Ал жоспарланған жылдық аралық 250-270 мыңтонна. Алтынның өндірісі – 179 мыңунция. Бұл 160-180 мың тонна көлеміндегі жоспарланған жылдық аралықтың жоғарғы шегіне сай.
2017 жылы мұндай өсімге келесідей жағдайлардың арқасында қол жетіп отыр. Айталық, Ақтоғайда сульфидті кеннен мыс өндірудің басталуы – бір жылда кен байыту кешені жалпы 90 мың тонна мыс (2016: 18 мың тонна) өндірді. Сонымен қатар, Бозшакөлдегі өндіріс қарқыны да жағымды ықпал етті – мұнда 101 мың тонна мыс өндірілді (2016: 48 мың тонна).
Төртінші тоқсанда KAZ Minerals 65 мың тонна мыс өндірді – бұл үшінші тоқсанмен салыстырғанда 10 мың тоннаға аз. Бұған Бозшакөл кен байыту фабрикасындағы техникалық қызмет көрсету мен Ақтоғайдағы кеннің құрамындағы мыстың орташа үлесінің төмендеуі себеп болды.
2017 жылы жалпы кен өндіру 32%-ға артып, 64,8 млн тоннаны (2016: 49 млн) құрады. Кендегі мыстың орташа үлесі – 0,71%. 2016 жылы бұл көрсеткіш 0,98% еді. Бұған Бозшакөл мен Ақтоғай кен байыту фабрикаларындағы мыстың мөлшері төмен өңделген кен көлемінің артқаны әсер етті.
Ілеспе өнім
Топ алтын өндірісінде жоспарланған жылдық аралықтың жоғарғы деңгейіне жетіп, 178,7 мың унция өндірді (жоспар: 160-180 мың, 2016: 127,7 мың).
Күміс өндірісінің көлемі де жоспарға сәйкес болды: 3,506 млн унция (жоспар: 3,45-3,7 млн, 2016: 3,28 млн).
Концентраттағы мырыштың 57,6 мың тонна көлеміндегі өндірісі жоспарлы аралықтан (60-65 мың тонна) төмен. Себебі, Шығыс өңірдегі Артемьев шахтасында кендегі металдың мөлшері жоғары учаскелерге жету тежелді, сонымен қатар төмендеуге аталмыш өңірдегі Орлов шахтасында кеннің құрамындағы мырыштың мөлшері күтілгеннен төмен болуы да әсер етті.
Бозшакөл
Бозшаколь отгрузка концентрата |
Бозшаколь сульфидная ОФ |
Үшінші тоқсанда есептік қуатының 93%-на жеткен сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасы төртінші тоқсанда өзінің өткізу мүмкіндігін 13 күнге уақытша 80%-ға дейін азайтты. Бұған диірмендердің қаптамасын ауыстыру және жөндеу жұмыстарының басқа түрлері себеп болды. Желтоқсан айында фабриканың өткізу мүмкіндігі қайтадан 91%-ға жетті.
Төртінші тоқсанда Бозшакөлде сульфидті фабрикадағы жөндеу жұмыстарының салдарынан үшінші тоқсанмен салыстырғанда өндіріс 16% төмендеп, 22,5 мың тонна мысты құрады. Алтын өндіру – 27,9 мың унция. Бұл үшінші тоқсандағы өндіріспен шамалас (28,2 мың унция).
2017 жылдың 12 айында Бозшакөлдегі кен өндіру 2016 жылмен салыстырғанда 22% артып, 34,6 млн тоннаға жетті. Өңдеу көлемі сульфиді кенді және каолин балшығы бар кенді өңдейтін екі фабриканың өндіріс қарқынын арттыру барысында 122%-ға, яғни 11,1 млн тоннадан 24,6 млн тонна кенге дейін артты. Жоспарланғандай өңделген кеннің құрамындағы мыстың орташа мөлшері 2016 жылғы 0,56%-дан 2017 жылдағы 0,53%-ға дейін төмендеді.
2017 жылы Бозшакөлдегі мыс өндірісі – 101,3 мың тонна (2016: 48 мың). Бұл 100-110 мың тонна көлеміндегі жоспарлы аралық деңгейіне сай.
Өндірілген алтынның көлемі – 119 мың унция (2016: 64,2 мың). Бұл жоспарлы 110-120 мың унцияның жоғарғы шегі.
