Сейсенбі, 05 Сәуір 2016

«ССКӨБ» АҚ «Стрела» Бағдарламасының бизнес-шешімдерін іске қосты

1 сәуірде «ССКӨБ» АҚ «Стрела» Бағдарламасының бизнес-шешімдерін іске қосуға арналған салтанатты шарада қойма шаруашылығы учаскесінің аға қалаушысы Елена Мұқашева SAP жүйесінде алғашқы символикалық транзакцияны жүзеге асырды. «Стрела» бағдарламасы ERG тобының бизнесті трансформациялау мен кәсіпорындарды басқарудың ERP (Enterprise Resource Planning) жүйесін енгізуге бағытталған стратегиялық бастамасы

«ССКӨБ» АҚ-да «Стрела» Бағдарламасы жобасын енгізу 2015 жылы 2 ақпанда басталып, жоспарлы мерзім – ағымдағы жылдың 1 сәуірінде аяқталды.  Осы аралықта ауқымды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, «Стрела» бағдарламасының шаблонды шешімдері бірлестіктің ерекшеліктеріне бейімделе орнатылып, тестіленді. «ССКӨБ» АҚ 2300 қызметкерінің білімі жетілдіріліп, оларға SAP жүйесінде жұмыс істеу мен жүйенің негіздері түсіндірілді.

 

- Бүгінгі күнінің «ССКӨБ» АҚ үшін маңызы ерекше. Өйткені бүгіннен бастап кәсіпорын SAP жүйесінде жұмыс істеуге көшті. Бірінші кезекте бақылау мен басқаруға деген көзқарас қайта қаралып жатыр. Бұл өзгерістер барлық процестер мен құрылымдарды түгел қамтиды. Жаңа бірыңғай ақпараттық жүйеде әр пайдаланушының өз қызмет бағыты бойынша атқарған жұмысын көріп, оның жалпы кәсіпорын табысына қосқан үлесін бағалауға болады. Басты мәні бизнес-процестерді автоматтандыру мен өндірістік тапсырмаларды тиімді шешу мүмкіндігі пайда болды. Объективті басқару шешімдерін жоспарлап, қабылдауға болады. Осылайша «ССКӨБ» АҚ жұмыстың тиімділігін арттыру қамында SAP жүйесін енгізіп, оны ұтымды пайдаланып жатқан Еуразиялық Топ кәсіпорындарының қатарына қосылды, – деп атап өтті  «ССКӨБ» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев.

 

- Бірлестіктің SAP жүйесін өндірістік қолданысқа енгізуі біз үшін - атаулы күн. Кәсіпорын бизнес-процестердің қазіргі заманғы автоматтандарылған шарттары мен оларды басқарудың онлайн тәртібінде жұмыс істеуге көшті. Біз бұл жүйенің тиімділігі туралы талай мәрте айтқан болатынбыз. Бұл басқару шешімдерін қабылдаудағы қуатты құрал. Өйткені бірлестікте болып жатқан әрекеттерді түгел – технологиядағы процестерден бастап электронды құжат айналымға дейінгі ауқымды, басқаша айтқанда, барлық есептілікті дер уақытында көріп отыруға мүмкіндік береді. Әлемнің көптеген озық компаниялары осы жүйеде жұмыс істейді. Енді біздің бірлестік те ілгері қадам басып, солардың қатарына қосылып отыр, – деді «ССКӨБ» АҚ бизнесті трансформациялау, экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті Сәтжан Темірғалиев.

 

- SAP жүйесін енгізудің барлық кезеңдері сәтті өтіп, тестілеу жақсы нәтижелер көрсетті. Мамандарды оқыту ісі де жоспарға сай жүрді. Бұл «Стрела» бағдарламасының Орталық және жанама командасы қызметкерлерінің бірлескен жұмысының жемісі. Алда жүйенің жұмысын тұрақтандыратын қолдау кезеңі тұр. Бірлестік басшылығына бізге қолдау көрсеткені үшін, ал қызметкерге жоба тапсырмаларын мүлтіксіз атқарғандары үшін алғыс айтамыз, – деді «ССКӨБ» АҚ жаңа технологиялар Басқармасының бастысы Михаил Минкин.

 

- Бүгінгі күн барша Еуразиялық Топ үшін ерекше. «Стрела» бағдарламасы «жол картасына» сәйкес жүзеге асырылып, бүгін SAP тұғырнамасындағы шешімдер Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі – темір кендерін өндіру және байыту бойынша Қазақстандағы жетекші кәсіпорын – ССКӨБ-де іске қосылып отыр. Жобаға жұмылған бірлестік қызметкерлерінің сүбелі үлесін ерекше атап айтқым келеді. Бұл тек ССКӨБ ғана емес, барлық Еуразиялық Топтың бизнесті трансформациялау жолындағы қарышты қадам. Баршаңызға еселі еңбектеріңіз үшін алғыс айтып, осы жетістікпен құттықтаймын! Алда бізді жауапты қолдау кезеңі күтіп тұр. Оған бірлестік ұжымындағы 2 мың жаңа пайдаланушы қосылады, - деді Еуразиялық Топ IT және трансформация жөніндегі Басқарушы директоры Ғалымжан Ахметов. – Бұл ретте  SAP тұғырнамасы өз ережелері мен пайдаланушылардан бизнес-процестердің логикасын талап ететінін түсінген жөн. Алайда нақты осы талаптар жүйенің терең интеграциясын қамтамасыз етеді. Мұны тау-кен металургия саласының әлемдік көшбасшылар мен «Еуроазияттық энергетикалық корпорация» АҚ және «Қазхром» ТҰК» АҚ әріптестеріміз жоғары бағалап отыр. Жүйеінің тиімділігі сөзсіз. Кәсіпорынның табыстылығы үшін бастапқы кезеңде төзімділік танытып, жаңа ережелерге сай жұмыс істеуге дағдылану керек. Істеріңізге сәттілік тілмеймін!

 

- Біз жобаны жоспарлы мерзімде жүзеге асырдық. Сондықтан мен оған қатысушылардың бәрін мақтан тұтамын. Барлық пайдаланушылар түгелдей жүйеге дағдылануы үшін біраз уақыт қажет болады. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда «Стрела» бағдарламасының қызметкерлері, консультанттар мен арнайы құрылған пайдаланушыларды қолдау қызметінің мамандары көмек көрсетуге әзір. Баршаңызды осы жетістікпен құттықтаймын! – деді «Стрела» Бағдарламасының Директоры Анжела Рид.

 

«ССКӨБ» АҚ «Стрела» Бағдарламасын жүзеге асырған Еуразиялық Топ құрамындағы төртінші кәсіпорын. Жоба бұған дейін «ЕЭК» АҚ, ERG Marketing и «Қазхром» ТҰК» АҚ табысты іске асқан болатын. Ағымдағы жылдың мамыр айында Бағдарлама Топтың алюминий дивизионында – «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, ал күзде «Шұбаркөл Көмір» АҚ-да жүзеге асырыла бастайды.

 

www.erg.kz