Дүйсенбі, 17 Тамыз 2015

Жаңартпалы несие желісі жөніндегі келісімге қол қойылды

KAZ Minerals Тобы Caterpillar Inc. бөлімшесі - Caterpillar Financial Services (UK) Limited (“Cat Financial”) тарапынан сомасы $50 миллион жаңартпалы несие желісін беру  жөніндегі келісімге қол қойылғандығы туралы хабарлайды. Caterpillar Inc. – Топтың Бозшакөл және Ақтоғай өркендеу жобаларына арналған тау кен жабдықтарын негізгі жеткізуші болып табылады

Несиелік желінің қолжетімді мерзімі  - қол қойылған күннен бастап 3 жыл. Аталған мерзім аяқталған соң қарыз тоқсан сайынғы мөлшері тең төрт төлеммен өтелуі тиіс. АҚШ доллары бойынша LIBOR мөлшерлемесінен жоғары 4,25% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлеме несиелік желі бойынша нақты игерілген сомаға қолданылатын болады. Қаржылық ковенанттар банктер синдикаты ұсынған қолданыстағы экспорт алдындағы несие желісіне ұқсас.

 

«Cat Financial-дың жаңа несиелік желісі KAZ Minerals компаниясын жаңа кәсіпорындарымыз салынып жатқанда және олар толық қуатына шыққанға дейін қосымша өтімділікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Топтың қарыз алу портфелін кеңейтеді», - деп мәлімдеді KAZ Minerals Тобының қаржылық директоры Эндрю Саузам.  

 

---------------

КAZ Minerals – Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания - Қазақстандағы жетекші мыс өндірушілердің бірі. Компанияның қолданыстағы 5 кеніші мен 4 кен байыту фабрикаcы бар. 2014 жылы 84 мың тонна катодты мыс өндірілді.

 

Сондай-ақ, KAZ Minerals ілеспе өнім ретінде мырыш, күміс пен алтынның ауқымды көлемін өндіреді. 2014 жылы 121 мың тонна концентраттағы мырыш, 3,4 млн. унция күміс пен 35 мың унция алтын өндірілді.

 

Топ екі негізгі өркендеу жобасын – Бозшакөл мен Ақтоғай жобаларын жүзеге асыруда. Үшінші жоба – Көксай жобасының тұжырымдамасы дайындалуда. Аталмыш өркендеу жобалары осы саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырмақ.

 

KAZ Minerals PLC компаниясының құнды қағаздары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда. Топта шамамен 10 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі Қазақстан азаматтары.