Кен өндірудегі реттілікті өзгерту төртінші тоқсанда өндірілген сульфидті кендегі мыстың орташа мөлшерінің 0,49%-ға дейін төмендеуіне және 2018 қаржылық жылға кендегі орташа мыстың мөлшерін 0,44% деңгейінде жоспарлауға алып келді. 2018 жылы Бозшакөлдегі мыстың өндірісі 100 мың тоннаны құрайды деп жоспарланған. 2018 жылдың өндірістік жоспарлары туралы ақпарат 22 ақпанда жарық көретін жылдық қаржылық есепте жарияланады.
Ақтоғай
2017 жылдың ақпан айында алғашқы концентратты өндірген сульфидті кенді өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасы қазан айынан бастап өндірістің жобалық деңгейіне жетті деп жарияланды. Төртінші тоқсанда фабриканың өткізу мүмкіндігі 68% жетті. Үшінші тоқсанда бұл көрсеткіш 66% еді. Жоспарланғандай өңделген кеннің құрамындағы мыстың мөлшері тоқсандарға шаққанда 0,65%-дан 0,58%-ға дейін төмендеді. Сәйкесінше, сульфидті кеннен мысты өндіру де 23,2 мың тоннадан 19,3 мың тоннаға дейін азайды.
Актогай caterpillar | Актогай катодная медь | Актогай конвейер |
Ауа температурасының маусымдық төмендеуі ашық алаңда сілтісіздендірілетін оксидті кеннен катодты мысты өндіруге әсерін тигізді – төртінші тоқсанда 6,7 мың тонна өндірілді. Бұл үшінші тоқсанмен салыстырғанда 16%-ға аз.
Жыл бойында кен өндіру 63%-ға артып, 26,2 млн тоннаны құрады (2016: 16,1 млн).
Жоспарланғандай Ақтоғай сульфидті фабрикасы 2018 жылы есептік қуатының 100%-на жету жолында жұмыс істеуде.
Жылдық өндіріс көлемі: сульфидті кеннен өндірілген мыс – 65,1 мың тонна, оксидті кеннен өндірілген катодты мыс – 25,1 мың тонна. Сөйтіп, 2017 жылы Ақтоғайда 90,2 мың тонна мыс өндірілді. Бұл бұған дейін жоспарланған 85-95 мың тонна аралығына сәйкес келеді.
Шығыс өңір мен Бозымшақ
2017 жылдың төртінші тоқсанында Шығыс өңір мен Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінде 977 мың кен өндірілді. Өңделген 1,09 млн тонна кеннің өндірілген кеннен артық болуына Николаев кен байыту фабрикасының жинақталған кен көлемін өңдеуі себеп болды. Жыл бойында Шығыстүстімет кәсіпорындары мен Бозымшақта 3,9 млн тонна кен өндірілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 16%-ға аз (4,7 млн тонна). Бұған негізінен 2016 жылдың соңында Юбилейно-Снегирихин шахтасының жабылуы себеп болды.
Өңделген кеннің құрамындағы мыстың ортажылдық мөлшері бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,96%-дан 1,89%-ға дейін төмендеді. Себеп – Орлов және Николаев кен байыту фабрикаларындағы кен құрамындағы мөлшердің төмендеуі.
Мыс өндірісінің көлемі – 67 мың тонна (2016: 77,4 мың тонна). Бұл 65 мың тонна көлеміндегі жоспарлы көрсеткіштен жоғары.
Жыл бойында Бозымшақ есептік қуатымен жұмыс істеп, 8 мың тонна мыс (2016: 8,2 мың тонна) өндірді.
KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам былай деп мәлімдеді: «2017 жылы біз өзіміздік барлық активтерімізде мыс өндірісінің жоспарлы көрсетіштеріне жеттік. Оның ішінде ақпан айында алғашқы өнімді шығарып, ал қазан айында жобалық деңгейіне жетті деп жарияланған Ақтоғайдағы сульфидті кенді өңдейтін кен байыту фабрикасы да бар. Жақында іске қосылған Бозшакөл мен Ақтоғай кеніштерінің жұмысы жылдық мыс өндірісінің 80%-ға артауын қамтамасыз етті. 2017 жылдағы алтынның өндірісі – бұған дейін жоспарланған аралықтың жоғарғы деңгейінде».