Жұма, 04 Наурыз 2016

Қазақстан электролиз зауытына отандық күйдірілген мұнай коксінің бірінші легі жіберілді

Еуразиялық Топтың (ERG) құрамындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ анод өндірісі үшін қажетті шикізаттың алғашқы партиясы әкелінді. Қазіргі сәтте күйдірілген мұнай коксінің мың тоннасы түсірілді. «Павлодар» ЕЭА  аймағындағы «УПНК-ПВ» ЖШС мұнай коксін күйдіру бойынша жаңа кәсіпорынның өнімін қолдану «қанатты металлдағы» жергілікті үлестің құрамын арттыруға көмектеседі.

 

Күйдірілген мұнай коксі – алюминийді шығарудағы бастапқы элементтерінің бірі, анод өндірісіндегі негізгі шикізат. Белгіленген рецептураға сәйкес бұл ингредиент, яғни  таскөмірлі пекпен бірге араластырғышқа жіберіліп, 185 градус Цельсий температурасында араласады.  Алынған анод массасын гидравликалық баспаққа жіберіп, «жасыл» анодты қалыптастырады. Бір сағат уақытында 25 блок шығарылып, кейін арнайы конвейерде салқындатылады.

 

– Алдын ала есептелген байқау қорытындыларына сәйкес, «УПНК-ПВ» ЖШС-де жасалған күйдірілген мұнай коксі қазіргі қолданылып жатқан кокстен айырмашылығы бар. Алайда анығырақ бағалау үшін анод өндірісі үдерісінің барысында зерттеулер жүргізуге уақыт қажет, –  дейді электродтарды шығару цех басшысының қызметін атқарушы Нұрлан Қайырбеков.

 

Күйдірілген мұнай коксінің алғашқы партиясын жасауда қолданылған шикізат та отандық. Оны басқа павлодарлық кәсіпорын – «ПНХЗ» ЖШС өндірген.

 

– Біздің зауытымыздың өндірістік қуаты жылына 205 мың тонна күйдірілген коксті құрайды. Бүгінгі күні өндірісте іске қосу және ретке келтіру жұмыстары жұргізіліп жатыр.  Сол жұмыстардың аясында әлеуетті жеткізушілерді күйдірілген кокспен қанағаттандыру қамтамасыз етіледі.,   – дейді «УПНК-ПВ»  ЖШС бас технологі Иван Федоров.

 

2016 жылдың наурызында қазақстандық күйдірілген коксінің бірінші легі электродтарды шығаруда қолданылды. Жаңа шикізаттың пайдалану қорытындылары, баспақтан және күйдіруден, яғни анодтың толық өндірістік айналмынан кейін ғана белгілі болады.100% жергілікті шикізатты құрайтын күйдірілген кокстің бірінші тобы алюминий өндірісінде осы жылдың сәуірінде қоланылмақ.

 

www.erg.kz