центке (тотыққан кеннен алынатын катодты мыс), Бозшакөлде фунтына 150-170 АҚШ центке жетеді деп күтілуде.
Топ құймадағы алтын өндіруді – 90-120 мың унцияға дейін елеулі түрде арттыруға апаруды көздеп отыр. Концентраттағы мырыштың өндірісі негізінен, Артемьев кенішінде мырыштың анағұрлым төмен құрамды учаскелеріне ойысудан және Орлов шахтасында алдағы жөндеу жұмыстарымен байланысты 70-75 мың тоннаға дейін төмендейтін болады. Түйіршіктегі күміс өндірісі де Ертіс кенішіндегі анағұрлым төмен құрамдылықтың және Орлов кенішіндегі жұмыстардың салдарынан 2,25-2,5 млн унцияға дейін кемитін болады.
2015 жылы Топтың катодты мыс өндірісі 81,1 мың тоннаны құрады, ол концентраттағы мыстың базалық өндірісі 89,4 мың тонна деңгейінде болғанда, жылдық 80-85 мың тонналық жоспарлы дәлізге сәйкес келеді. Компания 14,5 млн тонна кен өндіріп шығарды, соның 70% (10 млн тоннадан астам) Топтың өркендеу жобалары – Бозшакөл мен Ақтоғай кеніштерінің үлесінде. KAZ Minerals құйма түріндегі 34,6 тыс. унция алтын өндірді. Ол 34-38 мың унция дәлізіндегі жылдық жоспарға сай келіп отыр. 94,3 мың тонна концентраттағы мырыш өндірді, бұл 90-95 мың тонна болатын жылдық жоспарға сай келді. Түйіршіктегі күміс өндірісінің көлемі – 3,14 млн унция –2,25-2,5 млн унция болатын жоспарлы көрсеткіштен анағұрлым артты.
2015 жылы өткізуден келген пайда $665 млн дейін қысқарғанү. 2014 жылғы $846 млн болған. Бұған металдар бағасының төмендеуі себепші болды. Лондон металдар биржасындағы мыстың орташа бағасы 2015 жылы тоннасына $5495 құрап, 2014 жылдағымен салыстырғанда 20% төмен болды. 2016 жылдың басында мыс ЛМБ тоннасына $4400 арзанырақ саудаланған.
2015 жылы Топ өндіріп шығарған 81,1 мың тонна катодты мыстың 78,6 мың тоннасын өткізген. Өткізілген өнім көлеміне дайын өнімнің жиналуы әсер еткен. Мұнда, 2015 жылдың бірінші жарты жылында коммерциялық өндіріс деңгейіне шыққанша өткізілген Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінен шығарылған 0,9 мың тонна ескерілмеген. 2015 жылдың төртінші тоқсанында өндірісті оңтайландыру мақсатында Бозымшақ КБК жаңа жабдықтар орнатылды. Олар 2016 жылы мыс пен алтын өндірісінің артуына апарады.
Топтың EBITDA ерекше баптарды қоспағандағы көрсеткіші $202 млн құрап, 2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан қызметтен болған $355 млн салыстырғанда кеміген. «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіпорындарының ерекше баптарды қоспағандағы EBITDA көрсеткіші $235 млн құрады.
Шикізат тауарларына сақталған төмен бағалар жағдайында компанияда шығыстарға күшейтілген бақылау жасау есебінен өндірілетін өнімдердің жалпы өзіндік құнын фунтына 230 цент дейіне дейін кемітуге қол жеткізілді, бұл жоспарлы фунтына 260- 280 АҚШ центы дәлізінен және 2014 жылдың екінші жартысындағы фунтына 277 АҚШ центы көрсеткішінен аз. Таза ақшалай өзіндік құны фунтына 109 АҚШ центы құрады, бұл көрсеткіш компанияға халықаралық мыс өндіруші жобалардың арасында шығындар жазығындағы бірінші квартильде болуға мүмкіндік беріп отыр.
Топта операциялық және күрделі шығыстарды қатаң бақылау саясатын қолдау жалғасып келеді.
2015 жылы өндірісті қолдауға жұмсалған күрделі шығындар $68 млн сомасымен шектелген, соның ішінде өткен жылғы жоспарлы инвестициялардың бөлігінің 2016 жылға көшірілуіне байланысты болды. 2015 жылы негізгі күрделі шығыстар, яғни $1 млрд астам қаржы Бозшакөлді ($527 млн) және Ақтоғайды ($470 млн) дамытуға бағытталды. Топтың күрделі шығыстарының жалпы мөлшері 2014 жылғы $1,21 млрд салыстырғанда 2015 жылы $1,08 млрд құрады.
2016 жылы KAZ Minerals «Шығыстүстімет» ЖШС және Бозымшақтағы өндірісті қолдауға $80-90 млн. салуға ниетті. $20 млн мөлшеріндегі шығыстар ШҚО Артемьев кенішінің екінші кезегінің құрлысына көзделіп отыр. Бозшакөлдегі өндірістің басталу Топқа өз жобаларын одан әрі қаржыландырудың амалдарын кеңейтуге мүмкіншілік береді.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша $1,5 млрд, оның ішінде $250 млн Қытай Мемлекеттік Даму банкінің несиелік желісі бойынша қолжетімді болып отыр. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша KAZ Minerals таза берешегі $2,25 млрд құрап, өркендеу жобаларының құрылысына жұмсалған елеулі күрделі шығыстарды сипаттап отыр. Осы жобаларды қаржыландыру ұзақ мерзімді қарыздармен және меншікті қаражатпен қамтамасыз етіліп отыр.
Өркендеу жобаларының жалғасып отырған құрылысына және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Директорлар Кеңесі дивидендтерді төлеуді ұсынбайды. Листинг басталғалы бері Топ акционерлеріне шамамен $2,1 млрд төледі және болашақта өркендеу жобаларының құрылыстары аяқталғаннан кейін төлемдерді қайта бастауды жоспарлап отыр.
KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «2015 жылы компания өркендеу жобаларымыз - Бозшакөл мен Ақтоғайды дамытуда біршама ілгерілеуге қол жеткізді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған кеніштер мен Бозымшақ фунтына 109 АҚШ центы таза ақшалай өзіндік құнымен шығыстар жазығындағы бірінші квартильден орын алып, өз өндірістік мақсаттарына қол жеткізді. 2016 жылғы біздің басымдылықтар – Бозшакөлде өндіріс көлемдерін арттыруды жеделдету, Ақтоғайдағы құрылысты сәтті жалғастыру және бар Топтағы операциялық шығыстарды төмен деңгейде сақтау. Әлемдік деңгейдегі жаңа жобаларды қалыптастыру бізге Топтың балансындағы қарыздық қаражаттар үлесін кемітуге және KAZ Minerals-ты ірі ауқымды, төмен шығынды мыс өндірушіге айналдыруға көмектеседі».
$ млн (егер өзгесі көрсетілмесе) |
2015 |
2014 |
Өткізуден түскен пайда1 |
665 |
846 |
EBITDA (ерекше баптарды қоспағанда) 1 |
202 |
355 |
Базалық табыс (шығын) 1 |
(10) |
86 |
Базалық табысқа негізделген акцияға келетін пайда($) 1 |
(0,02) |
0,19 |
Жалпы өзіндік құн 1 (фунт/АҚШ центі) |
230 |
257 |
Таза өзіндік құн 1 (фунт/АҚШ центі) |
109 |
85 |
1 2014 жылғы көрсеткіш – жалғасып келе жатқан қызмет.